Егізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі кіріспе зерттеу жұмысымның көкейкестілігі


Компьютерлік оқыту бағдарламасының артықшылықтары



бет9/15
Дата28.06.2022
өлшемі44,1 Kb.
#37375
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Компьютерлік оқыту бағдарламасының артықшылықтары:
1. Бағдарламалық құрал-жабдық орталық серверге орнатылады. Оған мектептегі сервер арқылы да, оқушылардың үйіндегі дербес компьютерден де қатынасуға мүмкіндік бар. Оқушы қандай да бір себеппен сабақтан босатылған кезінде оқу материалдарына қол жеткізе алады. Ата-аналар да баланың сабақ үлгерімін бақылауына болады.
2. Біріктірілген курстар жабық модульдер түрінде емес, әртүрлі форматтағы материалдардың жиынтығы түрінде беріледі: мәтін, бейнематериалдар, интерактивті модельдер. Оларды планиметрия курсына тәуелсіз пайдалануға да болады.
3. Оқу процесін жоспарлау және бақылау құралдары, көрсеткіштерді талдау құралдары бір мектепте ғана емес, аудандағы, қаладағы оқу үдерістерін де ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
4. Мұғалім оқу үдерісін сабақ кезінде, сонымен бірге сабақтан соң жүйе арқылы бақылай алады.
5. Мұғалімдер оқу материалдары арқылы мәліметтер қорын толықтыра алады.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқылуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір оқушының жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік алады.
Біз планиметрия курсынан анықтамалық материалдар құрастырдық. Анықтамалық материалдар арқылы оқушылар қажетті оқу материалын тез тауып, олардың қорытындылау-жалпылау сабағына жан-жақты дайындалуларына мүмкіндік туады (бұл материалдар диссертацияның А қосымшасында берілген).
Зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2000–2008 жылдар аралығында айқындау, ізденіс ожане тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысын ұйымдастыру кезендерімен жүргізілді.
Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мақсаттары: 1. негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту деңгейін анықтау; 2. оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында мектеп оқушыларының геометриялық біліміне әсерін зерттеу; 3. планиметрия курсын оқытуды ақпаратттық технология негізінде жетілдірудің тиімділігін дәлелдеу.
Эксперименттік тексеру үшін база ретінде Шымкент қаласындағы №75 көпсалалы мектеп-гимназия, №60 орта мектебі, М.О. Әуезов атындағы No32 орта мектебі, Мақтарал ауданы «Жаңа дала» орта мектебі алынды. Айқындау экспериментінің негізгі мақсаты: мектепте оқушылардың планиметрия курсына 7 ші, 8-ші және 9-сынып оқушыларының геометриялық білім деңгейін білу және оқытуда кездесетін қиыншылықтарды анықтау.
Оқушылардың ұғымдарды игеру деңгейін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысы жүргізілді. Бақылау жұмысы 7-9-геометрия пәнінің бағдарламасына сәйкес күнтізбелік жоспар бойынша көрсетілген мерзімдерде өткізіліп, сабақ бағдарламасына кедергі жасамау көзделді. Бақылау жұмысының тапсырмалары мынадай түрде берілді:
1. ABCD параллелограмының АВ қабырғасы 3 см, диагональдары 7 см және 4 см; 0 – диагональдарының қиылысу нүктесі. АОВ үшбұрышының периметрі неге тең?
2. ДАВС-да ZA = 50°. ВС қабырғасының бойынан алынған нүктеден AB және АС қабырғаларына параллель екі түзу жүргізілген. Алынған төртбұрыштың түрін
және оның барлық бұрыштарын анықтаңдар.
3. ДАВС берілген. АВ қабырғасының В-дан әрі созындысына АВ-ға тең BD кесіндісі, ал CB-ның созындысына BC-ға тең BE кесіндісі салынған; А, Е, D және с нүктелері AE, DE және DC кесінділері арқылы қосылған. AEDC төртбұрышында AE | DC және DE | AC екендігін дәлелдеңдер.
4. Берілген а,в,c,d қабырғалары (в < c<a < d), қарама-қарсы а, с қабырғаларының арасындағы £ бұрышы бойынша төртбұрыш салу керек.
Бірінші есепті оқушылар параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінетіндігіне сүйеніп шығарған. Алайда, оқушылармен жеке пікір алмасқанда параллелограмның диагональдары параллелограмды теңдей екі үшбұрышқа бөлетіндігін білмей қалады. Екінші және үшінші есептерде де оқушылардың көпшілігі шығарғанымен, кейбірі толық шығармаған. Оқушылардың кейбіреулері төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары параллель болатындығын анықтай алмаған. Ал төртінші есепті шығарған оқушылар саны аз.
7-9-сынып оқушыларымен жүргізілген сауалнама, бақылау жұмысы және т.б. эксперимент жұмыстары оқушылардың теоремаларды дәлелдеу мен есептерді шығарудағы білім-білік дағдылары деңгейінің төмен екенін байқатты. Әсіресе, оқушылар салу есептерін шығаруда қиналды. Айқындау экспериментінің негізінде ізденіс экспериментіне дайындық жасалып алдымызға бірнеше мақсат қойылды, атап айтқанда, - алғашқы кезеңде анықталған және оқушылардың білімін төмендетуге алып келетін себептерді жою; - жаңашыл әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын іздеп табу.
Ізденіс экспериментінде планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдірудің әдістемелік жүйесін жасап, оны оқыту үдерісіне енгізу, нәтижесінде оқушылардың білім деңгейін жоғарылату, оқыту тиімділігін арттыру көзделді. Ол үшін, оқытудың жаңашыл әдістерін, технологияларын пайдаланудың теориялық және әдістемелік ерекшеліктері анықталып, өз бетінше жұмыс пен оны ұйымдастыру түрлеріне жинақталған тәжірибелер талданды.
Танып білу, үдерісінің жалпы және нақты іс-әрекеттері арқылы жүзеге асатын математикалық ұғымды түсіну, ұғымның қасиеттерін анықтау, ұғымды қалыптастыру, анықтама тұжырымдау, қолдану – оқушылардың оқу іс әрекеттерінің мазмұны мен атқаратын функциясын дұрыс түсініп, орындауы арқылы ғана игеріліп, соның нәтижесінде теоремаларды дәлелдеу мен есептерді дұрыс шығара алатыны белгілі. Осы жағдайда ғана ұғым негізді қалыптасып, теориялық тұжырымдар жасалынады да, бұл тұжырымдар, оқушылардың алдағы іс-әрекеттерінің құралына айналады. Сондықтан, оқушылардың оқу іс әрекеттерін бірінші орындаудан бастап, әрбір келесі қадамы дұрыс аяқталатындай етіп ұйымдастырудың, оқу іс-әрекеттері барысын дұрыс анықтау қажеттілігі ескерілді.
Бұл мәселе оқу тапсырмаларын сұрыптау арқылы, іс-әрекет деңгейлеріне жіктеу негізінде шешілді. Нәтижесінде диссертацияның 2.1, 2.2 және 2.3 бөлімдерінде көрсетілгендей ұғымдарды қалыптастыруға, теоремаларды дәлелдеуге, есептерді шығаруға тапсырмалар жасалып, компьютерге енгізілді. Сонымен, планиметрия курсын оқытудың компьютерлік бағдарламасы әзірленді.
Үшінші кезеңде (2004-2008 ж.) эксперименттік сыныптардағы сабақ компьютерлермен, экран және проектор құрылғысымен жабдықталған мультимедиялық кабинетте, ішінара интерактивті тақтада өткізіліп, компьютергерлік бағдарламалар орнатылды. Эксперименттік сыныптарда мұғалімдер сабақты осы курс үшін берілген ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі бойынша жүргізді, ал оқушылар қосымша өз бетінше жұмыс жасауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданды.
Бақылау сыныптарындағы сабақтар күнделікті қолданылып жүрген әдіспен және әдістемелік құралдардың көмегімен өткізілді. Бұл сыныптардың бастапқы білім деңгейлері бірдей болатын. Оны бақылау нәтижелері және статистикалық өңдеулер дәлелденіп, көрсетіліп берілді.
1. Геометрияның бастапқы ұғымдарын ақпараттық технологияны қолданып оқыту және оқып-үйрену: нүкте, түзу анықталмайтын ұғымдармен қатар сәуле, бұрыш және планиметрия курсының аксиомалар жүйесі.
2. Ақпараттық технология арқылы планиметрия курсында теоремаларды Дәлелдеу мен есептер шығару.
3. Тест бақылау жұмыстарын алу.
Бұл жұмыстарды жүргізу үшін планиметрия курсы оқыту және оқып-үйрену жұмыстарына мынадай тақырыптар таңдап алынды:
1. Түзу және кесінді; 2. Сәуле және бұрыш; 3. Бұрыштарды өлшеу: тікбұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш; 4. Перпендикуляр және параллель түзулер: О.
– сыбайлас бұрыштар; — вертикаль бұрыштар; т — екі түзуді ушінші түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштар.
Бақылау және эксперименттік сыныптардың бастапқы білім деңгейлерінің бірдей екендігін анықтау мақсатында жоғарыда айтып өткен бақылау жұмысының нәтижелерін пайдаландық. Екі сыныптың алғашқы сынақ жұмыстарын бақылау арқылы Но болжамын ұсынамыз! Но - бақылау және эксперименттік сыныптардағы білім дәрежелері бірдей; н, - екі түрлі сыныптардағы білім дәрежелерінде елеулі айырмашылық бар болуы туралы қарама-қарсы болжамды тексерілді. Алдымен әр сынып үшін Стьюдент критериін қолданылды.
t мәнін 1-кестеден алынған to.05 -пен салыстырылды. Өйткені, 0,05- мәнділік деңгей. Егер t to.05 болса, н, болжам қабылданады. 2-кесте - Бастапқы бақылау нәтижелері болжам қабылданды. Демек, бақылау және эксперименттік сыныптардағы бастапқы білім деңгейлері бірдей.
Енді, біз ұсынып отырған әдістеме бойынша сабақтар өткізілгеннен кейін алынған бақылаудың нәтижелерін пайдаланып, жоғарыдағыдай нөлдік болжамның немесе балама болжамның орындалатындығын тексерілді.
Алынған нәтижелерді талдау арқылы эксперименттік сыныптардың білімі жоғары және эксперименттік оқыту арқылы оқушылардың білімі мен оларды қолдана алу білік-дағдыларының артуына әсер еткендігі туралы қорытындыға келеміз. 3-кестеде қорытынды бақылау нәтижелері келтірілген.
3-кесте - Қорытынды бақылау нәтижелері болжам қабылданды. Бұл кестеден планиметрия курсын оқытуда ақпараттық технологияны пайда тану нәтижесінде оқушылардың білім сапасының жоғарылайтынын көреміз.
4-кестеде планиметрияның бастапқы ұғымдарын игертуге ерекше назар аударылған тақырыптар бойынша алынған бақылау жұмыстарының нәтижелерін қарастырдық. 4-кесте - Ерекше назар аударылған тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру қорытындысы. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. Параллелограмм диагональдарының қасиеттері Параллелограмның қарама қарсы қабырғаларының қасиеті.
Алынған нәтижелердің статистикалық мәнді ме, жоқ па екендігін анықтау үшін х? (хи – квадрат) критериін қолданылды. x* > Хо,05% болғандықтан, Н. болжам қабылданды.
6-суретте төртбұрыштар тарауына байланысты 4-кестеде келтірілген тақырыптарды қамтитын бақылау және эксперименттік сыныптардың бақылау жұмыстарының пайыздық көрсеткіштері диаграмма түрінде келтірілген. Диаграммадан эксперименттік сыныптар көрсеткіштерінің бақылау сыныптарына қарағанда жоғары екендігін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет