Егемкулов нурлыбай аликулович «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы»



бет90/104
Дата15.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#138186
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104
Байланысты:
Егемкулов нурлыбай аликулович-www.emirsaba.org

Сырт қабықты толтыру (шприцеванш). Шұжықтың қалпы цилиндр, фатон, ия болмаса дөңгелек түрлі болады. Мұндай қалыпты болу себебі, ұсақталған етпен толтыру процесі арнайы машиналармен (шприцтермен) жүргізіледі.
Поршенді жүмысқа қосу әдісіне қарай, үш түрлі шприцтеу машинасы болады: гидравликалық, пневматикалық және механикалык-Ең көп тарағаны, гидравликалық түрі, өйткені оны шұжықтың барлык түрін шприцтеуге қолданады. Шприцтер бір, екі және көп ценкалы болады. Цевка дегежмһ-қабық кигізілетін және ол арқылы қабықты шприцтеп, қысымның әсерінен келген ұсақталған етпен толтыратын қүбыр. Цевка қалпы, цилиндр сияқты, оның шприцпен қосылған жері жуандау болып келеді. Цевканың диаметрі 16 мм-ден 60 мм-ге дейін болады. Шприцтеу үшін цевканы, қолданылатын қабықтың түріне және диаметріне байланысты таңдайды. Қабық көлемді болса, жіңішке цевка қолдануға болмайды, өйткені шприцтеу процесі баяу жүреді, керісінше болса қабықты ценкаға кигізу қиындайды. Ұсақталған етті шприцке әртүрлі жолмен береді. Көп қабатты өндірістерде ұсақталған ет пщрицке сырғатылып, ия болмаса ожаумен бункер арқылы жеткізіледі. Аумағы кішкентай өндірістерде ұсақталған етті қолмен толтырады.
Цилиндрді толтырғанда, ұсақталған ет қабаттарында бос орын қалмауын және оны толық толтыруды қадағалау жөн. Ұсақталған еттің шприцтеу тығыздығын, дайывдалатын шұжықтың түріне, еттің ылғалдығына және соңынан қолданылатын қызумен өңдеу әдісіне байланысты реттейді.
Жартылай ысталған және ысталған шұжықтың етіне қарағанда, пісірілген шұжықтың ұсақталған етін тым тығыздамай шприцтейді, өйткені соңғысының құрамында ылғал көптеу. Жартылай ысталған шұжықтың ұсақталған еті тығыздау болатын себептен, оны тығыздаңқырап шприцтейді, ал ысталған шұжықтың етін тығыздап шприцтейді. Ұсақталған еттің тығыздығын, шприцтің цилиндірінен берілетін қысыммен анықтайды. Гидравликалық шприцті қолданғанда ысталған шұжықтың ұсақталған етін 13 атм. қысыммен, жартылай ысталған-12 атм, пісірілген шұжық болса -8-10 атм, сосиска өнімін 6-8 атмосферада тығыздайды. Пневматикалық түрлі шприцте ұсақталған етті шприцтеу төмен қысымда жүргізіледі (4-8 атм).
Шужық өнімдерін байлау. Қабықты ұсақталған етпен толтырғаннан кейін, ұсақталған ет тығыздалу және ілгіш пайда болу мақсатпен (соңынан өнімді ілуге), кендір жіппен байлайды. Диаметрі үлкен қабыққа толтырылған, піскен шұжықтың тығыздығын жоғарлату үшін және ысталған шұжықтарды 3-5 см алшақтықпен көлденіңінен байлайды. Әртүрлі шұжықтардың сортын сырт пішінен айыру үшін әртүрлі схемамен байлайды, ия болмаса таңбалаған қабықты пайдаланады. Оның бойына әдейі жасалған сырмен шұжықтардың атын жазады (любитель, столичный, белорусь, краснодар шұжықтары).
Шопқа және ірі қара мал соқыр ішектеріне толтырылған -Сосикаларды, сарделкаларды және кейбір пісірілген шүжықтар сортын көлденең байлау арқылы батон қалпын береді. АҚШ-тың өндірісінде сосискаларды көлденеңдеп байлау үшін арнайы машиналар (линкер) қолданылады. Сырт қабықты сақталған үсақталған етпен шприцтеп толтырады да, линкерге жібереді, ол мөлшері бірдей, батон қалыпты қылып бөледі. Қазіргі кезде линкер машинасы біздің өндірістерде де пайдаланылады.
Шприцтелген және байланған шұжық батондарын, бірнеше жерден штриковкамен (4-5 жіңішке инесі бар) теседі, мүндағы мақсат, ұсақталған етті волчокпен, куттермен және айналдырғышпен өңдеу барысында пайда болған ауаны шығару. Шұжықтар бойында ауа қалса, ол деффект болып есептелінеді: ұсақталған ет түссізденіп, шел майыньің ашуына, дайын өнімнің сақталуына, өнімнің тауарлық түсіңе кері әсерін тигізеді.
Шұжықтарды байлау және штриктеу мәрмәр үнтағынан, тот баспайтын темірден, ия болмаса қалайыдан жасалған үстелде жүргізіледі.
Шұжық өнімдерін ілу. Ілу үшін диаметрі 25-30 мм.ағаш істіктері қолданылады. Ағаш істіктерінің ұзындығы рамның, ия болмаса рам арбасының (соңынан өңдеу жүмыстары жүргізілетін) ұзындығына сәйкес болуы керек. Бір істікке ілінетін батондардың саны, олардьщ диаметріне, салмағына және қалпына байланысты, дегенмен олардың саны 4-12 данадай. Батондар біріне-бірі тимеуі керек, өйткені шыжғыру камерасындағы жылы ауа және түтін газдары шүжықтың бойына түгелдей тиетін жағдай жасалынады. Олай болмаса, шұжықтың тиген жерлерінде ылғал, шыжғырылмаған учаскелер пайда болып, өнімнің тауарлық түсін және сақталуын төмендётеді.
Сосискаларды жіңішке істіктерге іледі, өйткені олардың ағашпен қилысқан жерінде де жоғарғы аталған кемшіліктер болуы мүмкін. Шприцтеу үстеліне тігінен жайғасқан ағаш істіктерді әдейі жасалған арбамен жеткізеді.
Шұжықтар ілінген ағаш істіктерді рамның, ия болмаса әдейі жасалған рамды арбаның үстіне жайғастырады. Рамның үстінде шұжықтың бір ғана сорты болуын қадағалау керек. Шұжықтың түріне байланысты бір рамға 100 ден 200 кг-ға дейін іледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет