Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы


-тақырып. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар



бет2/7
Дата19.09.2023
өлшемі161,5 Kb.
#108480
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
2-тақырып. Сөз өнері жайлы ғылымның туу, қалыптасу тарихы. Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
Сөз өнері жайлы алғашқы топшылаулар. Адамзат тарихындағы алғашқы ауызша-жазбаша деректер, олардағы әдеби-эстетикалық балаң пайымдаулар. Мысыр, Үнді, Қытай т.б. халықтардың ежелгі жазбаларында сақталған алғашқы әдеби мұралар туралы мағлұматтар. Көне Грециядағы әдеби-эстетикалық түсініктер. Эллада эстетикасы. Пифогордың әсемдік негізін сандық жүйесімен түсіндіруге ұмтылуы. Гераклиттің әсемдік негізін санамен байланыстыруы. Сократтың әрбір зат қажетке жарамдылығына қарай әсем болады деген түсінігі. Платонның идеалистік тұжырымдары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегі. Оның көркем әдебиетті зерттеудегі маңызы мен мәні. Оның өнердің мақсаты – ақиқатты тану деген даналық қағидасының маңызы. Орта ғасырдағы діни түсініктер және ғылым. Ояну дәуірінің адамзат қоғамының дамуындағы ролі. Ғылымның, өнердің дамуы, озық ой-пікірлердің мистикалық, схолостикалық тұжырымдармен күресі. Р.Декарттың рационалистік көзқарасы. Оның әдеби-эстетикалық ойдың дамуындағы ролі. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» атты еңбегі. Ондағы өнердің ақиқат болмысы туралы пайымдаулар. Д.Дидро және оның өнер туындысының мақсаты мен мұраты туралы пікірлер. Л.Лессингтің шығармашлықтың мәні реализмде деп түсінуі. И.Гердердің әдебиеттану ғылымын қалыптастырудағы, оның әлем халықтары әдебиеттерін зерделей отырып, әдеби дамудың жаңаша, жалпыға ортақ заңдылықтарын ашуға ұмтылуы. И.Кант және оның көркем шығарма мен суреткер туралы өзіндік тұжырымдары. Ф.Гегельдің «абсолюттік идея», «абсолютті рух» туралы философиялық, эстетикалық тұжыырмдары. Оның «Эстетика» атты еңбегінің адамзат мәдениеті тарихындағы мәні мен маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 112-118 беттер, [4], 69-75 беттер.
3-тақырып. Ресейдегі әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Қазақстандағы әдеби-эстетикалық пайымдаулардың туу, қалыпасу кезеңдері.
Батыс мәдениетінің орыстың философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына жасаған әсер-ықпалы. Орыс ойшылдарының өнерді материалистік тұрғыдан түсінуінің басты себептері. XIX ғасыр Ресейдегі сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерінің теориялық негіздері. Өнер мақсаты қоғамға қызмет ету деп түсіну. Батыс Еуропа ғалымдарының ой-пікірлерін дамытудағы әдеби-эстетикалық пайымдаулары. В.Г.Белинскийдің сөз өнері жайлы толғамдары. А.С.Пушкиннің шығармашылық мұрасы туралы зерттеулері. Орыс әдеби-эстетикалық, әлеуметтік сипаты. А.И.Герценнің әдеби-эстетикалық ой-тұжырымдары. Оның көркем шығарманың халықтығы мен ұлттығы туралы ойлары. Н.Г.Чернышевскийдің философиялық, эстетикалық көзқарастары және оның қоғамдық санаға әсері. Оның «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» еңбегіндегі көркем әдебиеттің мақсаты мен міндетін, адамзат өміріндегі маңызын анықтауы. Оның әдебиеттің қоғамдық мәнін ғылыми негізде түсіндіруі. Л.Н.Толстойдың көркем шығармашылық процесс туралы пайымдаулары. Оның шығармашылық табиғатын терең тануының себептері. мен алғышарттары. Өнердегі мазмұн мен пішін жайлы тұжырымдары. Оның әлемдік әдебиетке жасаған әсер-ықпалы. Орта ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеууметтік жағдай жжәне ғылым мен білімнің даму ерекшеліктері. Ислам діні және философиялық, эстетикалық ілімнің өркендеу сипаты. Әбу Наср әл-Фарабидің әдеби-эстетикалық тұжырымдары. Ұлы ойшылдың шығармашылық тұлғаға қатысты пікірлері. «Поэзия өнерінің конондары» трактатының маңызы мен мәні. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұидің «Құтадғу білік», А.Яссауидің «Хикмет» атты еңбектеріндегі эстетикалық пайымдаулар және олардың әлемдік ғылымдағы ролі. Қазақстанның Ресей арқылы Батыс Еуропалық ой-пікірлермен танысуы. Абайдың әсемдік туралы толғамдары. Оның шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына қатысты ой-пікірлер. Сыншыл реализмді қалыптастырудағы ролі, мазмұн мен пішін үйлесімін жасаудағы ерекшелігі. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануы туралы зерттеулері. Еңбектерінің маңызы мен мәні. Қазақ поэзиясын классификациялауы. Ы.Алтынсариннің шығармашылық мұрасы. Оның қазақ прозасын қалыптастырудағы еңбегі. Көркем шығарманың тәрбиелік, эстетикалық мәніне қатысты ой-тұжырымдары. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. «Әдебиеттанытқыш» және ондағы кәсіби ғылыми тұжырымдар. Әдебиеттану терминдерінің қалыптасуы. XX ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық көзқарастар.
Ұсынылатын әдебиеттер: [4], 58-63 беттер, [6], 86-91 беттер, [7], 110-112 беттер, [10], 46-49 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет