Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893-1920)



бет69/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ (1893-1920)
"С. Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді. " "Қазақ
халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған С. Торайғыров - халықтың
біртуар аяулы перзенттерінің бірі. " (Б. Кенжебаев)
"Сұлтанмахмұт - от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен
тұлпар талант еді. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады. " (С. Қирабаев)
Туған жері: бұрынғы Омбы уезі, Шағырай болысы, Қарауыл Шабар ауылы (қазіргі
Ақмола облысы).
(1918),
"Айтыс"
Позмалары:
"Кедей"
(1919),
"Адасқан
өмір"
(аяқталмаған, 1919-1920 ж.ж.), "Таныстыру" (1918); ("Қайғы" поэмасының 28 жолы
ғана жеткен)
Романдары: "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (Өлеңмен жазылған, 1915).
Прозалық шығармалары: "Зарландым" (1912), "Ауырмай есімнен жаңылғаным
(1913), "Жазықсыз тамган қан", "Сақып пен Және тұрсын" әңгімелері;
Мақалалары: "Социализм", "Жаңа кітап", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?
"Өлең һәм айтушылар", "Қазақ тіліндегі өлең кітап.
• С. Торайғыров дүниеге келген жыл: (1893 жыл)
С. Торайғыровтың туған жері: (қазіргі Көкшетау (Ақмола) облысы,
Қызылту ауданы)
• С. Торайғыровтың әкесінің шын аты: (Әбубәкір)
• Шоқпыт (Әбубәкір) - кімнің әкесі? (С. Торайғыровтың)
*** С. Торайғыров: (*Публицист; *Прозаик; *Ақын)
С. Торайғыровтың 1912 жылы Троицк қаласына бару мақсаты: (Оқуды
эрмандады)
• С. Торайғыров білім алған медресе: (Ахун Рахманқұли медресесі, Троицк
қаласы, 1912 ж.)
• Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жер: (Павлодар, соның ішінде
Баянауыл өлкесі)
• С.Торайғыровты малай орнына жұмсап, өлең жазуына тыйым салған
молданың аты: (Әбдірахман)
С. Торайғыров Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен үйренгені: (Қазақ,
татар тілінде шыққан әдеби кітап, газет-журналдарды оқып, пән
негіздерін үйренді)
• Сұлтанмахмұттың ақындық талабын қкүптап, батасын берген ұстаз:
(Мұқан)
• Абай дәстүрін жалғастырушы ақын: (С. Торайғыров)
• Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысып, "Алаш
ұранын" жариялаған ақын: (С. Торайғыров)
• Алаш партиясының ұранын жазған ақын: (С. Торайғыров)
• С. Торайғыров қызмет еткен журнал: ("Айқап")
• Сұлтанмахмұттың 1917 жылы "Сарыарқа" газетінде қандай мақаласы
жарияланған? ("Әлиханның Семейге келуі")
• С. Торайғыров үлгі тұтқан татар ақыны: (Ғабдолаа Тоқай)
• "Шоң серіктігі" мәдени-ағарту ұйымын құрмақшы болған ақын:
(С. Торайғыров)
• "Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай
барамын, " - деп, өмір сүргісі келген қаламгер: (С. Торайғыров)
• "Жұмасына екі ғана обед етем, құр шай мен нан. Соната да қайғырмаймын. Бір
тиыным қалғанша оқимын. " Сөйтіп жүріп ауруға ұшыраған ақын:
(С. Торайғыров)
• "Қатонқарағайдан кеткенім - ызаға шыдамадым, қан көру үшін кеттім.
Қолымдағы қаражатым бір-ақ ай тұруға жететін есі, " - деп жазған:
(С. Торайғыров)
• "Адамнан туып, адам ісін етпей,
Үялмай не бетіммен көрге барам, " - деген өлең жолдары ғұмыр бойғы
тіршілігінің бағдарламасы болған ақын, қайраткер: (С. Торайғыров)
• С. Торайғыровтың "Айқапта" жарияланған әйел теңсіздігі жайлы мақаласы:
("Ауырмай есімнен жаңылғаным")
• С. Торайғыровтың өлеңі: ("Шәкірт ойы", 1912 ж.)
• Сұлтанмахмұтқа тән сипат: (Қараңғы Қазақ көгіне күн болғысы келген)
• Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келіп, тұрмыстың қиыншылығын
ескермеген оптимист ақын: (С. Торайғыров)
С.Торайғыровтың "Қараңғы қазақ көгіне…" өлең жолының екінші тармағы
(Өрмелеп шығып күн болам)
"Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?" - деген шумақтың авторы: (С. Торайғыров)
• С. Торайғыровтың арман-тілегі, мақсат-мұраты көрінетін өлеңі: ("Шәкірт
ойы")
• С. Торайғыров "Оқудағы мақсат не?" деген өлеңінде өз мақсатын қалай
ашып көрсетеді? (Өнер табу, пайдалы іс табу)
• "Жас жүрек" (1917 ж.) кімнің өлеңі? (С. Торайғыровтың)
• "Ендігі беталыс" өлеңінің авторы: (С. Торайғыров)
*** С. Торайғыровтың оқу-білім тақырыбындағы өлең(дер)і:
(*«Шәкірттерге»; *«Оқып жүрген жастарға»; *«Анау-мынау»)
• С. Торайғыровтың өлеңі: ("Оқып жүрген жастарға")
• Жасамаймын: "Еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп".
Жасаймын: " Бір қолғабыс
Кейінгіге берем деп, " - деген үзіндінің авторы: (С. Торайғыров)
"Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал…" - деген жолдар алынған
Сұлтанмахмұттың өлеңі: ("Бір адамға")
• Сұлтанмахмұттың Шорман балаларының дүниеқоңыздығын, шен-шекпенге
құмартушылығын сынаған өлеңі: ("Бір адамға")
"Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын!" тармақтарының астарында
негізделген: (Зілді кекесін)
• Сұлтанмахмұттың "Бір адамға" деген өлеңін арнаған адамаың аты-жөні:
(Шорманның баласы Сәдуақас)
• С. Торайғыровтың "Бір адамға" өлеңінде қолданылған көріемдегіш тәсіл:
(Ирония, сарказм)
"Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Қастарында азап тұр. " Үзінді алынған Сұлтанмахмұттың өзені: ("Анау-
мынау")
"Мен - балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған, " - өлең жолының авторы: (С.)орайғыров)
С. Торайғыровтың:
"Мен - балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған, " - деген өлең тармақтарындағы буын
саны мен ұйқас түрі: (11 буынды, қара өлең ұйқасы)
• Ресей ең шұрайлы жерлерін тартып алғандағы ел мұңын суреттейтін
С. Торайғыровтың өлеңі: ("Жазғы қайғы")
С. Торайғыровтың таптық теңсіздіктен туатын кедергілер мен кеселдердің
табиғатына талдау жасап жазған өлеңі: ("Кедейлік")
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Соктіріп малы барлау надан насқа…
Маған салса, кедейлік аты өшкірді,
Дер едім, тұрмастай қып жерге көмсін…("Кедейлік")
"Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз?" - өлеңінің авторы: (С. Торайғыров)
• "Шығамын тірі болсам, адам болып" өлеңінің авторы: (С. Торайғыров)
• Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. Үзіндінің авторы: (С. Торайғыров)
С. Торайғыровтың "Сарыарқаның жаңбыры" өлеңіндегі "жаңбыр" деген
сөздің символдық мәні: (Ақпан революциясының кейінгі жаңғыру
нышаны бейнесінде алған)
*** С. Торайғыровтың поэмалары: (***Айтыс"; ***адасқан өмір";
*"Таныстыру")
• С. Торайғыровтың Алаш ардақтылары туралы жазған шығармасы:
("Таныстыру"(1918)
• С. Торайғыровтың "Таныстыру" поэмасындағы таныстырылғандар: (Абай,
Шәкәрім, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә. Ермекұлы,
Х. Досмұхамедұлы, Ж.Ақбайұлы, Нәзипа және Нұрғали Құлжановтар,
Р. Мәрсеков, т.б.)
• 1918 жылы жазылған С. Торайғыровтың сюжетсіз жазылған поэмасы:
("Адасқан өмір")
• С.Торайғыровтың"Адасқан өмір"шығармасының жанна: (Поэма)
• С. Торайғыровтың поэмасы: ("Адасқан өмір") (5 бөлімнен тұратын, сюжетсіз
поэма; Бөлімдері: "Мен бала", "Мен жігіт", "Мен тоқтадым", "Мен кəрі", "Мен
өлік")
• С. Торайғыровтың адам өмірінің барлық кезеңін суреттеуге арналған
поэмасы: ("Адасқан өмір"); //Сұлтанмахмұттың бала өміріне ұмтылу,
талпыну, есеюге құмарлық қасиеттерін суреттейтін поэмасы: ("Адасқан
өмір");
• "Адасқан өмір" поэмасы кімнің атынан баяндалады? (Лирикалық
кейіпкердің)
• "Адасқан өмір" поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманы:
(Әділет жолы, шын бақытты өмір)
• Үзінді Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.
Мен мейгит он без-отыз арасында,
Бұл жаста көп: бересі-аласы да
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мына сын ба?… (" Адасқан өмір")
• С. Торайғыровтың "Кім болам?" деп шарқ ұраттн лирикалық кейіпкері бар
туынлысы: ("Адасқан өмір")
• С. Торайғыровтың поэмасы: ("Кедей")
С. Торайғыровтың өзін бай баласы Жақыпшен салыстырып, ескі өмірден
безінетін кейіпкері бар туындысы: ("Кедей")
• С. Торайғыровтың аяқталмаған поэмасы: ("Айтыс")
С. Торайғыровтың романы: ("Қамар сұлу")
• Проза мен поэзияның араласуымен жазылған С. Торайғыровтың
шығармасы: («Қамар сұлу» романы)
• С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" романы қандай туынды? (Әлеуметтік
роман)
• С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" романының кейіпкерлері: (Қамар (15
жаста); Омар - Қамардың әкесі; Қасен - Қамардың ағасы; Ахмет - Қамардың
сүйген жігіті; Жорға Нұрым - Қамардың күйеуі (50 жаста); Қалтай қажы, Оспан
бн - Нұрымның жемтіктес достары)
• "Қамар сұлу" романындағы көтерілген мәселе: (Әйел теңсіздігі)
• Қамар сұлудың бейнесі: (Өмір шындығынан қорытылып алынған
бейне)
• Жаңашылдықты көксеген Қамар, Ахмет, Омар, Қасен сияқты кейіпкерлер
бар С. Торайғыровтың шығармасы: ("Қамар сұлу")
• С. Торайғыровтың бір шығармасындағы қай қызды жынданған деп, соққыға
жығып, басын тесіп өлтіреді? ("Қамар сұлу", Қамарды)
• С. Торайғыровтың бақсы-балгерге сенудің қажеті жоқтығын дәлелдейтін
шығармасы: ("Қамар сұлу")
• Тойда айтылатын "Жар-жар" жыры "Зар-зар" болып өзгертіле айтылатын
туынды: ("Қамар сұлу")
• "Қамар сұлу" романындағы Қамар мен Қасеннің әкесі: (Омар)
• Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам, мейірімді әке:
(Омар)
• "Қамар сұлу" романындағы ауқатты ортадан шыққан, аса сұлу, шешен
ақын қыз: (Қамар)
• "Қамар сұлу" романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт,
жаңа дәуірдің өкілі: (Ахмет)
• "Қамар сұлу" романындағы жас буынның жаңашыл өкілі: (Ахмет)
• "Қамар сұлу" романындағы Қамардың сүйген жігіті, басты кейіпкердің бірі
(Ахмет)
• "Қамар сұлу" романындағы ұнамды кейіпкерлер: (Ахмет, Омар, Қасен)
"Қамар сұлу" романында ұнамды ойларымен, турашыл іс-әрекеті мен есте
қаларлық бейне: (Қасен)
• Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейне: (Жорға Нұрым)
• С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" романындағы Нұрым деген кейіпкердің
Қамарға қатысы: (Айттырған адам)
• "Қамар сұлу" романындағы Бәйтік молда, Көңілбай бақсы: (Дін иелері)
• "Қамар сұлу" романындағы Жорға Нұрымның жақтастары: (Қалтан қажы,
Оспан би)
• "Бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір
түрлі нысаналы жануар еді. " Берілген портрет: (Нұрымның бейнесі)
• "Қамар сұлу" романындағы Қамардың "Ататай, ашық болдым мұрыныңа"
өлеңі қарата айтылатын кейіпкер: (Жорға Нұрым)
• С. Торайғыровтың "Қамар сұлу" романындағы Қамардың өлеңі арналған:
"Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрамына.
Кірпідей аяқ-қолы жнырылған,
Қосылар күн болар ма тұлыбыма?" (Жорға Нұрымға)
С. Торайғыровтың Құрбан қажыдан естіген әңгіме, аңыздарды қандай атпен
баспасөз бетінде жариялады? («Жалаңаш баба») (және «Ескі сөз», «Ақ
найман Ойсынбай», «Елден» деген атпен)
С. Торайғыровтың Құрбан қажының ауылында жүріп жазған көрнекті
шығармасы: ("Кім жазықты?"(1915-1916 ж.)
• Қазақ әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман: ("Кім жазықты?"1)
• С. Торайғыровтың "Кім жазықты?" романының кейіпкерлері: (Тасболат -
бай; Әжібай - Тасболаттың баласы; Жақып - Тасболаттың үлкен баласы; Жаңыл
(Жақыптың жесірі), Жәмила, Зылиқа, Рысты - Әжітайдың әйелдері; Күлтай -
Әжібайдың Жаңылдан туған қызы; Қабыш - Әжібайдың баласы; Байбол - орта
шаруа; Әнуар - мұғалім жігіт; Әппақай - қаланың жаңашыл қызы)
• С. Торайғыровтың негізгі кейіпкерлері қазақтың ел билеуші үстем тап
өкілдері болып келген шығармасы: ("Кім жазықты?")
• Сұлтанмахмұттың қазақ ауылындағы тәрбиесіздік, қоғамдық мешеулік
тудырған жалқаулық, талапсыздық, шаруаға қырсыздықты сынайтын
шығармасы: ("Кім жазықты?")
• "Кім жазықты?" деген туындысы арқылы 5 жастағы балаға 11 жастағы
қызды айттыратын өрескелдікті көрсеткен ақын: (С. Торайғыров)
• С. Торайғыровтың "Кім жазықты?" романында суреттелетін оқиға:
(Тасболат байдың үш буын ұрпағының тағдыры)
• С. Торайғыровтың "Кім жазықты?" романындағы көтерілген мәселе:
(Ұрпақ тәрбиесі)
• Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкерлері бар
С. Торайғыров туындысы: ("Кім жазықты?")
• С. Торайғыровтың "Кім жазықты?" романындағы жаңашыл қыздардың
аттары: (Аппақай, Күлтай)
• Әжібай - қай шығарманың кейіпкері: ("Кім жазықты?")
• Тасболат бай Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан? (" Кім жазықты?"
• Он бес жыл болыс болған Тасболаттың биліктен айырылу себебі: (Орысша
тіл білмегендіктен)
• С. Торайғыровтың жазуынша, жасында алғыр, шешен, зейінді Әжібайды
бұзған: (Тәрбиесіздік)
• Байбол. Берілген кейіпкер қандай шығармадан? ("Кім жазықты?"
романынан)
• С. Торайғыровтың "Кім жазықты?" романындағы Байбол:
(Сұлтанмахмұттың жақсы, әділ ел басшыларын армандағанынан
туған бейне)
• "Кім жазықты?" романында Әжібайға:
"Мазаны алмай, таңдашы сүйгеніңді,
Әзер болса, бір жылғы төлі малдың, " - деп айтқан: (Тасболат)
• С. Торайғыров ХХ ғасыр басында әдебиеттің қандай саласын
қалыптастырған? (Лириканың азаматтық үнін)
• "Сұлтанмахмұт Торайғыров - терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді, "
- деген пікірдің авторы: (Б. Кенжебаев)
• Жақсылық көрсем - өзімнен,
Жамандық көрсем - өзімнен. Авторы: (С. Торайғыров)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет