Егемкулов нурлыбай аликулович «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы»


Сойыс малынан алынған қанды өңдеу



бет98/104
Дата15.12.2023
өлшемі1,16 Mb.
#138186
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104
Байланысты:
Егемкулов нурлыбай аликулович-www.emirsaba.org

Сойыс малынан алынған қанды өңдеу.
Қанды тамақ жасауға алу үшін әдейі жасалынған қуыс пышақ дайынданылады. Бауыздалғаннан соң, ірі қара малдан 40-45 секунд шамасында, барлық қанның 70-75 %, шошқадан 60 % ағып шығады. Ұсак қара малдан тамақ дайындауға қан алынбайды. Малдың денесінде калған қанды бөлек ағызып, техникалық және азықтық қан ұнын дайындауға пайдаланады. Негізінен малды түгелдей қансырату процесі 6-8 минуттай. Бұл уақыт арасында ірі жөне ұсақ қара малдан тірілей салмағына шаққанда 8 %, шошқадан - 4,6 %, жылқыдан-9,8% қан бөлінеді. Дегенмен, әртүрлі малдан алынатын
қанның нормасы болады: ірі қара малдан-4,2%, ұсақ қара малдан -3,2%, шошқадан -3,5% , оның ішінде тамақтық қан қара малдан жобамен -3,2 %, шошқадан-3,0%. Жалпы алғанда қанның бөліну мөлшеріне малды есеңгірету, қансырату әдістері, әр малға тән қасиеттері әсерін тигізеді.
Қанның құрамына плазма және формендік элементтер кіреді эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер . Бұл заттардың ара қатынасы әртүрлі малда әртүрлі болады. Ірі қара малдың қанында 63 % плазма, 37 % формендік элементтер, ұсақ қара мал қанында 72 % және 28 % болса, шошқа қанында 56,4% және 43,6% болады. Судың шамасы-79-82 %, белоктар 16,4-18,9%, белоксыз органикалық заттар -0,7-1,2 %, минералдық заттар -0,8-0,9 %. Құрғақ заттың негізгі бөлігі-белоктар альбумин, глобулин,фиброген /. Бұл белоктар толық құнды белоктар болып есептелінеді. Альбимун жақсы қорытылады, суда ериді. Қаннын глобулин фракциясы пепсинмен қосыла нашар қорытылады. Фибриноген суда жақсы ериді. Қанның құамында ферменттердің әсерінен қалыптасқан жағдайда ол ерімейтін белокқа фибринге айналады. Құрамында фибриноген (фибрин) жоқ қанның плазмасын. Қанның сарысуы деп атайды.
Қанның формендік элементтерінің негізін эритроциттер құрайды 1 мм қанда 6-10 млн. дана). Олардың қызыл түсін, құамындағы гагменттің (белок-гемоглобин) бары анықтайды. Эритроциттер 60 % мДан тұрады, қалғаны құғақ заттар, оның 90 % гемоглобиннен тұрады.
Плазма мен эритроциттің арасында осмотикалық тепе – теңдік зылғанда, ия болмаса механикалық және химиялық заттардың, сырт қабаты ыдырайды, оның салдарынан гемоглобин азмаға еніп оны қызыл түске бояйды-гемолиз процесі жүреді. Мөлдір не боялмаған сарысу алу үшін, қанда гемолиз процесін жүргізбеу • Ол үшін қан сумен араласпауы керек, өйткені су осмостық нциццен эритроцитке еніп, оның көлемін үлкейтеді, сыртқы қабығы, пигмент-гемоглобин плазмаға өтеді. Сол сияқты қанды қатыруға
(аяздауға), ия болмаса химиялық препараттармен консервілеу болмайды. Гемолиздік жағдайды болдырмау үшін,қанды құбыр бойымен тасымалдайды, айырғыш (сепарирование) процестерін жүргізеді. Бұл үргізілетін процестердің мақсаты қанныңритроцитін түгелдей сақтау. 1 Дегенмен гемолиз болған жағдайда, гемолизденген плазманы (сары суды) сірке қышқылымен аздап қышқылдатады, сосын сутегі перекисімен өңдейді. Ортаның қышқыл болғанда және сутегі і перекисімен өңдеудің алдында плазманы аздап, температурасы 50-55°С 1 дейін жылытады. Мұдағы мақсат, плазманың түсін ағартуды жеңілдету гемоглобин гематин және глобинге ыдырайды.

Лейкоциттер-қанның ақ шариктері 5-20 мкн 1 мм2 5 тен 10 мыңға дейін. Тромбоциттер - қанның табақшалары (пластинкалары) 2-4 мкн Імм3 қанда 200 ден 600 мыңға дейін. Тромбоциттің ыдырауы қанның үюына жол береді (тамырдан аққанда).


Қанның тығыздығы-1,055, плазманікі -1,030, эритроциттердікі 1 1,09, фибриндікі-1,08, сарысудікі-1,024. Эритроциттердің салмағы плазмадан жоғары, сол себептен плазмаға ұнады (оседает). Бұл асиеттерді плазмадан формендік элементтерді айыруға пайдаланады-1 бұтыру әдісімен центрифуга арқылы, ия болмаса айырылғыш қолдану жолымен.
Қанның тұқырлығы, қоюлығы (вязкость) оның қүрамындағы эритроциттердің санына байланысты, олардың ұқырлығы 80 реті қаннан және 5 рет судан жоғары. Қанның бұл қасиеттері, оның құрамындағы белоктардың, органикалық және минералдық заттардың барлығына байланысты.
Қанның юы (свертывание) қан аққаннан соң, көп уақыт өтпей ұйыйды, оның консистенциясы иленген қамырға ұқсайды. Бұл процесс фермент тромбокиназаның әсерімен жүреді, яғни ол тромбогеннің (протромбин) жұмысын пәрмендетеді, бұл процесте кальцийдің ионы да қатысады. Протромбиннен тромбин пайда болады, мұның қатынасуымен плазмадағы белок еритін фибриноген, ерімейтін фибринге айналады. Фибрин өте жіңішке келген және созылмалы жіптес, олар бірімен-бірі араласа жалғасып, қанның ұюының негізі болады. Ірі қара малдан қан ағып, ұйығанша 6,5-10 минут, ұсақ қара малдан-2,5 минут, шошқадан 3,5-5 минуттай уақыт өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет