Егемкулов нурлыбай аликулович



бет46/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Қодас, енеке. Негізінен кавказ елдерінде өсіріледі. Аталықтардың салмағы 500-800 кг, аналықтар салмағы 400-500 кг. Сойыс шығымы 42-50%. Еті ірі талшықты және сапасы сиыр етінен төмен.
Солтүстік бұғы - сібір шаруашылықтарының негізгі саласы. Бұғылардың салмағы 90-140 кг, ал сойыс шығымы 47-55%. Бұғыдан майлы жөне өте дәмді ет алады.
Қой және ешкі. Қой - біздің республикамызда ең негізгі мал түлігі. Көп жылғы тарихында, қазақ халқы жергілікті табиғат жағдайына өте жақсы бейімделген қойдың әртүрлі тұқымы мен тұқымдық топтарын шығарды.
Жергілікті халықтың ең негізгі тамағы қой еті екендігін ескере отырып, жекелеген қой тұқымдарының ет өніміне тоқтала кетелік.
Еділбай қойы. Құйрықты қой тобына жатады. Өсімталдығымен, ауыр салмағымен және жақсы жетілген қ9йрығымен ерекшеленеді. Шөл және шөлейтті аймақта жақсы семіреді. Еті нәзік, сапасы жақсы, май қабаттасқан. Қошқардың орташа салмағы 85 кг. Ал саулық салмағыбО-70 кг. Жақсылап бордақылағанда қ9йрығының салмағы 16-18 кг жетеді, сойыс шығымы 52-56%. 6 айлық жасында еркек тоқты салмағы 35 кг, ал ұрғашы -32 кг.
Гиссар қойы, дүние жүзіндегі ең ірі қой. Қошқар салмағы 132 кг, саулық 92 кг, 6-7 айлық тоқты 65 кг болуы мүмкін. Жайылымда семірген қойдың сойыс шығымы 58-60%, ал құйрығының салмағы 18-20 кг болады.
Сараджа тұқымды қой, құйрықты қойдың ең жақсы өкілі. Қошқар салмағы іОО-120 кг, саулық салмағы 75-95 кг. Жақсы қоңдылықтағы малдың сойыс шығымы 56-60%, 6-7 айдағы төл салмағы 40-45 кг жетсе, сойыс шығымы 55-60% болуы мүмкін.
Қой етін өндіруде ет-жүн бағытындағы қой тұқымдарының маңызы зор. Бұл ерте өсетін, биязылау жүнді қой тұқымдары. Олар аса жоғары сапалы, нәзік, жұпар иісті, ұсақ талшықты, май қабаттасқан ет береді. Қошқар салмағы 50-70 кг, саулықтар 40-50 кг. Олардың қатарына дегересс, қарағалы, ромни-марш тұқымдары және олардың будандары жатады.
Қаракөл қойы. Қазақстанның Оңтүстік аймағында тараған. Ет өнімі қанағаттарлық, құйрығының негізінде май қабаты бар. Қошқар салмағы 50-60 кг, саулық салмағы 35-40 кг, сойыс шығымы 42-47%. Етінің сапасы, дәмі және тағамдық қасиеттері жағынан басқа қой тұқымдарына қарағанда төмен, қаттылау.
Биязы жүнді қой. Республикадағы қой басының едәуір бөлігі биязы жүнді қой, олардың ет өнімі орташа жетілген. Олардың қатарына қазақтың биязы жүнді, бесқарағай және Оңтүстік Қазақстан мериносы жатады. Қошқарларының тірі салмағы орта есеппен 40-50кг, саулық салмағы 35-40 кг. Ет сапасы қанағаттанарлық.



Сурет 2 - Қазақтың етті-жүнді биязылау тұқымының саулықтары мен қозылары




Бшкі ішінде жүн және түбіт бағытындағы тұқымдарының ет сапасы жоғары. Бұл негізінен ангор, орынбор тұқымдары. Тұқымдық теке салмағы 35-40, ал аналық салмағы 25-30 кг.
Қой тұқымдарын сипаттай келе, олардың ет өнімі көптеген жағдайларға байланысты, оның ішінде жасына қарай. Көп жылдық ғылыми тәжірибе, қойды ерте жасында сою керек екенін дәлелдейді. Төл етінің дәмдік, тағамдық қасиеті өте жоғары, онда ересек қой етіне тән дәмі жоқ, өте нәзік, ағза жақсы сіңіреді. Бұл экономикалық тұрғыдан да тиімді, себебі бұлшық ет ұлпасы (ұшаның ең бағалы бөлігі) алғашқы 4-6 айда жедел жетіледі, ал кейін тәулік салмақ қосуы төмендеп, ет сапасы нашарлап, азық шығыны артады.
Жылқы. Далалы және шөлейтті аймақта үйірлі жылқы шаруашылығын пайдалана отырып, жергілікті халық өте құнды етті жылқы тұқымдарын шығарды. Олардың қатарына адай, жабе, құшым, Қостанай тұқымдары жатады. Жылқының бұл тұқымдарынан тек ет алып қана қоймайды, сонымен бірге қымыз дайындайтын сүтте алады.
Етті мал ретінде жабе тұқымды жылқының құны өте зор. Жақсы жайылымда олар тері асты мен ішкі мүшелер айналасына 40 кг дейін май жинайды. 18 айлық жаста салмағы 300 кг жетеді, ал сақа жылқынікі 430-490 кг, сойыс шығымы 52-58 %. Қазақ жылқысының еті жоғары қоректілігімен және ерекше дәмділік қасиеттерімен ерекшеленеді. Еттегі май мөлшері мал жасына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы 6 айлық жабе жылқысы құлынының ұшасында 2,6% 1,5 жылдық жабағы -3,6% 2 жастағы тайда -5%, 2,5 жаста-6% Зжастағы малда 10% май болады. Жылқыны жоғары қоңдылыққа дейін бордақылау - үлкен мақтаныш. Себебі арық еттен ұлттық тағам - қазы, қарта, жалжая, шұжық дайындау мүмкін емес. Бұл тағамдарды дайындау үшін құрамында майы көп жылқы еті қажет. Мұндай майды тек қазақы тұқымды жылқы ғана жинай алады.



Сурет 4 - Жабе типтес жылқы
Шошқа. Басқа сойыс малымен салыстырғанда, шошка ең жаксы ет және май өндіруші болып табылады. Бұл негізінен оның төлдегіштігімен, өсімталдығымен, сойыс шығышының жоғарлығымен және азық шығынының төменділігі мен түсіндіріледі. ТМД елдерінде өндірілетін еттің 34% шошқа етінің үлесіне келеді.

Сурет 3 ө- Ірі ақ шошқа тұқымы
сібір және т.б. тұқымдарын өсіреді. 6-7 айлық шамасында тірі салмағы 100 кг жетеді, сойыс шығымы 75-80%, оның ішінде май шығымы 50%.
Шошқа тұқымдары өте көп, бірақ қазіргі кезде оларды өнім бағытына байланысты үш топқа бөледі. Майлы, етті, және беконды. Соңғы жылдары құрамында майды аз ет беретін беконды және ет бағытындағы шошқа жоғары бағаланады. Қазақстанның әр облыстарында шошқаның белгілі тұқымдарының көпшілігі өсіріледі. Дегенмен соңғы кезде беконды шошқа тұқымының өніміне сұраныс өте көп. Олардың қатарына - ландрас, эстондық беконды және жетісу тұқымдары жатады. Бұл тұқымдардың 7-8 айлық торай салмағы 100 кг дейін жетеді, сойыс шығымы 70-75%.
Эстондық бекон және ландрас тұқымдарын тиімді бордақылағанда, алынатын ет сапасы дүние жүзілік стандарт талабына сәйкес келеді. Мұндай шошқа еті консервілеу үшін ең жақсы шикізат болып табылады.
Ет бағытындағы шошқа тұқымын дұрыс бордақылағанда 6-7 айлық жасында % кг. салмақ жинайды, сойыс шығымы 65-70%. Шошқаның етті тұқымына, литвалық ақ және ірі ақ шошқа жатады.
Қазақстанда өсірілетін литвалық ақ шошқаның, болашағы әсіресе зор. Олар жедел өседі, өсу қарқыны өте жақсы, жақсы бордақыланады. 6 айлық жастағы ұрғашы торай салмағы 95 кг, ал сойыс шығымы 80% жетеді.
Еті жіңішке талшықты, нәзік, хош иісті. Май бағытындағы шошқа етіне сұраныс төмен. Қазақстанда май бағытындағы шошқаның брейтов,
Түйе республиканың құрғақ далалы, шөл және шөлейтті аймағында тараған. Бұл бір өркешті - нар (дромедары) және қос өркешті айыр түйе (бактрианы). Өсу қаркыны өте жоғары, бір жастағы боталары салмағын жылына 250 кг көтереді, жақсылап азықтандырғанда, тәуліктік салмақ қосуы 2 кг дейін жетеді, 3 жастағы түйенің салмағы 500кг болады.

Сурет 5 - Қос өркешті айыр түйе (бактриан)


Қоректілігі жағынан түйе еті, сиыр етіне ұқсас және жергілікті халық кең пайдаланады. Түйе, өркешінде 150 кг дейін май жинайды, оның тағамдық қасиеті өте жоғары. Боталаған түйе аналығы сауу кезінде, майлылығы 4,5 - 5,5% 4000 кг дейін сүт береді. Сүттің де қоректілік қүндылығы өте жоғары, мысалы ашытқан екі литрдей сүт ішкен адам, ыстық шөлде тағам мен су аңсауын үмытады. Түйеңі шаруашылықта пайдалану ұзақтылығы 25-30 жыл.
Қоянның көптеген тұқымдарының арасында шиншилла, ақ алып тәрізді- етті тұқымдарының маңызы ерекше. Жақсы семірген үлкен қоян салмағы 1,7-1,8 кг, ал 90 күндік жаста 2,5-2,7 кг болады. Қоян етінің өзіндік дәмі бар, тағамдық құны өте жоғары.
Құс. Қазақстанда құстардың барлық түрлері- тауық, үйрек, қаз, күркетауық, мысыр тауығы өсіріледі.
Ет бағытындағы тауық тұқымдарының арасында Қазақстанда кең тараған - ақ плимутрок. Бұл тауық бройлер құс фабрикасында өсіріледі. Мекиендердің орташа салмағы 3,0-3,5 кг, қораздар салмағы 3,5-4,5 кг жетеді. Жылдық жұмыртқа өнімі 150-160 дана, жұмыртқа салмағы 55-63 г. Балапандар өте жедел өседі, 60 күнде салмағы 1,4 кг жетеді.
Ет- жұмыртқа бағындағы тауықтар бойында екі шаруашылықты пайдалы белгілері бар: жоғары жүмыртқа өнімі мен сапалы ет өнімі. Олардың қатарына - ливен, род - айланд, суссекс, нью-гемпшир, австралер және басқалары жатады. Жоғарыда аталған тауық тұқымдары республикаға 1946-1960 жылдары өкелінген, қазір де олар республиканың барлық облыстарында кең тараған. Жылдық жұмыртқа өнімі 200 дана, мекиен салмағы 2-2,5 кг.
Үйрек. Ет бағытындағы үйрек тұқымына пекиндік үйрек жатады. Ересек аналық үйрек салмағы 3-3,5 кг, ал аталық салмағы 3,5-4,0кг. жетеді. 60 күндік балапан салмағы 2-2,5 кг. Жылдық жұмыртқа өнімі 120 дана. Кейіннен пекин үйрегінің негізінде «Медео» кросы шығарылды. Бұл будан тұқымының 50 күндік балапандарының салмағы 3,5 кг жетуі мүмкін. Толық өңделмеген ұшаның сойыс шығымы 80%, ал толық өңделген үшанікі - 60%.
Қаз. Қаз тұқымдарының ішінде Қазақстанда өсірілетіндері қытай, холмогор, орал тұқымдары. Ең кең тарағаны қытай қаз тұқымы. Ол құрғақ даланың ауа - райына жақсы бейімделген, төзімді. Аналық ересек қаздың орташа салмағы 4-5 кг, аталық қаз салмағы 5-6 кг. Баска қаз тұқымдарының арасында орал және шадрин қаздары, республиканың солтүстік аймақтарында кең тараған. Аналық қаздың орта салмағы 4-5 кг, аталық қаз салмағы 5,5-6,5 кг. Жартылай өңделген ұшаның сойыс шығымы 79%, толық өңделген ұшаның сойыс шығымы 60%.
Күрке тауық егіс қалдықтарын, астықты жинағаннан кейін қалған сабақты жайылымды өте жақсы пайдаланады. Солтүстік кавказ күрке тауығы, ең жақсы тұқымдардың бірі болып саналады. Аналық салмағы 6-8 кг, аталық салмағы 12-15 кг дейін жетеді. 4 айлық балапан салмағы 3,5-4 кг дейін барады. Жақсылап бордақылағанда күрке тауық салмағын 20 кг дейін жеткізуге болады. Жартылай өңдеген ұшаның сойыс шығымы 81%, ал толық өңделген ұшаның сойыс шығымы 64%.
Мысыр - тауығы. Қазақстанның жекелеген аймақтарында мысыр тауығы. да кездеседі. Бұл ет - жұмыртқа бағытындағы күс. Етінің қоректілігі жоғары, дәмі өте жақсы. Мысыр тауығы аналығының салмағы 1,6-1,8 кг, жылдьщ жұмыртқа өнімі 150дана, салмағы 44-47 г. Жайылымды жақсы пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет