Диагностикасы. Толық жиналған анамнез негізінде, клиникалық көрінісіне, лабороториялық негізінде қойылады. Сонымен қатар артқы күмбезге пункция жасау, пунктатты бактериологиялық зерттеу жүргіземіз. Ультрадыбысты зерттеу мәлімет бермейді.
Диагностикасы. Толық жиналған анамнез негізінде, клиникалық көрінісіне, лабороториялық негізінде қойылады. Сонымен қатар артқы күмбезге пункция жасау, пунктатты бактериологиялық зерттеу жүргіземіз. Ультрадыбысты зерттеу мәлімет бермейді.
Емі. Стационарда жүргізіледі. Төсек режимі, бас жағын көтеру, іштің төменгі жағына салқын қою. Антибактериальды ем: жартылай синтетикалық пенициллиндер, аминогликозидтер, цефалоспориндер, В-лактамдар, метронидазол. Дезинтоксикациялық ем (реополиглюкин, глюкоза, гемодез)және десенсибилизациялық ем. Су электролиттік алмасуды қыщқыл сілті жағдайды қалыптастыру, физиотерапевтикалық шаралар, қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау, құрамын анықтап дәрілік заттарды енгізу.
Урогенитальды хламидий инфекциясы – жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жататын ауру. Қоздырғышы – Chlamidia trachomatis – облигатты клеткаішілік паразит, өзіне тән даму циклі бар: элементарлы денешіктер – ретикулярлы денешіктер. Элементарлые денешіктер қоздырғыштың инфекционды түрі болып табылады және клеткадан тыс өмір сүруге бейім. Ретикулярлы денешіктер вегетативті инфекционді емес түрі болып саналады. Хламидиялардың көбею циклі 48-72 сағат элементарлы денешіктердің клеткаға кіруінен бастап,бұзылған жасушадан жаңа элементарлы денешіктер шығып қасында орналасқан жаңа жасушаларды зақымдайды.
Жүктілік кезінде хламидиоз жиілігі 3,4 -21%.
Хламидиялық инфекцияның нгізгі клиникалық белгісі цервицит, каналдан, уретрадан, парауретральды бездерден іріңді-кілегейлі бөліністер.Өрлемелі инфекцияда эндометрит, сальпингоофорит, пельвиоперитонит, перигепатит, периаппендицит, перисигмоидит дамуы мүмкін. Іш пердесінде дамып келе жатқан қабыну процессін Фитц-Хью-Куртис синдромы деп атайды. Бедеулік құрылымында 70-75%, ал жатырдан тыс жүктілік құрылымында 50% құрайды.