Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі



Pdf көрінісі
бет105/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі...
тіл бірліктерінің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөз-бейнелер 
т.б.) жиынтығы түзеді десек, оның концептуалдық-семантикалық жүйесі 
этномәдени ақпараттық құрылымдағы құндылықтық сипатқа байланысты іштей 
микроконцептілерге жіктелері сөзсіз. Демек, тілдегі сандардың барлығы не-
месе кез келгені емес, мазмұндық-мағыналық өрісі ұлттың ділдік және діни 
тұғырына, этникалық төлтума болмысына қатысты ауқымды ұғым-түсініктерді 
қамтитын сандар ғана концепті ретінде зерттеу нысанына іліне алады. Олай бол-
са, мағыналық астарында көне салттар мен ескі наным-сенімдерге, жөн-жосын, 
ырым-рәсімдерге, заңнамалық көне дәстүрлерге, тұрмыстық мәдениеттің ер-
теден жалғасып келе жатқан элементтеріне т.б. қатысты ақпараттар жататын 
бір, үш, жеті, тоғыз, он үш, жиырма бес, қырық, қырық тоғыз, елу, алпыс үш, 
ондық, жүздік, мыңдық, түмен сияқты сан атаулары мен егіз, қос, жалғыз, көп 
сияқты сандық ұғымды беретін сөздер дербес микроконцептілік құрылымдарды 
құрайды. Тілдік дүние бейнесінің паремиологиялық фрагментінде бұлардың 
өзінің барлығы бірдей емес, тек дүниенің тілдік бейнесін концептуальдық дүние 
бейнесімен жалғастыра алатындары ғана концептілік деңгейге көтеріле алаты-
ны байқалады. Солардың бірі – сан есім мағынасын білдіретін «жалғыз» сөзінің 
негізінде жасалатын 
«адам және ақиқат шындыққа»
қатысты ақпараттар легін 
жинақтаушы, «Жалғыздық» концептісі. 
Жалпы адами түсінікте үрей, қорқыныштың жалғыздықпен қатар жүретіні 
белгілі. Ал қазақ халқының менталды ұғымындағы жалғыздық тек жеке эмо-
циямен өлшенбейді, жаратылыстың заңдылығымен, әлеуметтік, қоғамдық 
түсінікпен өлшенеді. Қазақтар үшін «көптік» ұғымы, яғни өсіп-өну, ұрпақ жаю, 
мұрагерлік өмірдің негізгі мәні. Жалпы адамзат баласы жалғыздықтан қорқады, 
жалғыздықтан жапа шегеді. 
¤ Жалғыздық құдайға ғана жарасады, ¤ Жалғызға 
жұмақта жараспайды, ¤ Жалғыздың жары құдай, ¤ Жалғыздың үні шықпас, 
жаяудың шаңы шықпас, ¤ Жалғыздың ісі бітпес, ¤ Жалғыз кісі жауынгер емес, 
¤ Жалғыз иттің үргені білінбес, жалғыз кісінің жүргені білінбес, ¤ Жарлы деп 
сөкпе, пайғамбарға тілің тиеді, жалғыз деп сөкпе құдайға тілің тиеді
деп 
жалғыздықтың адамға әсері оң дәреже әкелмейтіндігін айтады. 
«Жалғыз» және «көп» ұғымдары қазақ халқының концептуалдық танымында 
дүниедегі заттар мен құбылыстардың жақсылы-жаманды, жағымды-жағымсыз 
қасиет-белгілерін бағамдайтын бағалауыштық және өлшемдік мәнге ие болып 
келеді. Мәселен, 
¤ Жалғыз бала – жарты бақыт, көп бала-алтын уақыт. ¤ Көп 
бидайдың ішінде жалғыз арпа. ¤ Ер - жалғыз, ел-көп. 
Жалғыздықтың жағымсыз сипаты «көп» және «аз» ұғымдарын сипат-
тайтын салыстырмалы мәтіндік жұпта тереңдей түседі. «Жалғыздық» 
концептісінің концептуальдық өрісіне «жалғыздықтың» жақсы, жағымды 
мәндегі бағалауыштық пайымдар да енеді. Мысалы
 ¤ «Баймын» деп мақтанба, 
жарлылық бар, «Көппін» деп мақтанба, жалғыздық бар
деген мақал-мәтелде 
адам баласын тәубашылыққа салып, өркөкірек, дарақылықтан аулақ болуға, 
шектен тыс байлықтың адамды қадір-қасиетінен жұрдай қылып, ақыр соңы 
жалғыздыққа әкелетінін көрсете отырып, «жалғыздық» концептісін байлық 
113




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет