Екінші, саяси партияның ролін нығайту. Премьер-Министр парламент-тен көпшілік орын алған партияны ұсынады,үкіметтің қалыптасуы партия-ның ролін нығайтады,яғни парламенттен басым көпшілік орын алып отырған партияға үкіметтің қалыптасып одан ары жүргізетін іс-әрекетін қадағалау жауапкершілігі жүктеледі. Саяси мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі құрал болып табылатын фракцияның ролі жоғарылайды.
Үшінші. Жергілікті басқарудың дамуы.Маслихат келісімімен республи-калық деңгейде қала, астана, облыс Әкімдерін тағайындау ұсынылды. Маслихат Әкімге сенімсіздік білдіре алады.
Төртінші. Сот жүйесін жетілдіру.Тұтқындаудың жазалау шараларының соттық кіріспесін қарау туралы заң қабылданды.
Бесінші. Қазақстан халықтар Ассамблеясы мен ұлтаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету. Конституцияда Ассамблеяны құру туралы нормалар енгізілген, оны Президент іске асырады. Ассамблея конституция-лық статусы бар ұйым, ол елдің қоғамдық саяси өмірінде әр түрлі этникалық топтарды өкілдіктермен қамтамасыз етеді.
Алтыншы. Азаматтық қоғам институтын ары қарай дамыту.Азамат-тық қоғам институтын қолдау туралы жүйелік шаралар жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарының ролін көтеру нығайтылды.
Жетінші. Азаматардың еркіндігі мен құқықтарын қорғау жүйесін нығайту.Қазақстан өлім жазасын қолданбайтын мемлекет болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саяси бағыты, басқа да мемлекеттер сияқты, ұлттық мүддеге негізделген. Республика өзара пайдалы саяси, экономикалық, әлеуметтік проблемаларды бірігіп шешу мақсатымен посткеңестік елдермен интеграциялық процесстерді қолдайды. Бұл жерде стратегиялық бағытқа Ресей мен Орта-азиялық мемлекеттер мен өзара қарым-қатынас кіреді. Ең маңызы бар бағыт “АТР” – бұл Пекин-Сеул-Токио арқылы басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне шығу. “Азиялық” бағытта Туркия, Иран, Үндістан, Пакистан және басқа да Азия елдерімен екі жақты бірігіп әрекет жасау көзделген. Қазақстан ШОС шеңберінде тиімді тәжірибелік өзара әрекет етудің ілгері дамуын қолдауда. Бұл Ұйым көпполярлы әлемнің қалыптасуының ең басты элементтерінің бірі болуы мүмкін. Барлық ғаламдық өзекті мәселелердің жауапкершілік және бірізділік позициясы күн тәртібінде Қазақстанды әлемдегі сенімді серіктес ретінде қабылдауды қарастырды. Сонымен қатар елдің мақсаты барлық халықаралық қоғамдас-тық мүддесімен үйлеседі. Мұндай мүдде тепе-теңдігі, соңғы күрделі өзекті оқиғалар, яғни, фотальды қателіктер екі ұштылық және екі жақты стандарт-тар мен байланысты болып, қару таратылмау режимі мен ғаламдық қауіпсіз-дік дағдарысқа ұшырап отырған кезде, Қазақстанның ядролық амбициялар-дан тарихи бас тартуымен байланысты болып отыр.
“Европалық” және “Американдық” бағыт стратегиялық бағыт ретінде қарастырылады.ШОС-ғы Қазақстанның белсенді іс-әрекетін атап өту керек. Бұл Ұйымның жан-жақтылығы мен ұстанып отырған бағыты, белгілі бір елдерге қарсы емес, керісінше, нақты айқын қауіп-қатерлерге қарсы, ғалам-дық қауіпсіздік негізі мен принципіне толығымен сәйкес келеді.
Бұл жерде 2006 жылы қыркүйекте Семейде “Орталық Азияда, ядролық қарудан еркін аймақты құру келісіміне” қол қойылғандығы айқын көрсеткіш болды. Қазақстан дүниежүзіндегі ең бірінші ел болып ядролық полигонды жауып, жаппай қырып жою қаруының таратылмауы туралы бір ізділік позицияны ұстанып, осы құжатты дайындау және оның ойдағыдай табысты қол қойылуына белсенді түрде қатысты. Дәл осы ядролық қарусызданудан Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінен қауіпсіздік кепілдігін алу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан тәуелсіздігін әлемнің 120-дан аса мемлекеті мойындады. Шет елдерде 30 елшілік ашылды. Қазақстанда 40 шетел елшіліктері мен миссиялары жұмыс істейді. 800-ден астам мемлекет аралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалынды. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайында барлық елдермен достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған көпсалалы сыртқы саясат жүргізуде. Республика 54-халықаралық конвенцияға, келісімге, пактқа қосылып, әлемнің 72-халықаралық ұйымдарының толыққанды мүшесі болып саналады.