Араның уы. Халық медицинасы қазынасында дәрі-дәрмектік заттар аз емес. Солардың ішіндегі ерекше ғажайыбы араның уы - апиток-син (апсин - латынның ара, токсикон - гректің у деген сөзінен алынған). Халық медицинасы емдік зат ретінде тек араның балын, балауызын пайдаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар араның уын да жиі қолданып келді. Көптеген дәрігерлер араның уын шипалы деп санайды. Өйткені ол уақыт сынынан табыспен өтті.
Араның уы - улы безден белінетін түссіз ерітінді. Бір араньщ у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 кг у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, бірақ ащы келеді. Құрғақ жоғары температурада (100 градуска дейін) қыздырғанда, оның уландырғыш қасиеттері өзгермейді. Ара ұнының бұл маңызды қасиеті оның қүрамында биологиялық активті айрықшы белоктың болуына байланысты.
Фармацевтика өндірісінде ара уынан венапиолин, токсапин, апизартрон және верапин сияқты препараттар шығарылады. Бұл дәрі-дәрмектер көптеген ауруларға ем. Олар негізінен ревматизмді, құяңды, нерв жүйесін, демікпені, бронхит, бас сақинасын (мигрень), қан тасуды және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Ара уы - науқас адамға әр түрлі жолмен қолданылады: кейде араны денегеқовдырып, шақтырады, кейде ара уынан жасалған дөрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінді түрінде егіледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңнан аса ара семьясы бар. Оның жүз мыңға жуыған ара өсіруші әуесқойлар мен тәжірибелі омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы өсіресе Шығыс Қазақстанда жақсы дамыған. Мұвда ара өсіретін арнаулы төрт шаруашылық бар. Республи-ка бойынша өр ұядан орта есеппен жыл сайын 40-50 килограмнан бал жиналады. Сондай-ақ Алматы, Талдықорған жөне басқа областардың шаруапіылықтары мен және әуесқойлары да араны көптеп өсіруде.
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. Большаков А.С. и др. Технология мяса и мясопродуктов. "Пищевая промышленность", 1976.