Диагностикасы.Анамнезі негізінде, аурудың клиникалық ерекшелігіне байланысты, объективті зерттеулер нәтижесінде, лабораториялық және қосымша зерттеулерге сүйеніп жиагнозы қойылады
Диагностикасы.Анамнезі негізінде, аурудың клиникалық ерекшелігіне байланысты, объективті зерттеулер нәтижесінде, лабораториялық және қосымша зерттеулерге сүйеніп жиагнозы қойылады.
Гидросальпинкс, пиосальпинкс пен тубоовариаьды түзілістер кезінде эхоскопия жақсы мәлімет береді.
Жатыр қосалқыларының жедел ағымды түрін аппендицитпен, ал созылмалы ағымды түрін түтіктік түсікпен екшеу керек. Қосалқыларының жедел қабынуын аналық без ісіктерінің аяқшаларының айналып кетуінен ажырату қиындыққа соқтырады. Аналық без ісіктерінің аяқшалырының айналып кетуінде ауру бірден басталып, анамнезінде қосалқылардың қабынуы болмайды, қоалқыларда дөңгелек формалы, басқанда ауырсынатын ісіктік түзіліс анықталады.
Параметральды қабыну инфильтраты сальпингоофоритке қарағанда тығыз консистенциялы, инфильтрат кіші жамбас қаьырғаларына өткен, қынаптың кілегейі инфильтрат астында қозғалмайды.
Емі. Жедел сальпингоофарит стационарда емделеді.
Емі. Жедел сальпингоофарит стационарда емделеді.
Қатаң төсек тәртібі, жеңіл сіңірілетін тамақ. Ішек пен зәр шығару функциясын қадағалау. Микрофлора сезімталдығына қарай антибиотик тағайындалады. Бактериологиялық зерттеу нәтижесі келгенге дейін кең спектрлі антибиотик тағайындалады. Анаэробты флораға күмән туса метронидазол тағайындалады. Дене қызуы қалыптасып, ішперденің тітіркену симптомдары жойылғаннан 5 күнге дейін антибиотиктердің тағайындаймыз. Дезинтоксикациялық ем. Десенсибилизациялық ем. Дәрумендер. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Иммуномодуляторлар. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттар.
Тубоовариальды түзіліс анықталса пункция жасау арқылы түзіліс құрамын шығарып, жуып, антибиотиктер тағайындаймыз. Егер түзіліс құрамын тазартқаннан кейін науқас жағдайы жасқсармаса оперативті емге көшеміз.