ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938) "Ілияс Жансүгіровтің ірі поэмалары - "Дала", "Күйші", "Құлагер". Осы үш поэма
тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы да аса биік ірі сапа табады. "
(М. Әуезов)
"Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың
бірі. " (Ә. Тәжібаев)
"Ілияс Жансүгіров - өртеңге шыққан құдіретті өрт ақын. Ақындық бауырын
Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қатыда опат болды. " (Сағат Әшімбаев)
Туған жері: бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысы (қазіргі Алматы облысы, Ақсу
ауданы).
1927 жылы "Беташар" деген тұңғыш өлеңі, 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш
кітабы шықты.
Поэмалары: "Дала" (1930), "Күй" (1929), "Күйші" (1934), "Құлагер" (1936), "Көбік
шашқан", "Жорық";
Романы: "Жолдастар";
Пьесалары: "Кек", "Түрксіб", "Исатай-Махамбет".
• І. Жансүгіровтің туып-өскен өлкесі: (Жетісу өлкесінің перзенті)
• Ел ішінде сері болып, келіннің бетін ашып, өлгенге жоқтау шығарған ақын:
(I. Жансүгіров)
• Өнер, өнер адамы жайлы жыр, поэма жазған ақын: (І.Жансүгіров)
• Алматы қаласындағы үш айлық мұғалімдер курсын бітірген қаламгер:
(1.Жансүгіров)
Одаққа аты кетіп, 1934 жылы Қазақстан жазушылары ұйымының басшысы
болып, КСРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлеген ақын-жазушы:
(1. Жансүгіров)
• "Ақындықтың Құлагері" атанған ақын: (
атанған ақын: (І. Жансүгіров)
"Сөз Құлагері", "Өнер жаршысы", "Күй жаршысы" атанған дүлдүл ақын:
(LЖансүгіров)
• Ел ішінде сері болып, келіннің бетін ашып, өлгенге жоқтау шығарған ақын:
(1. Жансүгіров)
• Максим Горькиймен шығармашылық байланыста болған қазақ қаламгері:
(1. Жансүгіров)
• І. Жансүгіров оқыған білім ордасы: (Москва журналистика институты)
• 1. Жансүгіровтің Мәскеудегі Журналистика институтында білім алған
жылдары: (1926-1928 ж.ж.)
• І. Жансүгіровтің еңбегі: ("Қысқаша өмірбаяным" (1928)
• І. Жансүгіров "Қысқаша өмірбаянда" өзі көрсеткендей, 1916 жыл неліктен
ерекшеленеді? (Абайдың өлеңдер жинағы қолына түседі)
• Өзінің "Қысқаша өмірбаянында" Абай өлеңдерін қолынан тастамай
оқығанын жазған қаламгер: (І. Жансүгіров)
*** "Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиеті менің бәрін Абай кітабы жоққа
шығарғандай болды…» - деп «Қысқаша өмірбаянында" жазған ақын:
(*LЖансүгіров)
• І. Жансүгіров 1927-1937 жылдар арасында қалай еңбектенген?
(Жиырмадан астам кітап шығарды)
• І. Жансүгіровтің алғашқы өлеңдер жинағы: ("Сағанан"(1928, Қызылорда)
• І. Жансүгіровтің 1928 жылы жарық көрген жинағы: («Сағанақ»)
• Қай ақынның алғашқы өлеңі «Беташар» деп аталады? (І. Жансүгіровтін)
• І. Жансүгіровтің стиль өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы қашан байқалған?
(Алғашқы өлеңдерінен-ак)
• Жансүгіровтің балалар ұғымына, жаттауына оңай, ойнақы өлеңдері:
("Жазғытұрым", "Күз")
• "Жас қанжары - жүректің жігері.
Өнер, оқу- жастың қару-жарағы…" - деген тармақтар алынған
I. Жансүгіровтің шығармасы: ("Оқимын")
• І. Жансүгіровтің "Саналы жастарға", "Оқимын" өлеңдерінің тақырыбы:
(Оқу-білім)
• І. Жансүгіров қандай тақырыпқа арналған өлеңдерінде монолог, диалог,
шағын скетч, драмалық көрініс үлгілерін пайдаланған: (Өтірік белсенді,
молда, НЭП заманындағы жағымсыз элементтерді шенегенде)
• І. Жансүгіровтің "Құқ" жинағы қандай шығарма? (Сықақ әңгімелер мен
фельетондар)
• 1. Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондары топталған жинағы:
("Құк"(1933)
• "Өк, көк өгіз" (І. Жансүгіров) қандай сарында жазылған өлең? (Сатиралық
өлең)
• 1. Жансүгіровтің қазақ тілі бейнелеу қуатының керемет күшін көрсеткен,
стильдік-көркемдік тұрғыдан айрықша туындысы: (""жетісу суреттері"
• І. Жансүгіровтің туған өлкесінің табиғаты, аң-құсы, жеміс-жидек, өсімдігі
туралы жазған аса көркем туындысы: ("Жетісу суреттері" (1925)
• І. Жансүгіровтің табиғат лирикасының ішіндегі ең үздік өлеңі: ("Жетісу
суреттері" )
• Қалың көпшілік білетін-білмейтін аң-құстарды көз тұндыра жырлаған
I. Жансүгіровтің шығармасы: ("Жетісу суреттері")
• Табиғат лирикасында натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылары
бар ақын: (1. Жансүгіров)
• Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға
болатындай І. Жансүгіровтің өлеңі: ("Жер түгі"))
• "Жетісу жәндігі", "Жер түгі" тараулары І. Жансүгіровтің қай
шығармасынан? ("Жетісу суреттері"); (Аң-құстың 51 турі, өсімдіктің 89 түрі
қамтылған)
"Тарбиған Тарбағатай - жердің құты,
Барлық - ол «қыдыр түнеп көшкен жұрты. " Үзінді алынған І. Жансүгіровтің
шығармасы: ("Тау суреті")
*** І. Жансүгіровтің әйгілі Қарқара жайлауы суретіндегі жер атау(лар)ы:
(*Былшықай, Бесжырғалан)
• І. Жансүгіровтің "Жетісу суреттері" өлеңінің бірінші тарауы қалай
аталады? ("Жалпы сын") (2-тарау "Таусуреті", 3-тарау "Жетісуда су
суреті", 4-тарау "Жетісу жәндігі", 5-тарау "Жер түгі")
• "Мен Ілиясты бұрын да білуші едім. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын
екенін мойындағаным «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін, " -деген
пікірдің авторы: (М. Әуезов)
• І. Жансүгіровтің бар табиғатын жырға қосқан қазақ даласы: (Жетісу)
• Пейзаждық лирикаға жататын 8 тармақты 3 шумақтан тұратын туынды сын
I. Жансүгіров қалай атаған: ("Мезгіл суреттері"1923 ж.)
• І. Жансүгіровтің табиғат лирикасына тән ең негізгі көркемдік принципі:
(Өлең тармақтарының бастапқы сөздерін ұйқастыру)
• І. Жансүгіровтің "Жазғы таң", "Желді күн" өлеңдері жататын лириканың
түрі: (Табиғат лирикасы)
• "Гималай", "Жетісу суреттері" өлеңдерінің авторы:
( І. Жансүгіров)
• І. Жансүгіровтің саяси әлеуметтік лирикасындағы арнаулы тақырып: (Қазан
төңкерісінің тарихи сабақтары)
• "Гималай" өлеңі неше бөлімнен тұрады? (2)
• 1. Жансүгіровтің "Сұрақ", "Жауап" деген 2 бөлімнен тұратын өлеңі:
("Гималаи" (1929)
• 1. Жансүгіровтің саяси лирикасының үздігі деуге болатын өлеңі:
("Гималай")
• 1. Жансүгіровтің халықаралық тақырыпқа арналған өлеңі: ("Гималай")
*** Ілиястың күллі Шығыстың сом бейнесін көрсеткен "Гималай"
шығармасында жинақталған жанрлар: (*Саяси лирика; "Сезім лирикасы;
+Табиғат Лирикасы)
*** І. Жансүгіровтің Шығыс бейнесін суреттеген шығармасы: (***Гималай")
*** I.Жансүгіров … тауына арнап толғау-жыр жазған: (*Гималай)
• "Гималай" өлеңінің басталуы: ("Ақшалап басын қар көмін")
"Гималай - көктің кіндігі,
Гималай - жердің түндігі,
Күнін көміп батырған,
Өзенін тас лақтырған. " Шумақтағы ұйқас түрі: (Егіз)
"Гималайда қуат бар,
Қозғалды оны құрауға.
Гималайда ұлы от бар,
Таянып тұр тұтауға." Шумақтағы ұйқастың түрі: (Шалыс ұйқас)
• І. Жансүгіровтің "Гималай" өлеңінің жазылу түрі: (Сұрақ-жауап түріндегі
арнаумен жазылған)
"…Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас!
Қарап жатпа, заманынан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң.
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас, " - үзіндінің авторы: (І. Жансүгіров,
"Замандасқа")
• "Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер,
Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.
Жүрегімнің айнасын шаң басқанда,
Орамалым - осы өлең бетін сүртер," - деген үзінді өлеңнің авторы:
(I. Жансүгіров, "Жанды сөз")
"Еркі желдің еркінде,
Ел емес едім, ебелек.
Көшерді жел, қонарды
Сай білді, жүрдім дөңгелеп, " - деген шумақ алынған І. Жансүгіровтің
шығармасы: ("Ұштасқан үш тілек")
• І. Жансүгіровтің халықтар достығына арналған әсем жыры:
("Мәскеу-Қазақстан")
• І. Жансүгіровтің "Әкемнен қалған көз еді" деп ардақталатын натюрморттық
өлеңінің аты: ("Саптыаяқ")
"Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ аюдың
Әкемнен қалған көз еді, " - деген үзіндіде суреттелетін зат: (Саптыаяқ)
• І. Жансүгіровтің терме үлгісін пайдаланған өлеңі: ("Ұлы күнде" (1923)
• 1. Жансүгіровтің мадақ жыр үлгісін қолданған өлеңі: (" Май тойы"(1923
• 1. Жансүгіронтің аллегориялық кейіптеу әдісін пайдаланған өлеңі:
("Октябрь күні" (1924)
• 1. Жансүгіровтің "Сабын" өлеңі (1923 ж.) жазылған түр: (Дыбыстық
үйлесімге құрылған жеңге монологі)
• 1. Жансүгіровтің өнерге арналған тұңғыш өлеңі: ("Әнші")
• І. Жансүгіров "Әнші" өлеңінде жазған анықтамасы: (Ескі әнші аузынан)
• 1. Жансүгіровтің көсемше формалы эпитеттерден құралған өлеңі:
("Әнтіге")
• 1. Жансүгіров "Әншіге" өлеңінде "Тауықпын, тары тердім Найман
шалдан. "- деген жолдар бар, оның мәні: (Тауық жылы туып, қалың
Найман ішінде өмір сүргенін айтқан)
• 1. Жансүгіров мадақтаған, "бес өрлетіп, қырық қарпып, тоқсан толғап"
салатын әнші: (Әсет)
• І. Жансүгіров "Әншіге" өлеңін арнаған: (Әсетке)
• 1. Жансүгіровтің "Әнші" өлеңіндегі әншінің есімі: (всет)
• Ілиястың атақты әнші, дарынды сазгер, әйгілі ақын Әсет Найманбаевпен
кездескендегі әсерлерін суреттеген өлеңі: ("Тұңғыш тоғысу")
Әң
• [. Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы алғашқы және соңғы поэмасы:
("Мақпал" және "Құлагер")
• 1. Жансүгіровтің "Жорық" поэмасында айтылатыны: (Солтүстік Мұзды
мұхитқа ерлік сапар)
• "Рүстем қырғыны", "Мәйек", "Дала" поэмаларының автары:
(I. Жансүгіров)
*** І. Жансүгіровтің поэма(лар)ы: (***Құлагер"; ***Көбік шашқан")
• І. Жансүгіровтің поэмасы: ("Құлагер"1936 ж.)
• Буын үндестігіне бағынбайтын, жалқы есім болып келетін Ілияс
Жансүгіровтің шығармасы: ("Құлагер")
• Әрі поэма, әрі ән,
Сын есімдердің бірігуінен жасалған.
Жауабын тапсаң, ақылыңа болар сән: ("Құлагер")
"Ескі күн елім көрген енді ойласам,
Көрінер кейде қорлық,кейде мазақ…" - жолдары қай шығармадан алынған?
("Құлагер")
• Ақан сері өміріне жазылған І. Жансүгіровтің поэмасы: ("Құлагер")
• *** I. Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасының кейіпкерлері: (*Ақан;
*Күреңбай; *Батыраш)
• "Құлагер" қандай шығарма? (Таптық, әлеуметтік теңсіздік
тақырыбындағы шығарма)
• Ілиястың "Құлагер" поэмасында суреттелетін тау: (Көкшетау)
Ілияс Жансүгіров суреттейтін тұлпар: (Құлагер
"Құлагер" поэмасында суреттелетін ас: (Сағынайдың асы)
Сағынайдың асы өткен жер: (Ереймен)
"Құлагер" поэмасының "Ас" тарауында көрінеді: (ілиястың азақ өмірінін,
тұрмыс-салттың тамаша білгірі екендігі)
L Жансүгіровтің Сағынайдың асы суреттелетін шығармасы: ("Құлагер")
Болыпты әңгіменің былай басы,
Болды оған жетпіс-сексен жыл шамасы,
Арқада Ерейменді мекен еткен
Керейде Сағынайдың болыпты осы. Үзінді І.Жансүгіревтің қай шығармасынан
алынған? ("Құлагер")
• Атақты Құлагер мерт болған Сағынайдың асын өткізген: (Паң
Нұрмағамбет)
• 1. Жансүгіровтің "Құлагер " поэмасындағы Сағынайдың асында Құлагермен
бірге жарысқа түскен аттың саны: (1300)
• "Құлагер" поэмасындағы Батыраштың жүйрігінің аты: (Көктұйғын)
• "Құлагер" поэмасының кейіпкері: (Ақан сері)
• 1. Жансүгіровтің "Құлагер " поэмасындағы Құлагер кімнің жүйрік аты:
(Ақан серінің)
"Құлагер" поэмасындағы Құлагердің жүйріктігін таныған адам: (Күреңбай)
• 1. Жансүгіровтің "Құлагер " поэмасындағы сыншының аты: (Күреңбай)
• Жануар жүйрігі екен жылқы малдың.
Жері қзақ, күші алдында, өрен жүйрік,
Бітімі өзі айтып тұр жануардың, - деп, Құлагерге баға берген кейіпкер:
(Күреңбай сыншы)
• 1. Жансүгіров "Құлагер " поэмасында қанша жүйрік атқа жырмен сипаттама
жасайды? (Жиырма)
• Құлагерді өлтірген: (Батыраш)
• Батыраш, Қотыраштардың Ақан серіге жасаған қастандығы: (Құлагерді
мерт қылады)
• 1. Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасындағы Құлагердің тағдыры: (Құлагер
өледі)
• "Құлагер" поэмасындағы Құлагердің мерт болуы суреттелетін тарау:
("Жалғыз қазық")
• I. Жансүгіровтің Құлагер қазасынан кейінгі Ақанды тірі өлік сияқты етіп
суреттеу себебі: (Құлагер - Ақанның сұлулық идеалы, оның өлімі -
әншінің көркемдік мұратын өлтіру)
• "Ұнайды өмірімен Ақан маған" деп, Ақан сері туралы ірі шығарма жазған:
(І. Жансүгіров)
"Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,
Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?
Ортасын Олқы көрген бұл да дара,
Имеген иттерге бас сері, дархан, " - деп, Ақан сері туралы айтқан ақын:
(I. Жансүгіров, "Құлагер" поэмасында)
• "Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған, " - деген сөздерді Ақанға арнап кім жазған?
(1. Жансүгіров)
Аттатып атандайын, алшаңдатып,
Желкілдеп қара сақал иyдадайын,
Бұлқынды алып қара бура дайын…" - деген үзінді алынған 1.Жансүгіровтің
шығармасы: ("Құлагер")
"Қайыңдай мінсіз, таудай таза
Көң-қоқыс, былапыттан желіп жүрген. " Бұл 1. Жансүгіровтін кай поэмасының
кейіпкеріне берілген сипаттама? ("Құлагер", Ақанға)
• Ілиястың туған жері, дарқан даласына арнаған поэмасы: ("Дала", 1930 ж.)
I. Жансүгіровтің 300 жылға жуық тарихты қамтитын тарихи-философиялық
поэмасы: ("Дала")
• Қазақ халқының екі ғасырлық өміріндегі негізгі кезеңдерді түгел қамтыған
шығарма (поэма): ("Дала")
• Әр дәуірдегі дала шындығын қамтыған І. Жансүгіровтің поэмасы: ("Дала")
• 1730-1930 жылдар аралығын қамтыған Жансүгіровтің поэмасы: ("Дала")
• 1. Жансүгіровтің "Дала" поэмасының тұлғалы қаһарманы: (Тарихшы шал)
• І.Жансүгіровтің "Дала" поэмасындағы оҗиғалар кімнің көзімен беріледі:
(Тарихшы шалдын)
• "Құрбандық", "Ақтабан", "Бостандық"тараулары І. Жансугіровтің қай
шығармасынан? ("Дала")
• "Ақтабан" деген тарау І. Жансүгіровтің қай поэмасынан? ("Дала")
• І. Жансүгіровтің "Дала" поэмасындағы 1916 жыл оқиғаларына арналған
тарау: ("Толқын")
…Бұрынғы өткен күніңді,
Берейін жырлап елге, анам.
Көргеніңді бүгінгі
Жаз, жаз, қалам, тер қалам… Үзінді алынған поэма: ("Дала".
• "Дала" поэмасының жанрлық ерекшелігі: (Эпика-лирикалық, сюжетті
тарихи поэма)
• "Дала" поэмасы қалай аяқталады? (Қазан төңкерісінің тойында
айтылатын той бастау өлеңімен)
• І. Жансүгіровтің "Дала" поэмасының "Той бастау" тарауындағы көркем
ерекшелік: (Градация)
• І. Жансүгіровтің поэмасынан алынған үзіндідегі көркемдік тәсіл:
Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт, күйіңді тарт!
Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт! (Градация)
• І. Жансүгіровтің "Күй", "Күйші" поэмаларының тақырыбы: (Өнер мұраты,
өнерпаз тағдыры)
• Бес тараудан тұратын, шығарманың басынан аяғына дайін біртұтас
тартылған оқиға жүйесі жоқ І. Жансүгіров шы"Күй")
1. Жансүгіровтің "Күй" поэмасында әңгіме болатын ертегінің аты:
("Бозінген")
• Қобызшы шал Молықбай Ілиястың қай поэмасының кейіпкері? (" Күй",
1929 ж.)
1. Жансүгіров "Жарғақ шап, жарық қобыз, жалғыз дауыс" деп қандай
кейіпкер туралы айтып тұр? (Молықбай)
1. Жансүгіровтің "Күй" поэмасының идеясы деп танығаныңызды белгілеңіз:
(Өнер - өмірге ықпал жасайтын, алға жетелейтін қайрат-жігердің
киелі қайнары)
• Қай шығарманың кейіпкері өнері үшін бостандығынан айырылады?
("Күйші" поэмасының)
Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, оқиғалар
тізбегіне баяндауды суреттеумен үйлестіруді жүзеге асыратын
1. Жансүгіровтің шығармасының аты: ("Күйші")
• І. Жансүгіровтің "Күйші" поэмасын қандай топқа жатқызуға болады?
(Эпико-психологиялық поэма)
• Он жеті тараудан тұратын 1. Жансүгіровтің "Күйші" поэмасы қандай ұйқас,
неше буынмен жазылған? (11 буынды, қара өлең ұйқасы)
• І. Жансүгіровтің Хан Кене бейнесі кездесетін поэмасы: ("Күйші",1934 ж.)
• "Күйші" поэмасындағы қай кейіпкердің сөзі?
"Үйсіннің ерулігі болар бізге,
Бергенім басы бүтін байлап басын. " (Кенесарынын)
• Кенесары ханның Жетісуға келген жеті оқиғасын суреттейтің
I. Жансүгіровтің туындысы: («Күйші»)
*** «Күйші» поэмасының кейіпкер(лер)і: (*Кенесары; *Қарашаш; *Сары
үйсін күйшісі)
*** І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының кейіпкер(лер)і: (*Хан Кене;
*Қарашаш; *Сабақ)
• І. Жансүгіровтің "Күйші" поэмасында Күйші жігіттің Қарашаш қаталдығын
көрген кезде тартқан күйлері: ("Атылған аққу", "Суға кеткен")
• Ілиястың "Күйші" поэмасындағы басты кейіпкер: (Күйші дейді, аты
аталмайды)
• "Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің. " Шумақтағы дыбыс үндесу тәсілі: (Аллитерация)
• Көркемдік тәсілдің түрі:
"Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз… "(Теңеу)
"Көгінен нұр төгілген,
Жерінен дүр, гүл өнген -
Жердегі ұжмақ
Бұл қай жақ?"- деген шумақ ("Қазақстан") қандай ұйқас? (Erisз ұйқас)
… Тоқсыртып кәрі аршаны от маздатқан,
Шал үйін сағынушы ек біз ерекше… ( І.Жансүгіров "Күй")
Осындағы "тоқсыртып" сөзінің мағынасы: (Оттағы отынды
шашыратпай, ысырып жию)
• І. Жансүгіровтің романы: ("Жолдастар", 1935 ж.)
"Кек", "Турксиб", "Исатай Махамбет" пьесаларының авторы:
(1. Жансүгіров)
• Жансүгіровті "Қазақ поэзиясының Құлагері" деп атаған сыншы:
(М. Қаратаев)
• "Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан 1. Жансүгіров қазақ
әдебиетінде айрықша орын алады, " - деген пікірдің иесі: (Қ. Жұмалиев)