АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЕВ (1845-1904) "Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ
баласында біз білетін ақын болған жоқ… " (А.Байтұрсынов)
"…қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі." "Абай лебі, Абай үні, Абай
тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,
жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. (М. Әуезов)
"Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе. " (С. Торайғыров)
"Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын
танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. (Н. Назарбаев)
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс
тауының етегі.
Арғы атасы Ырғызбай (1744 ж.ш.-1785), атасы Өскенбай (1778-1850) - өз
заманының атақты билері болған. Әжесі Зере (1785-187)).
Әкесі Құнанбай (1804-1896) -кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған.
шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге
қажылыққа барған, онда қазақтарға арнап үй салдырған; Анасы Ұлжан
(1810-1887).
Құнанбай мен Күңкеден (Әйбөбек, өмір сүрген жылдары белгісіз) - Құдайберді
(1829-1866);
Құнанбай мен Ұлжанның - Тәңірберді (Тәкежан, 1834-1906), Ысқақ (1841-1901).
Ибраһим (Абай, 1845-1904), Оспан (1852-1891);
Құнанбай мен Айғыздан (өмір сүрген жылдары белгісіз) - Қалиолла (1849-1870).
Ысмагул (1852-1931) деген жеті бала туған.
Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғаным нан (т. ж. б. - 1911) ұрпақ жоқ.
Абай мен Ділдадан (1843-1924) - Ақылбай (1861-1904), Күлбадан (1862-1932),
Әкімбай (1866-1873), Әбдірахман (1869-1895), Магауия (1870-1904). Райхан
(1871-1896);
Абай мен Әйгерімнің (шын есімі - Шүкіман, 1856-1919) - Тұрағұл (1876-1934),
Мекайыл (1884-1931), Ізкәйіл (1895-1929), Кенже (1901-1932).
Әмеңгерлік жолымен келіндей алған әйелі Еркежан нан (1858-1927) ұрпақ жоқ.
("Абай" энциклопедия, 1995 ж.)
Өлеңдері: 176 өлең.
Поэмалары: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім әңгімесі" (аяқталмаған).
Аудармалары: А. С. Пушкин "Евгений Онегин" романынан 8 өлең (188)
М. Ю. Лермонтовтан - 27 олең, И. А. Крыловтың мысалдары.
Қарасаздері - 45 және "Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны турат
Әндері - 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
Күйлері -"Желдірме", "Май түні", "Торжорға".
• Құнанбайдың ұлдарының саны: (Жетеу)
Абайдың әкесінің аты: (Құнанбай)
Абайдың шешесінің аты: (Ұлжан)
Абайдың әжесінің аты: (Зере)
• Абайдың жарының аты: (Әйгерім)
• Абай өмір сүрген ғасыр: (XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Абай Құнанбайұлы өмір сүрген жылдар: (1845-1904 жж.)
• Абай Құнанбайұлының туған жері: (Семей облысы)
• Абай шыққан ру: (Тобықты) (Арғын руынан)
Абайға жеңгелері қойған аты: (Телғара)
• Абайды әкесі ауылдың қай молдасына береді? (Ғабдүл-Жаппар)
Абай оқыған қала: (Семей)
Семейдегі Абай оқыған медресе: ("Ахмет-Риза")
Абайдың шығыс әдебиетімен танысқан оқу орны: ("Ахмет-Риза")
• Абайдың Семейдегі "Приходская школада" оқыған мерзімі: (Үш ай)
Абайды әкесі Семейдегі оқуға жіберген жасы: (10 жас (13 жасында бітіреді)
Абайдың білім алған жерлері: (*Ғабдул-Жаппар медресесі; *Ахмет-
Риза медресесі; *«Приходская школа»)
• ***Абайдың ауылына келіп, жырларымен науқасынан айықтырған
ақындар: ("Барлас; *Байкөкше)
Жасынан Науаи, Фирдоуси, Низами шығармаларын оқып өскен ақын:
(Абай)
• Абай балалық шағында өлең жазуда кімдерге сыйынудан бастаған?
(Шығыс ақындарына: Фзули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Хож
Хафиз)
• Абай ел ішінің ісіне араласты: (13 жастан бастап)
• "Арғы атасы қажы еді" деген Абай өлеңінен көрініс беретін Құнанбай
кажының бейнесіне тән сипаттар: (Ел қамқоры, ақыл иесі, кең пейілді,
әділ)
• Құнанбай туралы: "Жаратылысынан ақыл дарыған, зерек, қара сөзге шешен,
ошлы, тыңғылықты кісі, халқының қамын ойлайтын, қыр елінің әдет-ғұрып заңын
этене шариғат жолына жүйрік, арыс елінің қазақтар жөніндегі заң ережелерін
жақсы біледі, параға сатылмайтын әділ би, үлгіні мұсылман қарадан шыққан
Sунанбайды жүрт пайғамбардай көреді. Оған алыс ауылдардан ақыл-кеңес сурет
улкен-кішілердің бәрі келіп жатады", - деп жазған: (А. Янушкевич, поляк
ғалымы)
Абай: "Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шығыраудағы судан
қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су
артық деп білемін, " - деп кімге айтқан? (Әкесіне)
Абайға: "Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің
басына ел үйірілмейді," - деген мінді кім айтқан? (Құнанбай)
Абайға Құнанбай таққан міндер: (1. Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын
айырмайсың. Өзіңдегі дарынды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің, Көп күлкіге,
болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, күс та
жалайды. 2. Екінші, дос пен қасты сараптанайсың. Досқа до сша, қасқа қасша
қырың жоқ. Ішінде жатқан сыр ұшығы жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды.
Басына ел үйірілмейді. 3. Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың.
Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің!…)
• Абай Қарқаралыдан қайтқан соң қасында болады? (Шешелерінің)
• Жас Абай жұмсақ мінезді, мейірімді алды: (Шешесі Ұлжанның)
• "Абай жолында" Абайға: "Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер, " - деп
айтқан адам: (Ұлжан)
• "Жазыла-жазыла қожа-молдадан ұят болды, енді олмесек болмас, " - деген уытты
қалжыңды айтқан: (Абайдың нағашысы)
• А. Құнанбаев тоғыз жыл басқарған болыс: (Шыңғыс болысы)
• Абайдың пікірлес орыс досы: (Михаэлис)
• Абайдың Семей кітапханасында танысқан пікірлес орыс досы: (Михаэлис)
"Дүниеге көзімді ашқан - Михаэлис, " - деген ақын: (А. Құнанбаев)
• Е.П.Михаэлисті кітапханада Л. Н. Толстой кітабын сұрап таңырқатқан қазақ:
(Абай)
• Жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен Абай қай жылы, қайда кездескен? (1870
жылы, кітапханада)
• Абай қай жылы, кімдермен Михаэлис арқылы танысқан? (1880 жылы
Долгополов, Леонтовпен)
• Абай оқыған философтар: (Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер)
• Абайдың ең жақын досы: (Ербол (М. Әуезов "Абай жолы" романы)
• Абай Тоғжанды алғаш рет көрген жері: (Түйеөркеште)
• Абайдың арманы болған ғашығы Тоғжанның әкесі: (Сүйіндік)
• Абайдың әке шешімімен кімге үйленетінін табыңыз: (Ділда)
• Абайдың қайын атасы, Ділдәнің әкесінің аты: (Алшынбай)
Абайдың жары Ділдә кімнің тұқымы? (Қазыбек бидің)
• - Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жоқ
ем, Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде… Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп
ақтағайсың!… Ақтарсың деп білемін! Тек өмір деген ит жаңсақ бастырмаса екен!
Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарылқасын! - деп Абайға бата берген:
(Байсал)
• - Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!… Жылғы 3-ақ озгені берсе
әкеңнің қаттылығын бермесін! - деп Абайға бата бергені (Бөжей)
Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен
(Дулат Бабатайұлын)
• Абаймен кездесіп, дос болған әнші ақын: (Біржан сал)
• Абай ауылына қонақ болып барған әнші-ақын: (Біржан сал)
• "Абай жолы" романында Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен Арқаның
саңлақ әншісі: (Біржан сал)
• Абайдың "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" деген өлеңіне ән жазған сазгер
(Біржан сал)
• Абайдың аурулығы себепті өндіртіп жаза алмаған кезі: (1900-1904)
• Абайдың тұңғыш жинағы шыққан жыл: (1909 ж.)
• Абай "Балаларыңды әке орнына бағуым қарызым болар, " - деген сөздерді
айтты: (Құдайбердіге)
• Шәкәрімнің Абайға жақындығы: (Немере інісі)
• "Абай" журналында 1918 жылы шығармалары жарияланып тұрған
қаламгер: (Шәкәрім)
• Шәкәрімнің Абайдан үлгі алуға шақыратын өлеңі: ("Жастарға")
*** Абайдың балалары: (*Ақылбай; *Мағауия; *Тұрағұл)
• Ақылбай Абайұлының поэмалары: ("Дағыстан" ("Кәрі Жүсіп"),
"Зұлыс", "Жаррах батыр")
• Мағауия Абайұлының поэмалары: ("Медғат-Қасым", "Еңлік-Кебек",
"Абылай")
• "Еңлік-Кебек" тақырыбына Шәкәрімнен басқа қалам тартқан ақын:
(Мағауия Абайұлы)
• "Медгат Қасым" поэмасы Абайдың қай ұлынікі? (Мағауия)
• Мағауияның "Медгат Қасым" поэмасының оқиғасы болған жер: (Африка
жерінде, Ніл өзені бойында)
• Абайдың өмірден ерте кеткен сүйікті ұлы: (Әбдірахман, 1895 ж.)
• Абайдың:
"Тұла бойың ұят, ар едің,
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тәуекелге нар едің,
Талап пен терең бойлаған, " - деп өлең арнаған ұлы: (Әбдірахман)
• Абай "Көргені мен білгені жүзге келген шалдан көп" деп бағалайды:
(Әбдірахманды)
• Абай: "Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияҙа өрледің,"
(Әбдірахманға)
деп айта.
Абайдың "Әбдірахман өлгенде" деген өлеңінде:
"Талдырла Мәбділ бола мал
Собраны қылсақ керек-ті," - деген жолдағы "тәбеіл" деген сөз: (Өзгеру,
ауысу)
• Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері: (Жоқтау өлең)
• Жамбылдың Жалғызбын деп жүрмесін" деген жолдау өлеңі Абайдың
басына түскен қандай қайғыға байланысты дүниеге келген? (Әбдірахман
дүниеден өткенде)
• Жамбылдың Абайға жолдаған "Жалғызбын деп жүрмесін" деген жолдау
өлеңі: (Көңіл айту өлеңі)
• Абайдың табиғат тақырыбына жазған тұңғыш өлеңі: ("Жаз"(1886)
• Абайдың қазақ ауылының этнографиялық суретін көркем бейнелеген өлеңі:
("Жаз")
• Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
(Көкбайдың атынан)
• Абай өз өлеңдерін өз атынан жариялауға көшкен жыл: (1886 ж.)
• Абайдың алғаш рет өз атымен жариялаған өлеңі: ("Жаздыгүн шілде
болғанда")
• Абайдың алғаш рет көңілі толып, Көкбайдан қайтарып алған өлеңінің аты:
("Жаздыгүн шілде болғанда")
• Абайдың құнына бір ту бие беріп, өзіне қайтарып алған туындысы:
("Жаздыгүн шілде болғанда"")
• Абайдың Көкбайға: "Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын, "
- деп көңілі толған тұңғыш өлеңі: ("Жаздыгүн шілде болғанда")
Абайдың "Жаз" өлеңінде лирикалық қаһарманның бар-жоқтығы:
(Табиғаттағы жаз көрінісін ерекше ұнататын лирикалық қаһарман
сезімі байқалады)
• Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңінің композициясы: (Мезгіл
мен іс-әрекетті бастан аяқ ретімен бұлжытпай беру)
• «Зауал (қатерлі) шақ» деп ырымдайтын кездің жабырқау көрінісін
бейнелеген А. Құнанбайұлының өлеңі: ("Көлеңке басын ұзартып" (1900)
Абайдың орыс, батыс классиктерін еркін оқып меңгергеннен кейін жазған
өлеңі: ("Қыс"(1888)
• Н.Некрасовтың "Аяз ата" өлеңіне ұқсас Абайдың өлеңі: ("Орыс")
• Кейіптеу түрінде жазылған А. Құнанбайұлының өлеңі: («Қыс»)
• Абайдың "Қыс" өлеңінде құбылтудың қандай түрі қолданылған?
(Кейіптеу)
• Абайдың табиғатты тірілту негізінде жазылған өлеңдері: ("Қыс",
"Теректің сыйы")
• Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдері: ("Қараша, желтоқсан
мен сол бір-екі ай"(1889), "Қыс"(1888), "Жазғытұрым"(1890),
"Жаз"(1886), "Күз"(1889), "Желсіз түнде жарық ай"(1888)
"Күз" өлеңінде шендестіріле суреттеледі: (Көшпелі елдің күзгі тіршілі
мен табиғаттың жүдеу тартқан бейнесі)
• "Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай", "Қыс" өлеңдерінің авторы:
(А. Құнанбайұлы)
• А. Құнанбайұлының кедейдің аянышты өмірін баяндайтын өлеңі:
("Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай"(1889)
*** Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын құйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы, - деген жолдар алынған өзен: (*«Қаран
желтоқсан мен сол бір-екі ай»)
• Абайдың "Жазғытұры" өлеңіндегі "Жаңа бұлмен жадырап саудагерлер"
деген жолдағы "бұл" сөзінің мағынасы: (Мата деген ұғым)
• *** А. Құнанбайұлының махаббат тақырыбындағы өлеңдері:
(""Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол»; *"Қақтаған ақ күмістей кең
маңдайлы»; *«Білектей арқасында өрген бұрым»)
• Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі: ("Желсіз
түнде жарық ай"(1888)
• Абайдың Әйгерімге деген жан сезімін білдіреті
карасы"(1891)
• Абайдың өлеңі: ("Білектей арқасында өрген бұрым" (1889)
• "Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар, " - деген үзінді алынған Абайдың шығармасы:
("Кейде есер көңіл құрғырын" (1890)
• Абайдың "Кейде есер көңіл құрғырың" өлеңінің лирикалық кейіпкері:
(Махаббатын таппай күйзелген жан)
• Абайдың жастардың өткінші алдамшы сезімге еліктеу керектігін ескертетін
өлеңі: ("Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол"(1889)
• Абайдың білім жайындағы тұңғыш шығармасы: ("Жасымда ғылым бар
деп ескермедім" (1885)
• "Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім…" - деген өлеңнің үзіндісі: ("Жасымда
ғылым бар деп ескермедім"")
• Абайдың "Интернатта оқып жүр" өлеңінің жаңалығы: (Орыс сөздері"
ұйқастыра отырып, еркін пайдаланады)
• "Интернат, тілмаш, адвокат, прошение" деген сөздер кезлесенин Абайлар
өлеңі: ("Интернатта оқып жүр"(1886)
• Тіл мен теңеу, түр жағынан алғанда жаңалығы бар Абайдың шығармасы
("Интернатта оқып жүр")
pi:
*** Абайдың мәдениет пен ғылымның маңызын насихаттаган өлеңдері:
(*«Интернатта оқып жүр»; *"Жасымда ғылым бар деп ескермедім")
"Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз, " - деген сөз өнері жөнінде айтылатын өлеңнің
авторы: (Абай, "Білімдіден шыққан сөз" (1889)
• Абайдың өнер-білім туралы өлеңі: ("Ғылым таппай мақтанба!",
"Интернатта оқып жүр")
• Абайдың жастарды жақсылыққа, тәрбиелікке үйрететін өлеңі: ("Ғылым
таппай мақтанба"(1886)
• Абайдың білімнің маңызын насихаттаған шығармасы: ("Ғылым таппай,
мақтанба")
• Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" деген өлеңіндегі "Сөзіне қарай кісіні ал,
кісіге қарап сөз алма" деген ойдың авторы: (Ғұламаһи Дауани)
"Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, " - деген үзінді алынған Абайдың өлеңі: ("Ғылым
таппай мақтанба")
• Ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдары айтылған Абайдың өлеңі:
("Ғылым таппай мақтанба")
• Абайдың бес асыл іс, бес дұшпан жайлы айтқан өлеңі: ("Ғылым таппай
мақтанба"); (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым - бес асыл іс; Өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпан)
… Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз. Үзінді А. Құнанбайұлының қандай өзенінен?
(«Ғылым таппай мақтанба»)
• А. Құнанбайұлының жастарға өмірден өз орындарын таба білуді
насихаттайтын өлеңі: («Әсемпаз болма әрнеге» (1894)
"Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан, " - өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен алынған?
(Әсемпаз болма әрнеге)
• Абай "Адамның кейбір кездері" өлеңінде: (Өлең өнерінің өмірге қалай
келетінін сипаттайды)
• Абайдың "Қыран шақырымға қарап", "Мұң мен зарды қолға алып", надандық пен
зұлымдыққа кектенген, "шиыршық атып толғанған" ақынның бейнесін беретін
өлеңі: ("Адамның кейбір кездері")
"Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл, " - деген үзінді алынған Абайдың өлеңі: ("Адамның
кейбір кездері"(1886)
Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың.
Соны көріп соларға,
Қайтіп қана сарнарсың." Абайдың қай өлеңінен алынған? ("Өзгеге, көңілім
тоярсың"(1890)
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы. " Өлеңнің авторы: (1 бой)
"Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?" Сөз өнері жөнінде айтылған үзіндінің
авторы: (Абай Құнанбаев)
*** Абайдың өлеңге, өнерге талап қойған өлеңдері: (*****Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін"; *"Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"; ***Өлең - сөзін
патшасы, сөз сарасы")
"Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бейшарасы." Үзінді алынған Абайдың өлеңі: ("Өлең -
сөздің патшасы"(1887)
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап, - деген өлең тармақтары Абайдың қай
өлеңінен? («Өлең - сөздің патшасы»)
• Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның алатын орны мен қызметі туралы
айтылған Абай өлеңі: ("Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол"(1888)
"Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнауына кірер денең, " - деген үзіндінің авторы: (Абай); Осы
үзінді алынған Абайдың өлеңі: ("Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол")
"Сүйер ұлың болса, сен сүй,
Сүйінерге жарар ол," - деген жолдар алынған Абайдың өлеңі: ("Ата-анаға
көз қуаныш"(1890)
• Абайдың жас ұрпақты достыққа, махаббатқа үгіттеген өлеңі: ("Өкініш"
көп өмір кеткен өтіп"(1886)
• Абайдың достық мәселесі жайындағы өлеңі: ("Жігіттер, ойын ары
күлкі қымбат" (1886)
• "Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, " - деген тармақтар алынған Абайдың өлеңі
("Түбінде баянды еңбек егін салған")
Үзіндінің авторы:
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып сылаңдап ағады су. (А. Құнанбаев)
*** Абайдың әндері: (***Айттым сәлем, Қаламқас"; ***Сегіз аяқ",
***Көзімнің қарасы")
• Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңі: ("Құлақтан кіріп бойды
алар" (1897, М. Лермонтовтың «Звуки» шығармасының сарынымен жазылған)
• Абайдың өз әнімен тараған өлеңі: ("Айттым сәлем, Қаламқас" (1889)
• Абайдың өзі шығарған өлең-әндерінің саны: (20)шақты)
• Абайдың "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа" (1896) өлеңінің негізгі
идеясы: (Әннің әсері)
• Абайдың "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" деген өлеңіне ән жазған
сазгер: (Біржан сал)
• "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" әнінің музыкасын шығарған
композитор: (С. Мұхамеджанов)
• Абайдың саяси-әлеуметтік лирикаға жататын өлеңі: ("Сегіз аяк"(1889)
• А.Құнанбайұлының өз басының мұңын дәуір, халық қайғысымен
үйлестірген өлеңі: («Сегіз аяқ»)
• Абайдың заман, дәуір, оның адамдары жайлы сөзін де, әнін де өзі шығарған
өлеңі: ("Сегіз аяқ")
"Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым - тап шыным, " - деген тармақтардың авторы:
(А. Құнанбайұлы "Сегіз аяқ")
• "Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде, " - тармақтары алынған Абайдың өлеңі: ("Сегіз аяқ")
• "Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған…"
деген жолдар алынған Абайдың өлеңі:
("Сегіз аяқ")
"Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, " - деген жолдар алынған Абайдың өлеңі: ("Сегіз
аяқ")
• Қасым Аманжоловтың Абайдың "Сегіз аяқ" өлеңіне еліктеп жазған
шығармасы: («Шықтым өмір шыңына»)
• Болыстың өз портретін өзіне жасататын Абай өлеңі: ("Болыс болдым,
мінеки"(1889)
• Ел билеушілерінің типтік бейнесін тудыратын Абайдың өлеңі: ("Болыс
болдым, мінеки")
"Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап, " - деген тармақтар алынған Абайдың өлеңі:
("Болыс болдым, мінеки")
• Бас пайдасы үшін елдің берекесін бұзған алаяқтардаң типін бейнелеген
А. Құнанбайұлының өлеңі: ("Сабырсыз, арсыз, еріншек"(1887)
• Абайдың:
"Қызмет қылып, мал таппай,
Ғылым оқып, ой таппай,
Құр үйінде жатады, " - деген шумағы алынған өлеңі: ("Сабырсыз, арсыз,
еріншек")
• Абай өз шығармаларында ел бұзар тентекті қалай атайды? (Пысық)
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады. Үзінді алынған: ("Сабырсыз, арсыз, еріншек".
Абай)
• Ел ішіндегі алдамшылықты, аяр мінезді шенейтін Абайдың өлеңі:
("Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да"(1886)
*** Абайдың азаматтық лирикаға жататын сыншылдық үлгідегі өлең(дер)і:
(*«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»; *«Сабырсыз, арсыз,
еріншек»; *«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»)
*** Абай өлеңдері: (*«Мәз болады болысың»; *«Малға достың мұңы
жок»)
"Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?" - деген үзінді алынған Абайдың өлеңі:
("Қалың елім, қазағым"(1886)
• "Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?" өлеңі қай жылы жазылған"
(1898 ж.)
"Ашуың - ашыған у, ойын кермек, " - деген өлең жолы алынған Абайды
шығармасы: ("Қартайдық, қайғы ойладық"(1886)
• Абай жазған эпиграммалар (бірқақпайлар): ("Көкбайға", "Күлембайға")
• "Алланың өзі де рас, сөзі де рас, " - деген тармақ алынған өлең: (Абайдікі)
"Сегіз найза қолында көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға, " - деген жолдар алынған Абайды
өлеңі: ("Қансонарда бүркітші шығады аңға" (1882)
• Абайдың "Қансонарда бүркітші шығады аңға"
деген өлеңін
композициясы: (Мезгіл мен іс-әрекетті бұлжытпай беру)
• "Қансонар" деген сөздің мағынасы: (Жер бетіне ең алғаш қар түск
шақ)
• Абайдың "Қансонарда бүркітші шығады аңға"
деген өлеңінде
"қағушылар" деген сөздің мағынасы: (Аң жүретін жерді тінтіп, сүз
қараушылар)
• "Томаға" деген сөздің мәні: (Бүркіттің бас қабы)
• Абайдың шендестіру тәсілін шебер қолданған өлеңі: («Қансонар"
бүркітші шығады аңға»)
• "Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға," тармақтарындағы құбылтудың түрі:
(Шендестіру)
• Абайдың "Аттың сыны" өлеңінен байқалатын ерекшелік: (Шебер
ақындығының үстіне, білгір саятшы, сыншылығы көзге түседі)
• А. Құнанбайұлының білгір сыншылық қасиеті қай өлеңінде байқалады?
(«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»)
• Абайдың "шоқпардай", "бүркіттей" деген екі теңеуден басқа түгел
эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңі: ("Аттың сыны" (1886)
• Абайдың "Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ"
(Суреттеу түрінде)
• Абайдың "Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ" өлеңіндегі жануар:
(Жылқы)
• Абайдың "Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ" өлеңі негізінен қандай
ұйқас түрінде жазылған? (Қара өлең ұйқасы)
Абайдың бастан-аяқ арнаумен жазып шыққан өлеңі: ("Балалық өтті,
білдің бе?")
*** А. Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысал(дар)): (*Қазаға
ұшыраған қара шекпен»; *«Піл мен қанден»; *«Есек пен бұлбұл»)
*** А. Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысал(дар)ы: (*«Шегіртке
мен құмырсқа», «Емен мен шілік»; *Есек пен бұлбұл», «Түлкі мен
қарға»; *«Піл мен қанден», «Бақа мен өгіз»)
• Абайдың Крыловтан аударған мысалдары: ("Шегіртке мен құмырсқа",
"Есек пен бұлбұл", "Қарға мен түлкі")
• Абай "Есек пен бұлбұл" мысалын кімнен аударған? (Крылов)
Абай "Шегіртке мен құмырсқа" мысалын аударған орыс ақыны:
(И. А. Крылов)
«Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер» деген тармақтарда қолданылған құбылтудың түрі:
(Ирония)
Абайдың Крыловтан аударған мысалдары оның аударма дәрежесінің
қандайлық өлшемін көрсететіні: (Төл туындысы сияқты болып кеткен)
• Алғашқы шумақтары ғана сақталған Абай шығармасы: ("Вадим")
• Абайдың ең көп аударған ақыны: (М. Ю. Лермонтов)
• Абайдың Лермонтовтан аударған шығармаларынаң жалпы саны: (27)
• Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармасы: («Бородино»)
(«Қараңғы түнде тау қалғып» - Лермонтов оны Гетеден ардарған)
*** А. Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармалары:
(*«Альбомнан»; *«Теректің сыйы»)
*** А.Құнанбайұлының Лермонтовтан аударғандары: (***Жалау";
"Жартас"; *"Теректің сыйы")
• Абайдың "Боярин Орша", "Демон", "Жалғыз жалау" деген аудармалары
алынған ақын: (М. Ю. Лермонтов)
• Абайдың Гете-Лермонтовтан аударған өлеңі: ("Қаранаы түнде тау
қалғып"(1892)
• Абайдың "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңінің негізі алынған ақын:
(Гете)
• Гетенің мұражайында өлеңі сақталған қазақ ақыны: (А. Құнанбаев)
• Абай алғаш рет орыс классиктерінің қайсысының шығармасын қазақшаға
аударған? (А. С. Пушкин)
• Абайдың А. С. Пушкиннен аудармасы: ("Евгений Онегин")
• Абайдың Пушкиннен "Евгений Онегинінен" аударған үзінді өлеңдерінің
саны: (Сегіз)
• А. С. Пушкиннің "Евгений Онегин" романын Абай қашан аударды? (1889 ж)
*** Абайдың Пушкин шығармаларын ұзақ оқып, зерттеп, оны аударумен
көбірек шұғылданған жылы: (*1889 ж.)
• "Татьянаның қырдағы әніне" айналған Абай аудармасы: ("Евгений
Онегин")
• Абай аудармалары әндерінің ұқсастығы: (Орыс романстарына жақын)
• Абай кімнің шығармасын аудару арқылы шалыс үйінсты өлең түрін
тапкан? (А. С. Пушкиннің)
Абай жазған поэма саны: (3)
• Абайдың поэмалары: ("Ескендір", "Масғұт"Әзім әңгімесі")
• Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)
• Ұлы ғалым, гуманист Аристотель бейнесі кездесетін Абайдың поэмасы.
("Ескендір" (42 шумақ) (1900-1902 жылдар аралығында жазылған)
• Абайдың гуманистік ой-пікірін танытатын шығармасы: ("Ескендір");
(Қақла мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды
ақылға шештіреді)
*** Абайдың "Ескендір" поэмасындағы символдар: (*Алтын қақпа; "Көз
сүйегі)
• Абайдың өсиет-үлгілік қорытындысы баяндалатын "Ескендір" поэмасын
билігі: (Ең соңында)
• Абай сомдаған Ескендір бейнесінің ерекшелігі: (Жауыздық,
тойымсыздық қасиетін сынады)
• Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына
төмендегі мінездемелердің сәйкесі: (Тойымсыз, дүниеқоңыз)
*** Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда. Үзінді алынған поэта: (*«Ескендір»)
па .
• "Масгут" поэмасының оқиғасы туындаған: (Ақынның ақылынан, ой-
үлгісінен)
• "Масғұт" поэмасының түйіні: (Байлық та, хандық та ақылға табынған)
• Абайдың әйелмен достықты қадір тұтатын поэмасы: ("Масғұт" (1887 ж. 44
шумақ)
• Абай "Масғұт" поэмасында жақтаған: (Ер мен әйелдің теңдігін)
• "Ері ашу айтса, әйелі басу айтып отырса, бұрына)дай жау бола ма?" - деген
тармақтар алынған Абайдың шығармасы: ("Масғұт""
• "Масғүт" поэмасында Масғұтқа ұсынылған жемістің түстері: (Ақ, сары,
қызыл)
Үзінді алынған поэма:
"Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны жесең, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ўрғашыда жан болмас сенен қашар"(""Масғұт")
лған оқу
• Абайдың аяқталмай қалған поэмасы: ("Әзім әңгімесі")
• "Мың бір түн" ертегісінің уақиғасы негізінде жазылған Абайдың поэмасы:
("Әзім әңгімесі")
• Абайдың соңғы туындыларының қатарына жататын: (Қара сөздері)
• Абайдың қарасөздері қандай шығарма? (Даналық сөз, философиялық
шолу)
Абайдың қара сөздерінің жалпы саны: (45)
• Дүниенің тылсым сырын танып-білу мәселелеріне тоқталатын сөздері:
("Жетінші", "Он тоғызыншы", "Отыз бірінші", "Отыз сегізінші",
"Қырық үшінші")
• Ар-ұят, адамгершілік мәселелері сөз болатын Абайдың қара сөздері:
("Бесінші", "Он сегізінші", "Он бірінші")
• Ілім-білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық
мінездерді сынауға арналған қара сөздері: ("Алтыншы", "Сегізінші", "Он
бірінші")
"Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, " - деп бастап, тән құмары
мен жан құмарын көрсететін Абайдың нешінші қара сөзі? (Жетінші)
"Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?" (Абайдың
"Он бірінші қара сөзінен")
• Ақыл, қайрат, жүректің ғылымға келіп жүгінгенін сипаттайтын Абайдың
қара сөзі: (Он жетінші қарасөз)
• Абайдың "Он жетінші қара сөзінде" қайрат, ақыл, жүрек үшеуі айтысып,
ғылымға жүгінгенде, ғылымның қайсысын жақтағана: (Жүректі)
* Абайдың "Он жетінші қара сөзінде" жүректі жоғары бағалау себебі:
(Жамандықтан жиреніп, жақсылыққа құмар қылатын жүрек деп
білгендіктен)
• Абайдың қара сөздеріндегі адам бойындағы ұнамсыз мінез, мал табул
теріс жолдарын анықтайтын қарасөзі: (Он сегізінші)
"Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, гылым, ар, мінез деген нәрселермен
озады…" - деген пікірдің иесі: (Абай; 18-қара сөзі)
• Абайдың: "Сөз танымайтын жұртқа сөз ойын қанша, өзіңді танытатын шошу
баққан жақсы депті бір хакім, сол секілді сөз болды, " - деп аяқталатын қарасан
(Он тоғызыншы)
• "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, біліп, ұстап, ескерсе
дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болар
адам білімді болады…" (Бұл пікір Абайдың "Он тоғызыншы қара сөзі не"
• Абайдың білімді, есті, көргені көп "толық" адам болудың жолын көрсетіп
берген қара сөзі: (19)
*** Абайдың қара сөзінен алынған үзінді: "Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды
таниды…».(*Он тоғызыншы)
• Абай өзінің қара сөзінде дұрыс еместігін дәлелдеген, сынаған мақалдары
("Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті", "Періште алтын
көрсе жолдан таяды", "Атың шықпаса жер өрте"; (29-қара сөзінде
мақалды сынады)
• Абай сынаған мақал: ("Жарлы болсаң, арлы болма"; 29-қара сөзінде)
**** Абайдың қара сөздерінде сыналған мақалдар: (*Қалауын тапса, қар
жанады; *Жарлы болсаң, арлы болма; "Атың шықпаса, жер өрте)
(*Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ; Алтын көрсе, періште жолдан
таяды; Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол; Ата-анадан мал тәтті, алтынды
үйден жан тәтті; барлығы 7 мақал; 29-қара сөз)
• *** Абайдың қазақтың мақал-мәтелдерін сынға алатын қара сөз(дер)і:
(*Бесінші; *Жиырма тоғызыншы)
• Абайдың адамға естіген, көрген нәрселерін есінде сақтап, өзіне өмір серік
ете білудің жолдарын айтқан қара сөзі: (31)
• Абайдың естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар екендігін аіть
есте сақтау әдістерін көрсететін қара сөзі: (Отыз бірінші)
• Абайдың "Мінез - ақыл мен ғылымды сақтайтын сауыт" деген афоризмы:
(Отыз екінші қара сөзінде)
• "Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек
түседі, " - деген сөз Абайдың қай қара сөзінен алынған? (Отыз екінші)
• Абайдың тек афоризмдерден тұратын қара сөзі: (Отыз жетінші қара
23 афоризмнен тұрады)
• Абайдың 37-қара сөзінде жинақталған: (Өзі шығарған нақылдары)
• "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім, " - деген пікірдің иесі: (Абай; 37-қара сөзі
• Абайдың 38-сөзінде "күллі дүниедегі өнердің дұлааны" : (Еріншектік)
• Абайдың 38-сөзінде адам баласының өсіп-өну жолындағы ізденер ісіне
алды не болып табылады? (Дос көбейтпек)
Әдістемелік құрал
• Абайдың тек сұраулы сөйлемдерден тұратын қарасөзі: (40)қара сөзі, 21
сұраулы сөйлем)
• "Адам баласының ең жаманы - талапсыз. ": (Абай; 44-қара сөзі)
• «… Ой кеселдері: уайымсыздық, ойыншы-күлкішіндік, я бір қайғыға салыну, я бір
нәрсеге құмарлық пайда болу секілді бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды
тоздыратын нәрселер…» Үзінді А.Құнанбайұлының қай қара сөзінде? (Отыз
бірінші)
• А. Құнанбайұлының «Қайрат, ақыл, жүрек - үшеуі өнерлерін айтысып, таласып
келіп ғылымға жүгініпті, » - деп басталатын қара сөзі: (Он жетінші)
• "Аласыз қара көзі айнадайын" деген жолдағы (Абай) қолданған тіл
айшығы: (Теңеу)
"Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға, "
деген өлең жолында Абай
пайдаланған көркемдегіш тәсіл: (Теңеу)
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел талшыбықтай бұраңдайды. (Теңеу)
Абайдың "Әнді сүйсең, менше сүй" деген өлең тармағындағы кездесетін
көркемдегіш тәсіл: (Теңеудің сирек пайдаланылатын түрі)
(Метафора)
соң (Абай). Көркем бейнелеудің түрі:
"Күн - күйеу, жер қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті, " - деген Абай өлең жолдарындағы бейнелеу
құралы: (Метафора)
"Көздің жасы, жүректің қаныменен,
Ерітуге болмайды іштің мұзын. " (Абай). Троптың түрі: (Метафора)
• Дем алысы - үскірік, аяз бен қар… Қолданылып тұрған айшықтау құралы:
(Метафораның ұлғайған түрі)
"Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдақ - қыс келіп әлек салды, " - деген өлең жылдарындағы метафора:
(Кәрі куда)
• "Сенсің - жан ләззаты,
Сенсің - тән шәрбаты.
Иісің - гүл аңқыған,
Нұрың - күн шалқыған, " шумағында қолданылған құбылтудың түрі:
(Метафоралық эпитет)
"Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер өзіне беріп шырай, " (Абай) - деген өлең шумағындағы
құбылтудың түрі: (Кейіптеу)
"Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні қезермес," деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер:
(Кейіптеу)
"Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы сөзбен Терекке амандасты " (Абай-Лермонтов) - деген жолдарда акт
қолданған тәсіл: (Кейіптеу)
"Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай," - деген жолдарда Абай қолдан
тәсіл: (Кейіптеу)
"Солаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда, " - деген жолдардағы көркемдегіш құра-
(Аллитерация)
• Абайдың 16 тармағы түгелдей "Ж" әрпінен басталатын өлеңі: ("Жайнаған
туың жығылмай")
• Абай ойлап тапқан фразеологизмдер: (Нұрлы ақыл, ылаң ой, саңыра
қайғы, ызалы жүрек)
• Абайдың "шоқпардай", "бүркіттей" деген екі теңеуден басқа түге
эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңі: ("Аттың сыны")
• "Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл. " Абайдың осы өлең
жолдарындағы көркемдегіш құрал: (Эпитет)
"Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, " - деген Абай өлеңіндегі эпитеттер: (Жарық ай,
терең сай)
• "Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,
Ўқсайды қаса сұлу шомылғанға," - тармақтарында құбылтудың қолданылған
түрі: (Шендестіру)
• Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға. (Абай) Осындағы асты сызылған сөзде
қолданылған троптың түрі: (Метонимия)
• "Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға, " (Абай) - деген тармақтардан
метонимия: (Қанды көз)
• Алмастыру (метонимия): "Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға.". (YII)
• Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан ала ауыз… Троптың түрі: (Синекдоха)
• Ұйқастың түрін белгілеңіз.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы. (Қара өлең ұйқасы)
• Абайдың қазақ өлеңінің ұйқас жүйесіне енгізген жаңалығы: (Шалыс
ұйқас); (және егіз ұйқас, аралас ұйқас)
• Абайдың А. С. Пушкинді аудару арқылы тапқан ұйқасы: (Шалыс ұйқас)
• Өлең жолының қандай ұйқасқа құрылған?
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Шалыс ұйқас)
• А. Құнанбаевтың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңінің тармақтары неше
буыннан тұрады? (8-9 буынды)
• А. Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің тармақтары неше
буыннан тұрады? (7-8 буынды)
*** Абай өлеңдерінің түр жаңалықтары: (*6 буынды; *8 буынды өлендер)
• Үзіндіде көріктеуіш құралдың қай түрі қолданылған?
Балалық өтті, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе? (Риторикалық сұраулы сөйлем)
• … Әз түтүга,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр. Осындағы "әз тұтуға" деген сөздің мән-
мағынасы: (Қадірлеуге деген ұғымды білдіреді)
Абайдың "Әбдірахман өлгенде" деген өлеңінде:
"Тағдырға тәбділ бола ма,
Сабырлық қылсақ керек-ті," - деген жолдағы "тәбділ" деген сөз: (Өзгеру,
ауысу)
• Абайдың:
"Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап!" - деген өлең жолдарындағы "-ман"
қосымшасы: (Стильдік мақсаттағы жөнімен ауытқу)
• Мақалға айналған Абай сөзі: ("Азат басың болсын құл, қолдан келмес
іске ұмтыл")
• Абай шығарған нақыл сөз: ("Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық
білуге")
Қара көз, имек қас,
Қараса, жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас. А. Құнанбайұлының өлеңіндегі бунақ пен буын саны: (3
бунақ, 6 буын) (Дұрысы - 2 бунақ)
• Абай қазақ әдебиетіне қандай бағыт алып келді? (Сыншыл реализм)
• "Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,
алған нәрімніің барлығы да - Абайдан, " - деп айтқан: (М. Әуезов)
• Абайды "Қазақ әдебиетінің классик атасы" деп бағалаған жазушы:
(М. Әуезов)
• Абайды "Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн
шуақты асқар биігі" деп атаған: (М. Әуезов)
• Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туынды: ("Абай жолы")
• Ахмет Байтұрсынұлы Абайды бағалаған: ("Қазақтың бас ақыны")
• Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп атаған: (А.Байтырсынұлы)
"Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең - сөздің ұқсаған құдіретіне
Ақыл - қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне …" Шумақтың авторы: (He Жабаев)
"…Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,
Жалыналық, Абайға жүр, баралық!…" - деге
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
• Абай дәстүрін жалғастырушы ақын: (С. Торайғыров)
• Абайдан кейінгі ақындардан таза алты буынды өлеңді бірінші ра
қолданған ақын: (С. Сейфуллин)
• "Ақын" деген өлеңінде Абайды "Сөздің нақышын қиыннан қиыстырған"
ұлы ақын деп бағалаған ақын: (С. Сейфуллин)
• Абайша жазбаған ақындарды «құр ойбайшылар» деген ақын:
(С.Торыайғыров)