Егемкулов нурлыбай аликулович


Дәріс №16. Тақырыбы



бет47/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102
Дәріс №16.


Тақырыбы:



  1. Сойыс малдарын сатып алу тәртібі.

  2. Шаруашылықта мал соятын орынды ұйымдастыру


Сойыс салмағы - қансыратылған, суытылған ұша-бассыз, құйрықсыз, аяқ-қолсыз, терісіз және ішкі мүшелерсіз, бірақта ішкі майымен.
Сойыс шығымы - сойыс салмағының малдың сояр алдындағы тірі салмағына пайыздық ара қатынасы.
Шаруашылықтардан мал сатып алу жұмысын ет комбинаты және мал дайындайтын ұйымдар жүргізеді. Мал басы аз аудандарда, сатып алу жоспары бойынша жасалған келіссөзбен, тұтынушылар кооперациясының қабылдағыш бөлімі айналысады. Мемлекеттік сатып алу жүйесі малды, құсты және үй қоянын малдәрігерлік ұсынысты қатты сақтап қабылдауы тиіс.
Қырқылған қойды мына жағдайларды еске алып қабылдайды: биязы және жартылай қылшықты тұқымдарының жүні 1 см, қылшық жүнді Коидікі -2,5 см жоғары болып өскенде.
Буаз сиырды, қойды, шошқаны және биені қабылдау үшін, оларға міндетті түрде пайдалануға жарамайтын акті болуы керек. Мұндай құжат болмаса, мал кейін қайтарылады. Малды сатып алуға рұқсат, тек шаруашылық жқпалы аурудан таза ғана оолса беріледі және ол малдәрігерлік куәлікпен расталуы керек.
Малдәрігерлік куәліксіз, тауарлы-тасу және т.б. құжатсыз әкелінген мал қабылдауға жіберілмейді. Ауру және ауруға бейімделіп тұрған, кейбір жұқпалы аурулармен ауырған малды союға тек малдәрігерінің рұқсатымен ғана жібереді.
Етті және ет өнімдерін тағамдыққа пайдалануға тиісті еңдеуден кейін жіберіледі. Тиісті өңдеу «Сою малының етін және ет өнімін малдәрігерлік санитария экспертизі» қүжатында көрсетіледі.
Ауру малдарды мал дайындау орнына, бордақылау шаруашылығына және тұтынушылар кооперацнясының қабылдау орнына тапсыруға, ия болмаса алуға рұқсат берілмейді. Малдәрігер қызметкерлерінің рұқсатымен әкелінген мал (бір жері сынған, ауырған, нашар) тез арада союға кезексіз алынады.
Тағамдыққа жарамайтын ет және ет өнімдері мал азықтарын жасауға жіберіледі де, ол бас мал санын алу жоспарына кірмейді.
Ет малын және құсты мемлекеттік сату, әртүрлі мал дайындау орындарымен, негізгі келісім бойынша жүргізіледі. Осы себептен бүл мекемелердің арасында алдын-ала келісім - контракт жасайды, ол мал беретін өндірістің жауапкершілігін жоғарылатып, мал дайындау орындарының дұрыс және уақытында малды қабылдауына әсерін тигізеді. Келісімде, қай айдың нешесінде, қандай малды (құсты), қоңдылығының категориясы бойынша қандай орынға беру керек, екі жақтың алынған міндеттемелерін (келісім бойынша) орындау үшін жауапкершілігі және т.б. көрсетіледі.
Малды жүк машинасымен тасығанда, ия болмаса айдағанда, олардың ет комбинатына келіп түскен уақытын барлық мал түгел жеткізілгенде ғана есептелінеді. Егерде мал теміржолымен және сужолымен тасылса, онда келген уақытын вагонды, кемені, баржаны түсіру орнына әкелінгеннен кейін есептейді.
Теміржолымен және су транспортымен график бойынша әкелінген малды, ет комбинаты күнде апта бойы (жұмыссыз күндерді қоса) қабылдайды, ал жүк машинасымен және айдаумен әкелінген малды сол күні жұмыс уақыты бітуіне 1 сағат қалғанша қабылдайды.
Егерде әкелінген мал уақыт бойынша графиктен себеппен қалып келсе (теміржолшылардың кінәсінен, транспорттың сынуы, жолдың нашар болуы т.б.), малды сол күні кабылдап алады. Бұл алынған мал тәуліктік мал алу есебіне кіреді, не болмаса мал әкелген шаруашылықтың келісімімен келесі күннің нормасына кіргізілініп қабылдайтын болады.
Себепсіз кешігіп өкелінген малға, ия болмаса графиксіз әкелінсе және артық бас әкелінсе, ет комбинаты малға қора (шарбақ) және су береді, азықты шаруашылық өзі қамтамасыз етеді. Мұндай малды қабылдап алу уақыты екіжақтың келісімі бойынша анықталады.
Малмен жіберілген құжаттардың дұрыстығын тексеріп, онымен бірге тауарлы- транспорттық накладнойдағы және малдәрігерлік куәлікте көрсетілген малдың санын, әкелінген малмен салыстырып малдәрігерлік қарау өткізу үшін малды шарбаққа қамайды. Егерде малдәрігерлік қарауды өткізгенде, ауру мал шықса, ия болмаса құжаттар болмаса, өлген мал болса, барлық малды карантин бөліміне жібереді.
Малды карантинге ұстауға үш күнге дейін ғана рұқсат беріледі. Осы уақыттың арасында малдәрігер қызметкерлері аурудың диагнозын қояды (анықтайды), ия болмаса малдың не себептен өлгенін анықтайды. Малды карантинге ұстаудан шыққан шығынды түгелдей шаруашылық төлейді. Союға әкелінген малды ет өңдейтін мекемелер, міндетті түрде 2 сағат шамасында (келіп жеткен уақытынан бастап) қабылдап алуға тиіс. Малды тасығанда, тасу жолының алыстығына қарай олардың тірі салмағынан мынадай төмендету жүргізіледі.
Егерде мал жүк машинасымен 50-100 шақырымға дейін жерден әкелінсе, ішек-қарынның ішіндегі заттар үшін тірі салмағын 1,5% төмендетеді, ал 100 ден артық болса малды нактылы тірі салмағымен қабылдайды. Егерде әкелінген мал 2 сағатгың ішінде алынбаса, онда әрбір сағат ұстағаны үшін төмендету көлемін 0,5 % дейін азайтады. Ал малдың ұстауы 8 сағаттан асып кетсе, онда ет өңдеу мекемесі міндетгі түрде малды тауарлы-транспорт накладнойда көрсетілген тірі салмағымен қабылдауы тиіс.
Әкелінген мал буаз болса (6-8 айлық) онда тірі салмағын 10 % төмендетеді. Мал сондай ыласталынған болса, ш болмаса денесінде терісін бүлдіретіндей жара болса, онда тірі салмағын тағы 1% төмендетеді.
Егерде қабылдаушы мен берушінің арасында, төмендету коэффициенті жөнінен, ия болмаса қабылдау тәртібін бүзған туралы талас болса, онда малды «демалуға» 1 тәулікке қалдырады және азық пен сумен қамтамасыз етеді. Бұдан кейін малды 3% төмендету коэффициентімен алады, бірақта азықтандырғаннан кейін 3 сағат уақыт өткеннен соң, малды мөлшерден тым көп азықтандырмайды, бұл «өтірік» оның тірі салмағын жоғарлатқан болып табылады.
Шаруашылықта мал соятын орынды ұйымдастыру

Қандай жекеше түрлі шаруашылық болмасын, малды сою, мал соятын орында (пункт) жөне алаңда жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет