Клиника. Жедел, жеделдеу, және торпидті (азсимптомды) түрін, созылмалы тромониоз (ауру ұзақтығы 2 жылдан көп) және симптомсыз трихомониоз (тұрақты және транзиторлы трихомонадотасымалдаушылық) ажыратады. Инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 20-30 күнге созылады. Аурудың негізгі белгісі сыртқы жыныс мүшелерінде қышу мен сұр-сарғыш түсті көп мөлшердегі сұйық көпіршікті бөліністер.Қараған кезде қынап пен вульва кілегейі ісінген, қызарған, сұйық іріңді бөліністермен, ұсақнүктелік қанкетулермен жабылған. Диагноз анамнезі, шағымдары, клиникасы және патологиялық материал микроскопиясында трихомонад анықталуы негізінде қойылады. Ем. Ем. Міндетті түрде ерлі-зайыптылар бірге ем алу. Ем алу кезінде келесі бақылау айларында жыныстық қатынасты шектеу. Негізгі трихомонадқа қарсы препарат – метронидазол. 1 курсқа 5 грамм қолданылады. Әр түрлі схемалар қолданылады. - 0,25 г 2 рет күніне 10 күн бойы
- 0,5 г 2 рет күніне 5 күн бойы
- 4 күн 0,25г 3 рет күніне келесі 4 күн 0,25г 2 ре күніне
- Бірінші күн 0,5г 2 рет, екінші күні 0,25г 3 рет, келесі күндері 0,25г 2 рет.
Емделу критерийлері: жұғындыда трихомонадтың болмауы 3 етеккір циклі бойына. Жыныс мүшелерінің туберкулезі. Жыныс мүшелерінің туберкулезі. Жыныс мүшелеріне инфекция гематогенді немесе лимфогенді біріншілік туберкулез ошақтарынан таралады. Қабыну ауруларыны арасында жиілігі 10-11%. Жіктелуі. 1. Жатыр қосалқыларының туберкулезі, белсенділік белгілері бар (VА, VБ диспансерлік тіркеу тобы) Клиникалық түрлері: А) аздаған анатомо-функциональды өзгерістермен Б) айқын анатомо-функциональды өзгерістермен В) Туберкулема Процессті ағымы бойынша ажыратады (жедел, жеделдеу, созылмалы); таралуы бойынша (жатыр, жатыр мойны, вульва, қынап, ішперде, асцит); фазалары бойынша (инфильтрация, сорылу, әктену, тыртықтану) бациллошығаруы бойынша (ВК+, ВК-)
Достарыңызбен бөлісу: |