5 - тақырып. Қоғамның саяси жүйесі
Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл күрделі, әртүрлі саяси институттар құрылымдарының жиынтығы, әлеуметтік-саяси қауымдастықтар, өзара қатынастарымен қимылдарының формалары арқылы саяси билік жүзеге асады.
Саяси жүйенің құрылымы (жүйешелері):
институциональдық жүйеше
нормативтік жүйеше
функциональдық жүйеше
коммуникативтік жүйеше
мәдени жүйеше
идеологиялық
Қоғамның саяси жүйесінің институциональдық жүйешесі – бұл институттар жиынтығы (мекемелер, ұйымдар) саяси биліктің қызметімен байланысты. Оған кіретіндер:
мемлекет (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары)
саяси инфрақұрылым (саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдармен қозғалыстар, лоббистік топтар)
бұқаралық информациялық құралдар (көгілдір экран, радио, баспасөз)
діни мекемелер
Қоғамның саяси жүйесінің нормативтік жүйешесі – бұл қоғамның саяси өмірін анықтайтын және реттейтін саяси нормалар, адамгершілік принциптер және дәстүрлер. Бұған жататындар:
заңдылық нормалар (конституция, заңдар, нормативтік актілер)
қоғамдық ұйымдар қызметінің нормалары
жазылмаған салт және дәстүрлер
этикалық - моральдық принциптер және нормалар
Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим) жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің бағыттары және формаларының көрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі өзара қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы, сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |