Комедия өмір құбылыстарының, адамның мінез-құлқының, іс-әрекетінің күлкілі жақтарын көрсету мақсаты мен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарма.
Трагедия - өмірдегі шиеленіскен күрес-тартысты, бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін, белдескен күресін, қақтығыс таласын суреттейтін драмалық шығарма. Көбінесе кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталады.
Пьеса драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Пьесада прозадағы, поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды, барлық оқиғасы, ойы, кейіпкерлер бейнесі – бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы жасалынады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады.
Проза - қара сөзбен жазылған шығармалар.
Поэзия - көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде жазылған әдеби шығармалар.
Жыр - 1) поэзиялық шығармалардың жалпы атауы; 2) қазақтың халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық Шығарма жанры.
Жырау - өз жанынан шығарып жыр айтатын және эпиҡалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жыршы - жыр айтушы, таратушы. Жыршы бұрыннан белгілі жырды, халық дастанлары мен поэмаларды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Кейбір жыршылар өз жанынан да өлең-жыр шығарады.
Терме _ лирикалық өлеңдердің үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өнеге-насихат ретінде келіп, белгілі бір ырғақпен орындалатын түрі.
Толгау - көне дәуірлерде туып, қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір тұрі, философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі, табан астында суырып салып айтуға құралған лиро-эпостық жыр. Толғау - күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.
Дастан - ауыз әдебиетіне жататын жанр. Дастан Орта Азия, Таяу Шығыс халықтары мен қазақ халқының арасында кең тараған. Қазақ дастандарын тақырыптарына қарай тарихи жырлар, батырлар жыры, лиро-эпостык жырлар, қиссалар деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |