Егізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі кіріспе зерттеу жұмысымның көкейкестілігі



бет10/15
Дата28.06.2022
өлшемі44,1 Kb.
#37375
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетіміздің 2010 жылдарға дейінгі білімді дамыту бағдарламасында орта мектеп оқушыларын рефлексивті, саналы біліммен қаруландыруға байланысты көптеген мәселелер қойылып отыр. Бұлардың ең маңыздыларының бірі – мектептің негізгі сатысындағы оқушыларға Планиметрия курсын оқытудың дамытушы әдістемелік жүйесін мемлекеттік стандарт талаптарына сай қанағаттандыру бағытында жетілдіру.
Ұсынылып отырған диссертация – көрсетілген мәселені оқушының оқу білік дағдыларын компьютерді негізгі құрал ретінде пайдалану негізінде қалыптастырып-дамыту шарттарын, құралдары мен мүмкіндіктерін айқындап жасауға арналған әдістеме арқылы шешуді ұсынады. Әдістемені ашу барысында, осы кездегі белгілі озық психология-педагогикалық теориялар мен тәжірибелер талданып, нақтыланып, оқу процесін басқару қажеттілігіне сай жүйеленіп технологияландырылды. Ұсынылып отырған әдістеменің іс-тәжірибелік маңызы ескеріле отырып, игерілу объектісі ретінде 7-сынып геометриясының мазмұнын құрайтын жазық фигура және оларды өлшеу ұғымдарының, 8-сыныптағы төртбұрыш және аудан ұғымы тарауының мазмұны алынып, сабақтың дәстүрлі өту барысын айтарлықтай өзгертпейтіндей оқыту процедурасы келтірілді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде кезеңінде мектеп мұғалімдерімен, әдіскерлерімен, жоғары оқу орны оқытушыларымен тығыз байланыс орнатылып, олардың көптеген ескертпелері мен маңызды ұсыныстары пайдаланылды.
Қорыта келгенде, мектепте планиметрия курсын оқытудың қазіргі жағдайына теориялық және әдістемелік талдау жасау, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу нәтижелері төмендегідей қорытынды мен ұсыныстар
жасауға мүмкіндік берді:
су 1. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану геометрияның бастапқы ұғымдарын қалыптастыру негізінде, түрлі геометриялық фигураларды әр қырынан демонстрациялауда көрнекі құрал екендігі және оны оқыту үдерісінде қолданудың тиімділігі анықталды.
2. Негізгі мектепте Планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері анықталды.
18
zd.kz - Stud.kz
Stud.kz
3. Теоремаларды дәлелдеуде компьютерлік бағдарламаны қолдану нәтижесінде оны тез қарап шыға салу әрекетін болдырмайтындай, оқыту мазмұны біртіндеп ашылатын тиімді оқытудың орындалатындығы айқындалды.
4. Оқушының планиметрия курсы материалдарын өз бетінше оқып-үйренуіне арналған компьютерлік бағдарламада оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрінде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдері мен бақылаулары және тәжірибесіне сүйеніп жаңа ұғымдарға, ережелерге, Дәлелдеулерге және есептің шығарылуына оқушының өзін келтіретіндей тура және кері байланыстың жүзеге асатындығы анықталды.
5. Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технологияны қолданып оқыту әдістемесінің тиімді екендігін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет