Ежегодной научно-практической конференции студентов и магистрантов



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата15.03.2017
өлшемі6,17 Mb.
#9335
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65

к

әсіпкерлікті

 

дамытУдың

 

шетелдік

 

тәжірибесі

Оразымбекова Диана Оразханқызы

РДиГБ, 1 курс

Ғылыми жетекшісі:

Сайдуллаева А. П. 

1-диаграмма. Кәсіпкерлікке әсер ететін факторлар [2].

1-кесте. Факторлар [2].

Факторлар

Құрамы

Әлеуметтік факторлар



отбасы, жас, әлеуметтік статус

Бәсекелік факторлар

сатып алушылар, балама тауарлар, ұсыныс берушілер, потенциалды бәсекелес

Жеңілдеткіш факторлар

тәжірибе, білім, кәсіби және географиялық мобильділік

Психологиялық факторлар

мінез-құлық,  ойлау  дағдылары  (thinking  skills),  жетістікке  жетуге  ұмтылыс, 

өзін-өзі бағалау дәрежесі

Экономикалық факторлар

қаржылай  көмек,  мемлекет  көзқарасы,  үлкен  бизнестер  тарапынан  жігер, 

еңбек ету жағдайлары, шикізат, нарық көлемі мен құрамы


170

1-інші  кесте  арқылы  еліміздің  кәсіпкерлік  арқылы  дамуына  кішігірім  отбасыдан  алып  мемлекеттің 

көзқарасына дейін қатысатыны белгілі болды. Бұдан шығатын қорытынды ретінде даму үшін әрдайым 

ескере бермейтін кішігірім аспектілерден бастап өзгеруімізді талап ететіні айтылса болады.

Ендігі кезекте осы аталған факторлар мен кәсіпкерліктің өзара тәуелділігін зерттейік. 

АҚШ отбасысын зерттеу мақсатында тәуелсіз зерттеу жүргізілді. Тәуелсіз зерттеу интервью күйінде 

өтті. Интервьюер ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқытушы ретінде жұмыс жасайтын АҚШ-

ның Вашингтон штатынан келген Ребекка ханым болды.

«Отан отбасыдан басталады» деп бекер айтылмаған болса керек. Мемлекетті өзгерту үшін отбасылар 

өзгертілуі  қажет.  Мысалға,  шет  ел  отбасыларында  өздерінің  ережелері,  оған  қолданылатын  жазалары 

болады. Бұл балаға тәртіп сақтауға тәрбиелейді, яғни ол өсе келе жетістікке ұмтылу барысында пайдалы 

емес іс-әрекеттерге шектеулер қойғанда еш қиналмасы анық. 

Отбасы  мүшелері  бір-бірімен  үлкен  мәселелер  жайлы  сөз  қозғайды,  талдайды,  талқылайды.  Осы 

арқылы ойлау жүйесі дамиды. Шет елдік «ми шабуылы» («brainstorm») өте креативті процесс; ол арқылы 

белгілі бір мәселені шешуде көптеген идеяларды ұсынуға көмектеседі [3]. 

Ата-аналар балаларын кіші кездерінен жұмысқа, дүкенге, жалпы, өздерімен бірге алып жүреді. «Балаңды 

тәрбиелеп әуреленбе, өзіңді тәрбиеле. Себебі, ол бәрібір саған қарап тірбиеленеді». Бала кімді көп көреді, 

кіммен көп уақыт өткізеді, содан тәрбие алады. Қазіргі жаһандану заманында, интернет дамыған заманда 

ата-ананың бәсекелестері көп. Сол себепті, ата-аналар болашақ жастарды тәрбиелеуде аса мән беруі қажет.

Сонымен  қатар,  американдықтар  5  күндік  жұмыстан  кейін,  апта  соңында  (weekend)  міндетті  түрде 

үйден алыстау жерлерге қыдырып, миларын тынықтырып келеді. Осы арқылы олар келесі аптаға деген 

өнімділікті арттырады. Жеке автомобильді ойлап тапқан адам, Генри Форд өз сөзінде бес күндік жұмыс 

режимінде алты күндікке қарағанда көп өнім алатынын айтқан болатын [4]. Яғни, өнімділік дәрежемізді 

көтеру үшін Қазақстанда бес күндік жұмыс режимін енгізу артық болмас.

Ал енді жас мәселесіне келер болсақ, жер шары бойынша толық еңбек ету жасы көбінесе 18  жас. 18 

жасынан бастап, заңды түрде кез-келген жұмыс жасай алады. Осы жаста американдық не істеп жүреді, 

қазақстандық  не  істеп  жүреді?  Қазақстанда  арнайы  тәжірибені  қажет  етпейтін  жұмыс  түрін  ашылуы 

жасөспірімдерге де үлкен мүмкіндік бере еді.

Қорытынды  ретінде,  біз  кәсіпкерлікті  дамытуда  әлеуметтік  факторларға  көптеп  көңіл  бөлуіміз 

қажеттігін айтсақ болады.

Келесі – бәсекелік факторлар. Рим ақыны Овидий «Жылқы тек басқа қуып жетіп, озып кететін жылқылар 

болғанда ғана қатты шабады» («A horse never runs so fast as when he has other horses to catch up and outpace») 

деген [5]. Яғни, бәсекелестердің болуы жұмыстың эффективтилігіне жағымды әсер етеді. Бәлкім, біздің 

қатты шаба алмай жатқанымыз – басқа жылқылардың болмауынан.

Жеңілдеткіш факторлар көбінесе мектеп қабырғасындағы оқушылардың кәсіпкер ретінде қалыптасуына 

байланысты факторлар. Мектепте оқушыларды кәсіпкер ретінде дайындайды ма? Өтетін пәндері олардың 

болашақтарына септігін тигізеді ма? Әлде, мектеп уақытысы бекер уақыт өткізу ма? Мысалы, Канадада 

оқушылар жетінші сыныптан бастап өз қалаған пәндерін тапдап, тек сол пәндерге көп көңіл бөледі [6]. 

Осы арқылы оларда нағыз мамандар шықпақ. Ал, Қазақстанда көптеген мектептерде пәндерді тек мектеп 

бітіргенде тандайды. Бұл, әрине, біріншіден, өз саласын толық меңгермеген мамандарды дайындайтын 

болса, екіншіден, жауапкершіліктің төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар, мектептегі дәстүрлі оқытуды 

қойып, шет елдік – топпен жұмыс, эссе, жоба секілді миды шынықтырып, мәселені шешуге бағытталған 

тапсырмалардың санын арттыру қажет. 

Психологиялық  факторлар  әлеуметтік  және  жеңілдеткіш  факторлармен  өте  байланысты.  Отбасында 

баланы көшбасшы ретінде тәрбиелеу, оған сенімділікті қалыптастыру  ата-ана үшін үлкен борыш және 

мемлекет үшін үлкен дамытушы күш дайындау болып табылады. Сонымен қатар, мектептерде креативті 

ойлауды, сыни ойлауды үйрететін, мағлұматтарды талдауды үйретуге бағытталған пәндер қосылса, нұр 

үстіне нұр болар еді. 

Экономикалық факторларға келер болсақ, қаржы жағдайы бойынша ешқандай қиындық жоқ. Мемлекет 

жас кәсіпкерлердерді әрқилы қолдауда [7].

Қазақстан  тұрғындарынан  интернет  желісі  арқылы  тәуелсіз  зерттеу  жүргізілді.  Зерттеуге  46  адам 

қатысты. Алғашқы сұрақ «кәсіпкерлік» анықтамасын сұрауға бағытталды. Нәтижесінде, шамамен 70%-

ы  «коммерциялық  бизнес»  және  шамамен  30%-ы  «жаңашылдық»  деп  жауап  берді  (Қосымша1).  Бұдан 

шығатын қорытынды: «кәсіпкерлік» деген не екенін білмесек, оны қалай дамытпақпыз? 

Келесі сұрақ «Сіздің таныстарыңыздан қанша адам кәсіпкерлікпен айналысады?» болды. Басым бөлігі 

10-ға дейін деп жауап берді (Қосымша2). Бұл жаман көрсеткіш емес. 

Үшінші сұрақ «Адам қанша жастан бастап кәсіпкерлікпен айналыса алады?» деген болды. Көпшілік 

16-24 деп жауап берді (Қосымша3). Негізінде, кәсіпкерлікпен айталысуда ешқандай шектеу жоқ. 

Төртінші сұрақ кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасы үшін әсері жайлы болды. Барлығы оның әсері 

жағымды екенін жақсы түсінеді екен (Қосымша4).

Бесінші сұрақта кәсіпкерлікті дамытуда кімдер жауапты екені сұралды. Жартысынан көбі «мемлекет» 

деп жауап берді (Қосымша5). Олардың ойларынша кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттің жауапкершілігінде. 

Олар мемлекет отбасыдан құралатынын білсе жақсы. 


171

Қорытындылай келе, кәсіпкерлік дегеніміз жаңашылдық; жаңашылдықтың келуі, кәсіпкерліктің дамуы 

қазақстандықтар үшін жаңа өмір есігін ашпақ. Мемлекеттік қолдау бар, мүмкіндіктер жеткілікті. Тек күш 

салып, халық ішінде өзгеруіміз ғана қалды. Сұраныс болмай, ұсыныс болмас. Өзгерістерді талап етейік, 

мемлекетпен бірге өзгерейік. Кәсіпкер болу арқылы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытамыз, Қазақстанның 

отыз елдің қатарына кіруге үлесімізді қосамыз. Олай болса, жаңашылдыққа, үлкен жетістіктерге, кәсіпкер 

болуға ұмтылайық, ағайын!

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Шағын бизнес: мәні – мазмұны, ерекшеліктері // Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар. 2016, http://

malimetter.kz/shagyn-biznes-mani-mazmuny-erekshelikteri/ 

2.  Гаурав Кумар. Environment factors influencing entrepreneurship // authoSTREAM. 2012, http://www.authorstream.com/Presentation/

GAURAV1125-506153-environment-factors-influencing-entrepreneurship/ 

3.  John London. The Advantages of Brainstorming // Ehow. 2015, http://www.ehow.com/info_8220088_advantages-brainstorming.html 

4.  Derek Thompson. Why Summer Vacations (and the Internet) Make You More Productive // The Atlantic. 2011, http://www.theatlantic.

com/business/archive/2011/08/why-summer-vacations-and-the-internet-make-you-more-productive/244289/  

5.  Scott Mackin. 10 Inspiring Quotes On Competition In Business // Kompyte. 2015, http://www.kompyte.com/10-inspiring-quotes-on-

competition-in-business/  

6.  Public schools. The Canadian public school system // Living and working in Canada. 2015, https://www.justlanded.com/english/

Canada/Canada-Guide/Education/Public-Schools

7. «Мықты бизнес - қуатты мемлекет»: кәсіпкерлікке қолдау көрсетілуде // Нұр Отан. 2014, http://nurotan.kz/kz/news/6796 


172

Алматы 


Менеджмент 

Университеті

ХХІ  ғасырдағы  экономикалық  өсім  әлемдік  экономикада  негізінен  шағын  кәсіпкерліктің  орасан  зор 

ықпалымен жүзеге асырылып отыр. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің сәтті дамуы ұлттық экономиканың 

бәсекеге қабілеттілігінің артуына ұлттық экономиканың диверсификациясына алып келеді.

Дамыған елдерде шағын кәсіпкерліктің үлесіне жалпы ішкі өнімннің 60 пайызы тиісті. Қазақстанда 

ішкі жалпы өнімінің 25 пайызы ғана кәсіпкерлік субъектілерінің еншісіне тиесілі, сол себепті еліміздің  

бүгінгі таңда қойып отырған басты мақсаттарының бірі – өнеркәсіпте шағын  кәсіпорындарды дамыту 

және олардың тиімділігін арттыру. 

Шағын кәсіпкерлік бастапқы ірі қаражат бөлуді қажет етпейді және ресурстардың жоғары айналымын 

қамтамасыз ететіндіктен,  қазіргі кезде Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін барлық жағдайлар 

жасалынған. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері тұтынушылар сұранысының өзгерісін тез арада байқап, 

нарықтағы  керекті  тепе-теңдікті  сақтай  отырып,  ортадағы  бәсекелестікті  қалыптастырады.  Шағын 

кәсіпкерліктің қарқынды өркендеуі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сол арқылы халықта жұмыспен 

қамтылғандар санының өсуіне ықпал етеді.

Шағын  кәсіпкерлік  –  ол  өзінің  жеке  пайдасын  қоғамдық  пайдамен  үйлестіру  негізінде  тауар  мен 

қызметтің шектеулі санын өндіру және пайда табу мақсатында материалдық құралдарды инвестицялаумен 

байланысты  белгілі  бір  қызмет  түрі.  Шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  жеке  тұлғалар  сондай-ақ 

серіктестердің бірлестіктері де кіреді. 

Шағын бизнестің критерийлары: сала ерекшелігіне байланысты жұмысшылар саны келесі интервал 

аралықтарында өзгеруі мүмкін: өнеркәсіп -100 адам, құрылыс – 50 адам., көлік – 25 адам, ауылшаруашылық 

– 50 адам, ғылым және инновациялық қызмет – 20, сауда және тұрмыстық қызмет -30; бір жылдағы активтер 

көлемі  60  мың  АЕК  аспау  керек.  Сапалық  критерийлар:  бір  немесе  бірнеше  инвесторлар  тарапынан 

қаржыландырылады; шектеулі географиялық аймақта өзінің қызметін жүзеге асырады; нарықтың шектеулі 

үлесіне  ие  болады;  кәсіпорынды  басқару  құрылтайшы  тарапынан  жүзеге  асырылады;  басқару  икемді 

болып келеді; кәсіпорындардың жоғары өзара алмасымдығы орын алады.

Қазіргі  заманның  зерттеулеріне  сүйенетін  болсақ  шағын  бизнестің  өзге  де  сипатталары  қолданып 

келеді. А.Чепуренко шағын бизнестің келесідей негізгі ерекшеліктерін көрстеді:

кәсіпорынның құнды қағаздарын ашық сатудан бас тарту;



шектелген жауапкершіліктің болмауы;

құрылтайшылары – тәукелділікке бейім бірінші буындағы кәсіпкерлер болуы керек;



маркетингтік зерттеулерге жоғары шығындардың болуы;

менеджменттің нақты технологияларының болмауы;



акционерлермен қарым-қатынас бейресми сипатқа ие болуы керек;

-    бизнес икемділіктің жоғары деңгейіне ие болуы керек.

Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе)  еңбектерінің 

тұрғысынан  зерттеуді  ұйымдастыратын  болсақ  шағын  бизнесті  анықтауда  келесідей  көрсеткіштер 

қолданылады:

бизнесті  бір  немесе  бірнеше  тұлғаны  қамтитін  шағын  топ  инвесторлары  тарапынан 



қаржыландырудың болуы;

-  өзінің  маркетингтік  бағдарламасын  жүзеге  асыра  отырып,  кәсіпорындар  шектеулі  географиялық 

аймақта өзінің қызметін жүзеге асырады;

-   жұмысшылардың саны кәсіпорында 100 адамнан аспауы тиіс [1]. 

Шағын кәсіпкерлік өз құрылымын басқарудағы өзгешелікпен ерекшеленеді:

•  персонал басқарудың жоғары сатысында шағын бизнес иесі болғандықтан, ресурстар мен өкілдігін 

өз қалауынша жүзеге асырады, яғни бұл кәсіпкерліктің дамуы оның ұйымдастырушылық қабілетіне 

байланысты екендігін көрсетеді; 

•  стратегиялық  жоспарлау  және  басқару  болмайды,  бұл  дегеніміз  бизнес  иесі  үнемі  ағымдағы 

мәселелерді шешумен айналысады, сондықтан кәсіпорынның жақын арадағы және болашақтағы 

жоспарларын құруға және оны іске асыруға мүмкіндігі болмайды; 

•  шағын бизнестің жүргізілуі көбіне сыртқы жағдайларға байланысты болады: кредиттік ұйымдар, 

мемлекеттік құрылымдар, консалтингтік компаниялар және т.б. 

•  қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі, соның салдарынан құрылған кәсіпорындардың көпшілігі 

алғашқы құрылған жылдары-ақ жабылып қалады.

Сонымен, шағын бизнесті анықтауда әр түрлі ғылыми көз-қарастарды қарастырып шықтық. Әлемдік 

тәжірибеде  шағын  бизнес  субъектілерін  анықтауда  ортақ  пікір  қалыптаспаған,  дегенменде  оның  ел 

экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері сөзссіз орасан зор. 

Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін қиындықтарды шешу мақсатында ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің 

өркендеуі үшін төмендегідей мемлекеттік қолдау жүйесі қалыптасқан:



Қ

азаҚстанда

 

шағын

 

кәсіпкерліктің

 

дамУы

Садакбаева Индира Турарбековна

6МО50600 - Экономика мамандығының 2 

курс магистранты

Ғылыми жетекшісі:



э.ғ.к., доцент Канабекова М.

173

1)  Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін қолдауға бағытталған заңдар, құқықтық-нормативтік актілер, 

бағдарламалар;

2)  Шағын кәсіпкерліктің дамуын тиімді басқару және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда танылған 

мемлекеттік институтционалды құрылымдар;

3)   Шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардан тұратын 

шағын кәсіпкерлікті реттейтін мемлекеттік инфраструктура.

Индустриалды-инновациялық  жағдайындағы  дамуы  шағын  кәсіпкерліктің  алдына  жаңа  міндеттер 

қояды. 

ХХ  ғасырда  ашылған  маңызды  жаңалықтарды  шағын  кәсіпорындар  немесе  жеке  өнертапқыштар 



тапқан. Мысалы шарикті қаламдар, шаңсорғыш, тостер және басқа да көптеген нәрселермен қатар, тіпті 

реактивті двигателді шағын кәсіпорындарда шығарған. Осылайша шағын кәсіпкерліктің өркендеуі оның 

дамуының алғышарты болып табылады.

Қазіргі кезде ҚР-да шағын кәсіпкерліктің жақсы дамуына барлық жағдай жасалынған. Мемлекеттің шағын 

бизнесті қолдайтын мақсатты және жүйелі саясатының жүзеге асуы еліміздің экономикалық дамуының 

басты бағыты болып табылады. Кәсіпкерлікті кешенді қолдаудың тиімді және іске асыру бағдарламасы 

«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы  болып  табылады.  Бағдарламаның  мақсаты  экономиканың 

шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-

ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру. Бағдарламаның негізгі міндеттері 

жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді 

қолдау. Осы бағдарламаны іске асырудың мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды: жобаларды іске асыру 

үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау; банктердің жобаларды іске асыруға 

бағытталған  кредиттері  бойынша  ішінара  кепілдік  беру;  өндірістік  (индустриялық)  инфрақұрылымды 

дамыту;  бизнесті  жүргізуді  сервистік  қолдау;  кадрларды  даярлау,  жастар  практикасы  және  әлеуметтік 

жұмыс орындарын ұйымдастыру [2].

«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы  ҚР-ның  2015-2020  жылдардағы  индустриалды-

инновациялық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың тетігі ретінде жасалған. ҚР 

Үкіметінің 1997 жылдың 26 сәуірі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру» туралы қаулысына 

сәйкес «Даму» қоры құрылды. Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытуда «Даму» қоры негізгі құрылым болып 

саналады, ол ҚР-ғы кәсіпкерлікті дамытуға активтер арқылы басқаруды, оны қаржыландыруға және кредит 

алудағы мәселелерді шешуге және де бизнес-құрылымдарға ақпараттық-аналитикалық және консалтингтік 

көмек беруге мемлекеттік қолдау көрсетуде. 

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға арналған барлық бағдарламалар осы «Даму» 

кәсіпкерлікті дамыту қорының іс-шараларына байланысты жасалынып, жүзеге асуда [3]. 

Ауылдық жерлерде де шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын несие жүйесін дамыту шаралары 

жасалынып  жатыр.  Ауылдық  микрокредиттік  ұйымдар  үшін  «Даму»  қоры  көтерме  несиелер  көзі 

ретінде қаражат бөлуді қарастырған. Бірақ шағын несиелер берумен Даму қоры тікелей айналыспайды, 

субъектілермен  тікелей  жұмыс  жасап,  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  қажетті  несиелер  беруді  тек 

«ҚазАгро»  холдингінің  еншісіндегі  Ауыл  шаруашылығын  қаржылық  қолдау  қоры  жасайды.  Ауыл 

тұрғындарын  шағын  несиелермен  қамтамасыз  ету  мақсатында  «Даму  -  Аймақтар»  бағдарламасына 

жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс қаржы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына аударылып отыр.

2015-2019 жж. ҚР индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 

«Даму» Қоры «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның басқа институттарымен бірдей кәсіпорындарға қолдау көрсету 

қаржы агенті және құралдарының операторы ретінде әрекет ететін болады. Қор арқылы қолдау көрсету: 

1)  «Даму»  Қоры  арқылы  екінші  деңгейлі  банктер  шарттастырылған  несиелеу  құралы  бойынша  қол 

жетімді және ұзақ мерзімді негізде қаржы ресурастары жобаларын қамтамасыз ету; 

2)  «Даму»  Қоры  арқылы  екінші  деңгейлі  банктер  несиелері  бойынша  сыйақы  мөлшерлемелерін 

субсидиялау  (соның  ішінде  инвестициялық  мақсаттарға  несиелер  бойынша  10%  дейін,  айналым 

қаражаттарына несиелер бойынша 7% дейін); 

3)  «Даму»  Қоры  арқылы  екінші  деңгейлі  банктер  несиелер  кепілдендіру  тәрізді  құралдарды 

пайдаланумен ұсынылатын болады.

Әлемдік  қаржылай  –  экономикалық  дағдарыс  салдарынан  Қазақстанда  2016  жылдың  1  қаңтарына 

тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға төмендеп отыр. 

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Любушкин Н.П. Анализ развития малого бизнеса в современных условиях /Н.П. Любушкин, Е.С. Ионова // Экономический 

анализ: теория и практика. - 2013. - №32 (335).

2.  Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казах¬стан на 2010-

2014 годы.

3.  damu.kz



174

Алматы 


Менеджмент 

Университет

Актуальностью данной статьи является рост объемов кредитования населения в Казахстане, который 

повлек за собой негативные последствия просроченной задолженности, которую предоставляют физическим 

лицам. Следовательно, коллекторские агентства становятся востребованными по специализации взыскания 

долгов.  От  общего  числа  кредитного  портфеля  занимает  немалую  долю  дебиторская  задолженность  в 

секторе  профессиональных  участников  финансового  рынка.  Благодаря  правовым  аспектам  управления 

дебиторской задолженностью, мы решим проблему взыскания долгов. 

Одна из самых актуальных тем организации развивающейся казахстанской рыночной экономики – это 

дебиторская  задолженность.    Участники,  которые  осуществляют  предпринимательскую  деятельность, 

благодаря  хозяйственным  операциям,  возвратят  вложенные  средства  и  получат  доходы.  Но  практика 

показывает,  что  предприятия  не  могут  вернуть  долги  и  дебиторская  задолженность  остается  на  годы. 

Баланс предприятия ухудшается за счет увеличения задолженности. Почему возникает такая ситуация? 

Потому что система полностью не разработана и не может контролировать дебиторскую и кредиторскую 

задолженность. 

Любая компания ставит перед собой задачу наладить систему контроля, что является актуальностью и 

проблемным звеном. Из-за финансовых трудностей и забывчивости должника возникает задолженность. 

Для  этого  надо  проанализировать  проблемы  и  предложить  пути  решений.  Если  возникла  трудность,  

стоит обратиться к профессионалам, которые занимаются взысканием дебиторской задолженности, либо 

воспользоваться алгоритмом готовых решений, которые проверены на практике. 

Специалисты выделяют 2 задачи:

1. Снизить появление дебиторской задолженности;

2. Уменьшить объемы появившихся долгов.

Экспресс-обследование и анализ

На данном этапе идет ознакомление с деятельностью заказчика, его особенностей, а также его 

действующими и возможными клиентами, внутренней и внешней деятельности бизнеса заказчика.

Постановка и автоматизация процессов управления дебиторской задолженностью

Из полученного опыта, предприятия которые часто сталкиваются или напрямую работают с 

рассрочками, предоплатами отрабатывается соответствующая система управления. Ведутся все 

необходимые операции, такие как: качественный финансовый учет, совершенствование договоров 

клиентами и партнерами и другие меры, для снижения риска невозвратности.

Проверка контрагентов

Особое внимание нужно обратить на те случаи, когда контрагенты хотят получать товары без 

предоплаты.

В данных случаях нужно убедиться: зарегистрировано ли такое юридическое лицо в государственном 

реестре юридических лиц, сдается ли бухгалтерская отчетность в налоговую службу, не является ли 

юридический адрес массовым.



Сопровождение и консультирование на момент заключения сделки  

Далее весь процесс сделки будут поддерживать и сопровождать специалисты по работе с дебиторской 

задолженностью. Они так же помогут в юридическом, налоговом и бух. направлении после проверки 

контрагентов.



Контроль над выполнением условий договора

Специалисты по работе с долгами, помогут Вам следить за своевременностью выплат в полном 

объеме, а в случае нарушений условий договора помогут осуществить взыскание дебиторской 

задолженности.

Сбор, взыскание дебиторской задолженности

Данную работу можно тоже разделить на несколько этапов:



Экспресс-обследование

На данном этапе идет ознакомление с сложившейся ситуацией у заказчика, а так же оценка проблемы 

в целом.

Досудебная претензионная работа

Ведется подготовка официальных документов для судебного разбирательства, направляются 

уведомительные письменные претензии фирме-должнику.

Судебное разбирательство

Соответственно, не добившись результатов на предыдущих этапах следует судебный процесс и 

разбирательство.

Контроль за исполнением судебного акта 

Принятое и вступившее в законную силу решение суда это первый шаг на пути взыскания с должника 

денежных средств (имущества и др.). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет