Клиника: Инкубационды кезең - 2-10 күн. Көбінесе генитальды герпес атипиялық түрде өтеді, сондықтан 5 науқастың 4-уі өзінде инфекция барын білмейді. Генитальды герпестің атипиялық ағымына вульводиния, вульвовагиниттер, эндометриттер, сальпингоофорит, проктит, уретрит, цистит, қышу, ісіну, сыртқы гениталий және перианальды аймақтың жарылуы жатады. Генитальды герпестің атипиялық түріне нейропатия, тазовый ганглионеврит жатады. Біріншілік зақымдану жыныс еріндері, қынап және жатыр мойны аймағында ауырсынатын, қышитын көпіршіктер және жаралар түрінде білінуі мүмкін. Дизуриямен, қынаптан бөліністермен, шаптық лимфоаденитпен сипатталады.
Инфекцияның жалпы белгілері – әлсіздік, миялгия, бас ауруы, қызба. Бөртпелер 2-3 аптаның ішінде жазылады. Вирус бөртпе шыққаннан бастап 11-14 күн бойы бөлінеді. Рецидивтер 1 аптаға созылады. Рецидив ұзақтығы қандағы иммуноглобулин деңгейіне, жынысқа, иммундық статусқа, инфекцияның біріншілік белгілердің ауырлығына байланысты болады.

Диагностика.Вирус идентификациясы жаңа жұғындыда (72 сағаттан аз) генитальды герпестің біріншілік эпизодында. Серологиялық зерттеулер – қанда антиденелерді иммуноферментті анықтау жедел түрін (иммуноглобулин М) және созылмалы түрін (иммуноглобулин G) түрін анықтауға береді. Өршу кезінде иммуноглобулин G титрі 4 есеге үлкейеді.
Диагностика. Вирус идентификациясы жаңа жұғындыда (72 сағаттан аз) генитальды герпестің біріншілік эпизодында. Серологиялық зерттеулер – қанда антиденелерді иммуноферментті анықтау жедел түрін (иммуноглобулин М) және созылмалы түрін (иммуноглобулин G) түрін анықтауға береді. Өршу кезінде иммуноглобулин G титрі 4 есеге үлкейеді.