Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет133/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Ал, әдеби байланыс мәселелері 1950-1980 жылдарда белгілі бір үдерістер 
арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, елдер арасында: қаламгерлер мен 
ғалымдардың өзара пікір алысуларының нәтижесінде аударылған шығармаларға 
қатысты талқылаулар, конференциялар, жазушылардың достық кездесулері 
ұйымдастырылып, тәржімашы ақын-жазушылардың мерейтойлары атап өтіліп, 
әдеби-мәдени онкүндіктер өткізілді. Әр елдің тіл ерекшеліктеріне қарай жер-
жерлерде аймақтық конференциялар ұйымдастырылды. Конференциялардың 
барлығы дерлігі көркем аударманы дамыту мәселелеріне байланысты бол-
ды. Мәселен, 1961 жылы желтоқсан айында Фрунзе қаласында түркі тілдес 
халықтардың шығармаларын аудару мәселелері жөнінде конференция өткізіліп, 
1962 жылы Қазан қаласында жалғасын тапты. Онда түркі тілдес халықтардың 
өкілдері бас қосып, сол халықтардың тілдерінен орыс тіліне және орыс әдебиетін 
сол халықтардың тілдеріне аудару мәселелерін сөз етті. Бұдан бұрын 1955 
жылы Қырғызстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен еліміздің ақын-
жазушылары Фрунзе қаласында болып, екі ел әдебиеті жайында өзара ойларын 
ортаға салды.
Тілдері түбірлес туысқан республикалардың әдебиетін өзбек тіліне ауда-
ру тәжірбиесі жөнінде Ташкент қаласында Мәскеуден арнайы мамандардың 
қатысуымен, үлкен кеңес болып өткен. Онда негізінен қазақ әдебиетін өзбек тіліне 
аудару мәселелері сөз болады. 1966 жылы Мәскеуде өткен дүниежүзілік симпози-
умда: көркем аударма теориясы мен тәжірбиесінің өзекті мәселелері; поэзиялық 
шығармалардың аударылуы; түпнұсқа мәтініндегі ұлттық ерекшеліктерді беру 
тәсілдері, т.б. мәселелер кеңінен талқыланып, дүниежүзі бойынша 200-ден астам 
ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Біздің елден конференцияға, көркем 
аударма теориясын зерттеушілер С.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиев қатынасып, 
көркем шығармаларды аударудың сыры мен сынына ерекше тоқталып өтті. 
«Басы Абайдан бастап қазақ әдебиетінің азды-көпті елеулі шығармаларынан 
өзбек тіліне аударылмағаны жоқ деуге болады. Солардың бәрі қазақ тілінен 
өзбекшеге тікелей аударылды. Ташкенттіктер өздерінің көркем аудар-
ма мәселесіне арналған кеңесінде тілдері түбірлес халықтардың әдебиетін 
тек қана түпнұсқаларынан тікелей аударудың тиімді екенін дәлелдеп отыр. 
Өйткені, бұл тілдердің бір-біріне ұқсастық жақтары көп. Біріншіден, екі тілдің 
де синтаксистік құрылыстары негізінен бір-біріне сай келіп отырады, жеке 
атаулардың да ұқсастығы көп, мақал-мәтелдердің де көбі екі елге ортақ және 
басқа да толып жатқан үйлесімді жақындықтары бар. Осылардың бәрі екі елдің 
әдебиетіне тікелей түпнұсқадан аударғанда ол шығармалардың көркемдік са-
пасы толық сақталуға мүмкіндік береді» [2, 6 б.], – деп, Ә. Сатыбалдиев өзбек 
тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен өзбек тіліне аударудың соншалықты қиын емес 
екендігіне назар аудартады. Аудармашының бұл пікірі әлі де өз маңызын жойған 
жоқ. Туысқан халықтардың шоқтығы биік туындыларын тікелей түпнұсқадан 
аударатын арнайы кәсіби аудармашыларды дайындап, сондай-ақ аударылған 
шығармаларды талқылап, аударма теориясы тұрғысынан зерттеулер жүргізуді 
арнайы жолға қойылуы тиіс.
142




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет