Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі



Pdf көрінісі
бет107/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Қасымова С.К. Сан компонентті паремиялық дүние бейнесіндегі...
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас
т.б мақал-мәтелдер адамдар 
қауымдастығының өміршеңдігі үшін аса қажет «бірлік», «ынтымақтастық», 
«татулық» сияқты концептуальді ұғымдар төңірегіндегі логика-пәлсафалық 
ойды таңбалайтын лингводидактикалық мазмұнды құраушы тілдік модельдер. 
Сонымен қатар олар – дүниенің паремиологиялық бейнесінде бекіген топта-
сып тіршілік етуге қатысты нақты жағдаяттың суретті сипаттамасы. Ол суретті 
сипаттама тіл иесінің қандық-туыстыққа негізделген тек жайындағы түсінігін, 
қауым арасындағы жеке тұлғаның орнын ¤
 Егіз аттан жығылса, басын сүйер 
ағасы, жалғыз аттан жығылса, неге келер шамасы? ¤ Жалғыз бала атқа шапса, 
шешесі бұтын, әкесі тақын қысады, ¤ Түйем жалғыз деп тұзға үйретпе, ұлым 
жалғыз деп асқа үйретпе 
деп тура немесе жанама түрде астарлап жеткізеді. 
Бірақ, жалғыздық жаман болғанмен, жалғыз барлық уақытта жаман 
емес. Сонымен қатар көптен, жалпыдан ерекше, дара тұлға ретінде жекелік 
ұғымды білдіретін когнитивтік бірлік ретінде танылады. Жалғыз және жеке 
сөздері лексика-семантикалық бірлік ретінде бір деңгейдегі мағыналас сөздер 
болғанымен белгілі бір ұлттың тілдік-мәдени контексіндегі менталды бірлік – 
концепт ретінде кейде бір-бірімен сәйкесе бермейді. «Жалғыздық-жаман, бірақ 
жекелікке қол жеткізсе, ол – жақсы. Жекелік, бір жағынан жалғыздың шыңдалуы, 
көппен тайталас үстінде қалыптасуы» деген концептуальдық идея астарлап жа-
тады. 
¤ 
Жалғыз аттың пайдасы көп, жалғыз ердің айласы көп. ¤ Жалғыз шапқан ат 
жүйрік, ¤ Жалғыз атты жарыстан қалмас, ¤ Көп қарттың ішінде жалғыз бала 
дана болар
тәрізді мақал-мәтелдерді паремиологиялық деңгейдегі«Жалғыздық» 
концептісін жасауға қатысатын тілдік модельдер деп тануға болады. 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Большой англо-русский словарь (Под ред. И.Р. Гальперина). Т 1. – Москва 
1987. – 818 с.
2. Словарь иностранных языков 15-е изд. – Москва, 1989. – 450 с. 
3. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З. Краткий словарь когнитивных терминов. – 
Москва, 1996. – 71 с.
4. Латинско-русский словарь. – Москва, 1976. – 222 с.
5. Советский энциклопедический словарь. – Москва, 1983. – 624 с.
6. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. Эмоция, символ, 
тілдік сана. – Алматы, 1998. – 140 б.
7. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005. – 439 б.
8. Учайкина Е.Н. Концептосфера «богатство» в англосаксонской картине мира: 
Концептуализация и категоризация. АКД. – Москва, 2005. – С. 11.
9. Лихачев Д.С. Концептосфера руского языка // Известия А.Н. Серия литерату-
ры и языка, том 52. № 1, 1993. – 79 с.
115




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет