Ежелгі дүниедегі саяси идеялар


Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар –



бет23/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Саясаттану

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің, адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады, адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді, өз шешіміне барлық мемле-кет пен халықтың ұжымдық күш салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

  • Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалық артта қалу қиындық-тарын жеңу, халықаралық терроризммен күрес.

  • Қоғам мен жеке адамның өзара қарым-қатынасымен байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулық саласының маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани саласын қорғау.

  • Табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасымен байланысты: экология-лық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктік және дамографиялық.

15-тақырып. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі жағдайларға саяси талдау
Қазақстан егемендік алған сәттен бері қажетті экономикалық жағдай жасалғаннан бастап, елде саяси модернизация процесі жүріп жатыр. ҚР-ның президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы 16 мамырда, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде жүріп өткен жолдардың 3 этапын көрсетті.
Бірінші кезең (1991-1995) дезинтеграциялық процестердің басымдылығы Қазақстан мемлекеттілігінің негізі қалануы, бір партиялықтың үстемдігінен саяси плюрализмге өтуі және демократиялық дамудың негізі қалыптасуымен сипатталады. Бұл кезеңнен алынған тәжірибе ол күшті және тұрақты эконо-микасыз саяси даму жайлап күйзеліске ұшырап, мемлекетті дестабилизация-ға алып келуі мүмкін. Сондықтан негізгі принціп «алдымен экономика, ал содан кейін саясат».
Екінші кезең 1995-2000 жж. бұл кезеңде басты міндет 1995 жылы қабыл-данған Конституция негізінде, казір кезеңдегі демократиялық институттар мен жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуын нығайту. Осы жылдары Қазақстан жаңа ұлттық заңнаманың көмегімен азаматтарына еркіндік пен құқықтық кепілдік беретін, шынайы демократиялық институттар өмір сүретін елге айналды. Бұл посткеңестік селсоқтықты жеңіп шығу жағдайымен азияның қаржылық дағдарыс салдарынан көрініс тапты. Қол жеткізген табыстар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік экономикалық стратегияның дамуын жүзеге асыру мен байланысты болды. Президенттік республика моделін таңдап алу нәтижесінде, еліміз посткеңестік экономикалық және саяси хаостан шықты. Экономика көтеріліп, жаңа инфраструктуралар құры-лып, ауылшаруашылығы дамып, «орта тап» пайда болды. Сонымен бірге мемлекет халықаралық позицияда тұрақтылықпен қамтамасыз етілді. Осы жетістіктер Қазақстанның ары қарай демократиялық дамуын жалғастыруға септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет