Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси өміріне қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, көзқарас-тар, сезімдер, ағымдар жиынтығы.
Саяси жүйенің функциясы:
қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау
қабылданған бағдарламамен мақсаттарды жүзеге асыруда қоғам қызметін ұйымдастыру
материалдық және рухани құндылықтарды бөлу
мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру
қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау
саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету
қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру
саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын бақылау.
6-тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам Мемлекет – бұл саяси тұтастығы белгілі құрылымы бар, саяси билікті ұйымдастырушы және белгілі – бір территорияда әлеуметтік процесстерді басқарады.
Мемлекеттің пайда болуының концепциялары:
патриархалдық – (негізін салушы ағылшын саяси ойшылы Роберт Филмер XVIII ғ.)
Мемлекеттік биліктің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпаның үлкен қауымдастыққа, мемлекетке дейінгі опекундық, әкеліп билік ретінде пайым-дайды.
теократиялық – мемлекеттің шығуын құдай болжамымен ұштас-тырады.
Қоғамдық келісім теориясы – (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж. Руссо дамытты) – мемлекетті қоғамдық өмірді ұйымдастыру және ондағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында басқарушы мен бағынушының арасында жасалған келісім нәтижесі ретінде қарастырады.
мәжбүрлеу теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович) – мемлекеттің пайда болуын тікелей саяси әрекеттің – ішкі немесе сыртқы күштеу, басып алудың нәтижесі деп түсіндіреді.