4-тақырып. Образ және образдылық. Әдебиет туралы ғылым және образдылық мәселесі. Әдебиеттің объектісі өмір, предметі адам екендігі. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Адам тағдыры – өмірді танудың өзгеше тәсіл екендігі. Көркем шығарма негізгі – материал жинау. Қаламгер фантазиясының көркем бейне жасаудағы ролі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы қызметі. Образ-адам-көркем бейне. Образдың суретті сөз екендігі. Суретті сөздің пайда болу жолдары. Көркем шығармадағы деталь. Жинақтау типке апарар жол. Типтік образдардың қасиеті. Даралаудың мінез жасаудағы қызметі. Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі. Тура мінездеу мен жанама мінездеу. Образ жасау ерекшеліктері туралы қазіргі пайымдаулар. Тип және прототип. Қаламгердің портрет жасау жолындағы ізденістері. Портрет және мінездің өзара бірлігі туралы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [12], 32-38 беттер, [13], 62-67 беттер, [17], 58-63 беттер, [18], 44-51 беттер.
5-тақырып. Образдың түрлері. Образдың түрлерін көркемдік әдіс, әдеби тек (жанр) және жасалу тәсілі жағынан бөлудің ғылыми мәні. Романтикалық және реалистік образдар. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары. Лирикалық образ. Эпикалық образ, драмалық образ. Лирикалық образдың шарттылық қасиеті. Лирикалық бейне мен ақынның өз бейнесінің арақатынасы. Лирикадағы нәзіктік пен сыршылдық.
Эпикалы образдың толық жинақталған, жеке дараланған тип екендігі. Эпикалық образ сомдаудағы суреткер мүмкіншілігі. Бұл образдың нақтылығы мен заттылығы. Лирикалық образдан айырмашылығы. Драмалық образдың көзбе-көз, қолма-қол жасалатын бейне екендігі. Драмалық образ жасаудағы қимылдың, іс-әрекеттің, тартыстың ролі. Образдың жасалу тәсілдері тұрғысынан жіктелуі. Юморлық образ, сатиралық образ, трагедиялық образ, қаһармандық образ, фантастикалық образ т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер: [10], 22-24 беттер, [11], 92-97 беттер.
6-тақырып. Тақырып пен идея. Мазмұн мен пішін. Өнер туындысының тақырыбы туралы пайымдаулар. Көркем шығарма
Тақырыбы туралы түсініктер. Тақырып табу және шығармашылық процесс. Тақырып пен идеяның тығыз байланыс. Шығарма тақырыбы және онда көрніс табатын шындық өмірдің мәні мен мазмұны. Кең тынысты эпикалық шығармалардағы бірнеше тақырыптың болу ерекшеліктері. Шағын көлемді шығармалардағы тақырып. Лирикалық туындылардың тақырыбы туралы қазіргі көзқарастар. Ой өзегі – тақырып пен идеяны жалғастырушы буын. Идея болмысы. Көркем шығарманың өзара бірлігі. Идеяның заманалылығы мен маңыздылығы. Идеяның күрделілігі. Негізгі идея. Оның алғышарттары пен принциптері. Авторлық идея және шығармашылық фантазия. Объективті идея. Оның шығу тенденциялары. «Мәңгілік» тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми ой-пікірлер. Суреткердің өзі таныған шынайы өмір құбылысына идеялық баға беруінің әр алуан сипаттары. Қаламгер идеясының объективтілік ерекшеліктері мен субъективтілік қасиеті.
Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен арақатынасы. Мазмұнның пішінге қарағанда басымдылығы. Мазмұнның көркем әдебиетте тақырып пен идеяға негізділігі, пішіннің образдар жүйесіне қатыстылығы. Әсемдіктің өмір мен өнердегі қызметі. Эстетика туралы түсінік. Негізгі эстетикалық категориялар. Эстетикалық сезім мен эстетикалық талғам. Сөз өнеріндегі мазмұн мен пішіннің ажырамас бірлігі мен бір-біріне көшу ерекшелігі. Көркем пішіннің ақиқаттылығы мен бейнелілігі. Сөздің пішіннің алғашқы элементі екендігі. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы және пішіннің өзгермелі қасиеті. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар.
Ұсынылатын әдебиеттер: [11], 16-18 беттер, [15], 66-74 беттер, [19], 158-162 беттер.