Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары



бет8/18
Дата14.09.2023
өлшемі1,72 Mb.
#107397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
496624.pptx

Созылмалы эндометрит. Қабыну аурулары ұзақ ағымда болғанда жатырдың бұлшықетті қабатына да өтеді. Осы кезде бұлшықет клеткалары дәнекер тініне ауысады. Созылмалы эндометрике әкелетін жатырлық қан кетуге байланысты жасалған қырулар, босанудан кейінгі және түсіктерден кейінгі эндометритті дұрыс емдемегеннен болады, сонымен қатар кесар тілігінен кейінгі тігістер мен жатырішілік контрацепция ұзақ тұру салдарынан да болады.

Клиника. Жиі эндометриттің белгісі ұзақ және көпмөлшерлі етеккір (гиперполименорея), сирек-ациклдік қан кетулер. Бөліністер кілегейлі-іріңді түрде болады. Іштің төменгі жағындағы, сегізкөздегі және бел аймағындағы тұрақты ауырсыну. Бимануальды зерттегенде жатырдың ұлғаюы және тығыздалуы, қазғалғыштығы шектелген. Бұл кезде үйреншікті түсіктер дамиды.

Диагностика. Анамнезі негізінде, аурудың клиникалық көріністері негізінде, эхографиялық зерттеу негізінде, эндометрий құрамын гистологиялық зерттеу негізінде қойылады.

Диагностика. Анамнезі негізінде, аурудың клиникалық көріністері негізінде, эхографиялық зерттеу негізінде, эндометрий құрамын гистологиялық зерттеу негізінде қойылады.

Емі. Комплексті ем тағайындалады, оның құрамына физиобальнеотерапия, ол гемодинамиканы жақсартады және эндометрий мен аналық безінің функциясын күшейтеді. Қосымша ультрадыбыс, электрофорез, емдік балшық, озокерит, параферит, радон сулары (ванналар). Аналық безінің гипофункциясы болса гормонотерапия тағайындалады. Десенсебилизациялық және жалпы әлдендіретін ем тағайындалады. Жатырлық қан кету болса симптоматикалық қан кету терапиясы жүргізіледі. Жатыр қуысын антисептиктермен жуу немесе ағынды дренаж қоюға болады.

Сальпингоофарит – жатыр қосалқыларының қабынуы. Көбінесе қынаптан, жатыр қуысынан инфекцияның өрлемелі түрде жайылуы нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар жанасып жатқан мүшелерден немесе гематогенді жолмен таралады. Қабыну алғашында жатыр түтігінің кілегейіне, сосын басқа да қабаттарына таралады. Жатыр түтігінде жинақталған экссудат қабырғаларының бір біріне жабысып қуысын бітейді. Егер жатыр түтігінің қуысы толығымен жабылса қап тәрізді түзіліс пайда болады (сактосальпинкс). Жатыр түтігінде серозды сұйықтық жиналса гидросальпинкс деп атайды, ол екі жақты немесе бір жақты болуы мүмкін. Микроағзалардың вируленттігі жоғарылап, организм қорғаныш күші төмендесе, сұйықтық іріңге айналып пиосальпинкс дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет