Сальпингоофарит – жатыр қосалқыларының қабынуы. Көбінесе қынаптан, жатыр қуысынан инфекцияның өрлемелі түрде жайылуы нәтижесінде дамиды. Сонымен қатар жанасып жатқан мүшелерден немесе гематогенді жолмен таралады. Қабыну алғашында жатыр түтігінің кілегейіне, сосын басқа да қабаттарына таралады. Жатыр түтігінде жинақталған экссудат қабырғаларының бір біріне жабысып қуысын бітейді. Егер жатыр түтігінің қуысы толығымен жабылса қап тәрізді түзіліс пайда болады (сактосальпинкс). Жатыр түтігінде серозды сұйықтық жиналса гидросальпинкс деп атайды, ол екі жақты немесе бір жақты болуы мүмкін. Микроағзалардың вируленттігі жоғарылап, организм қорғаныш күші төмендесе, сұйықтық іріңге айналып пиосальпинкс дамиды.
Түтіктегі сұйықтық көбейген жағдайда іштің төменгі жағындағы ауырсыну болады.
Егер түтіктің ампулярлы шетінде аналық безбен жабысқақтық пайда болса тубоовариаьлды түзіліс пайда болады.
Клиника.Сальпингоофарит жедел, жеделдеу, және созылмалы болады. Сальпингоофариттің жедел түрінде белдегі және іштің төменгі жағындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, дизуриялық және диспепсиялық бұзылыстар. Шеткі қанда: ЭТЖ-ның жоғрылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, альбуминоглобулинді коэффиценттің төмендеуі. Пальпацияда іштегі ауырсыну, бұлшықеттік қорғаныш симптомы. Егер процесс оң жақтық болса клиникасы жедел аппендицит белгілерімен ұқсас болады.
Клиника. Сальпингоофарит жедел, жеделдеу, және созылмалы болады. Сальпингоофариттің жедел түрінде белдегі және іштің төменгі жағындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, дизуриялық және диспепсиялық бұзылыстар. Шеткі қанда: ЭТЖ-ның жоғрылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, альбуминоглобулинді коэффиценттің төмендеуі. Пальпацияда іштегі ауырсыну, бұлшықеттік қорғаныш симптомы. Егер процесс оң жақтық болса клиникасы жедел аппендицит белгілерімен ұқсас болады.
Созылмалы ағымында қосалқылар тығыздалған, қозғалысы шектелген, аздап үстінен басқанда ауырсынады. Созылмалы сальпингоофарит ұзаққа созылып, жиі өршу береді. Өршудің себебі екіншілік инфицирлену, салқындау, шаршау т.б.