Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың пайда болуы және әдістері. Салыстырмалы саясаттануды кең мағынасында саяси құбылыстарды (салыс-тырмалы) компаративтік тұрғыда анықтауда саясаттанудың әдісі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл әдісті антикалық әлемде Платон, Аристо-тель т.б. қолданған. Әсіресе салыстырмалы әдіс әлеуметтік және гуманитар-лық ғылымдарда ХІХ ғасырда кең түрде қолданылды. ХІХ ғ. аяғында салыстырмалы саясаттанудың әдістемесі қалыптасты. Оның алғашқылары болып Э.Фримен «Сравнительная политика» (1873 ж.) жатады. Салыстыр-малы бағдарламадағы ізденіс ХХ ғ. жалғасты. 1940 ж. М.Фортес және Е.Притгордың «Африканские политические система» деген кітабының жарыққа шығуымен салыстырмалы саясаттанудың пайда болуында біршама рөл атқарған саяси антропологияның тарихы басталды. Салыстырмалы саясаттану өзіндік ірі бөлім ретінде саяси ғылымдардан 50-жылдары бөлініп шықты. Бұл уақытқа дейін саяси ғылымның әдістеме арсеналында және оның түсінікті категориялды аппаратында саяси жүйенің – жаңа концепциялары жасалып саяси рөлдер және оның қызметі, саяси құрылым, саяси мәдениет, әлеуметтану т.б. қолданыла бастады. Саясаттануда антропологиялық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттанулық концепциялар, сонымен қатар тарихи әлеуметтанудың теориясы мен тәсілдері және әлеуметтанудың өзі айқындалып белгілі болды. Салыстырмалы саясаттануға осы жаңа құбылыс-тарда интеграциясын, тенденциялармен жетістіктерді саяси ғылымды дамытудың жаңа сапалы басқышына көтеру жүктелді. Жаңа бағыттың өзіндік манифесі болып Г.Алмонданың «Сравнительные политические системы» (1956 ж.) шыққан статьясы болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын-да салыстырмалы саясаттанудың методологиялық принциптерін жасауға арналған жұмыстар теориясы жарық көрді. Р.Чилкотаның «Теории сравни-тельной политики» (1981 ж.), Р.Мерританың «Системный подход и сравнительной политике» (1970 ж.) кітаптары болды.
Салыстырмалы саясаттанудың рөлі.Салыстырмалы саясаттанудың маңызды рөлін және оның маңыздығын түсіндірудің қажеттілігі зор. Салыстырмалы зерттеу әрқашанда тиімді және қажетті әдіс. Компаративті әдісті қолдану зерттеушінің ойлау қабілетін кеңейтеді, басқа елдер мен халықтардың тәжірибесін жемісті қолдануды, басқалардың қателіктерінен оқып үйренуде және оған талдау жасауға, мемлекеттік құрылысты дамытуға көмектеседі. Қазіргі саяси жүйенің теориясы мен практикасының функциясын салыстырмалы зерттеуді жүргізу арқылы мынандай негізгі міндеттерді шешуге болады. Біріншіден, олардың негізгі ерекшеліктерімен түрін, мәнін, әлеуметтік мазмұны мен мақсатын жақсы түсінуге. Екіншіден, қоғамдық теориямен практикалық прогрессивті дамуында олардың күшті және әлсіз жақтары, олардың плюсі мен минусын нақты анықтауда. Үшінші-ден, әртүрлі саяси жүйенің экономикалық, әлеуметтік-саяси және идеология-лық негіздерін, олардың ылғи да өзгеріп тұратын ішкі және сыртқы ортаға механизмінің бейімділігін терең түсініп оқуға. Қазіргі қазақстандық саясатта-нуға қоғаммен мемлекетті модернизациялау жағдайында творчестволық, елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып салыстырмалы әдісті қолдану айрықша маңызды болып табылады.