Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет86/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Рим империясы (І –V ғғ.)


Октавиан Август және принципаттың қалыптасуы

Рим империясы кезеңдері


Империя (30/27 ж. б.д.д. — 491 ж. б. д.)
Ерте Империя Принципат (27/30 ж. б.д.д. — 193 ж. б.д.)
III ғасыр дағдарысы (193—284 жж.)
Кейінгі Империя Доминат (284—476 жж.)
Октавиан Август монархиялық тәртіпке ашық түрде өту қауіпті екендігін түсінді. Рим қоғамында республикалық дәстүрлер терең орналасқан еді. Сондықтан Рим державасының жалғыз билеушісі бола отырып, Октавиан принципат – монархия қалыптастыруды көздеді. Октавиан ескі республикалық титул «сенат принцепсі» деген атақ алды. Октавианның императорлық императорлық билігі б.д.д. 27 жылдың 13-і қаңтарынан басталады. Осы уақыттан бастап Римде империялық дәуір басталды. Сенат Октавианды өзінің бірінші азаматы – принцепс деп жариялады, ол сенатордың тізімінде бірінші тұрды. Сенат мәжілісінде кез-келген мәселе бойынша алғашқы болып өзінің пікірін айтатын болды. Октавиан елде азамат соғысының аяқталып, тыныштық орнағанын мәлімдеді. Ел арасындағы қауіп-қатер, ұрлық-зорлық атаулының бәрі тоқтатылды. Осымен байланысты сенат оған «Август» (қасиетті деген мағына береді) деген жанама есім берді.
Октавиан іргесін қалап, оның ізбасары болған императорлар жетілдіріп нығайтқан мемлекеттік басқару жүйесі – принципат қалыптасты. Принципат б.д.д. ІІ ғасырға дейін сақталды. Бұл жүйе бойынша республикалық басқару ережесі сақталды, бірақ, билік бір адамның – императордың қолында болды.
Бұл билік мұрагерлік жолмен берілді, демек, императордың ақылдылығы мен дарындылығына қарамады. Бұрынғыдай халық жиналыстары шақырылмады. Елдің бүкіл тұрғындарынан императордың алдына бас иіп тұру талап етілді. Олардың туған күндері де бүкіл халықтық мереке болып тойланып отырған. Олардың мүсіндері храмдарға қойылды. Императордың бұйрығы бүкіл империя үшін заң болып танылды. Заңды бұзушылар өлім жазасына кесілді.
Император Диоклетиан билік жүргізгеннен бастап, өкімет абсолюттік деп танылды. Диоклетиан табиғатынан ақылды, мемлекеттік қызметке аса қабілетті адам болған. Бір өзінің бүкіл Рим империясын басқаруы мүмкін еместігін түсініп, өзіне көмектесетін қосалқы әмірші тағайындайды. Император мен оның қосалқы әміршілері белгілі бір аумақта өкімет билігін жүргізді. Бұларға «Августтар» лауазымды атағы берілді. Ал августтардың «Цезарлар» деп аталған екі көмекшісі болды. Елді басқарудың бұл жүйесі империяның бірлігін сақтап, шекара қорғанысын нығайтуға тиіс болды. Диоклетиан жасаған басқарудың бүкіл жүйесін «доминат» деп атады. Бұл ұғым «шексіз билік» деген мағына берді. Доминаттың саяси негізін монархиялық өкімет пен басқарудың жетілдірілген аппараты құрады. Оның орталығы император сарайы болды.
Шет аймақтарда Рим өкіметі билігін нығайтуға б.з. І ғасырындағы императорлар зор ықпал жасады. Олар аймақ ақсүйектерімен ымыраға келді. Галлдық ақсүйектер сенатқа мүше бола алатын болды. Испания қалаларына латындық үрдісті енгізді, соның нәтижесінде сол қалалардың барлық магистраттары Рим азаматтығына қабылданды. Рим салтын қалыптастыру қарапайым адамдардың да болашағына жол ашты. Міндетін атқарған ардагер жауынгер от басы мен Рим азаматтығын, жер кесіндісін алды және салық төлеуден босатылды.
Римдік өмір салтын тарату мақсатында алыс мекенді елдерде қалалар салынды, қорғандар тұрғызылды, жолдар салынды. Құдайларға және императорларға арнап храмдар салынды. Шет аймақ халықтарына Римдік өмір салты үлкен әсер етіп, олар латын тілін үйренді, римдіктер үлгісіндегі киімдер киді. Рим дәстүрін қабылдауды өздері мақтаныш етті. Осыдан бастап, римдік деп аталу үшін, Рим қаласында тұру міндетті болмады. Сөйтіп, империя аумағында тұратын адамдардың барлығы өздерін римдіктерміз деп санады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет