4– тақырып. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік «Билік» ұғымына анықтама беруде әртүрлі тәсілдер: • диалектикалық-материалистік: билік - бұл біреулердің екіншілерге жүргізуі, орталықтандырылған күшке бағыну
• инструменталистік: билік - бұл белгілі бір құралдарды пайдалану мұмкіндігі, мысалы күштеу, саяси күштердің шешімдері және т.б.
• структуралистік: билік – бұл бағынушы мен билеушінің арасындағы қарым қатынастың ерекше түрі.
• конфликтілік: билік – бұл шиеленіс жағдайында игіліктерді дұрыс бөлуді реттейтін шешім қабылдау мүмкіндігі
Билік жалпы алғанда – бұл біреулердің екіншілердің іс-әрекетіне үстемдік ету немесе құқығын жүргізу мүмкіндігі, қабылеті. Биліктің түрлері – мемлекеттік және саяси.
Саяси билік – бұл бедел, құқық, күштеудің көмегімен адамдардың тәртібіне, қызметіне қандайда бір ықпал етуі, өзінің еркін жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттің егемендігі жүргізілетін белгілі бір территориядағы арнайы мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылатын билік.
Биліктің белгілері: • билік еркінің үстемдігі
• ерекше басқару аппаратының болуы
• қоғам өмірін реттеу монополиясы
• тәуелсіздігі
• мәжбүрлеу құқығының болуы
• легитимдігі.
Саяси биліктің құрылымы: • биліктің субъектісі
• биліктің объектісі
• биліктің көздері
• билік ресурстары
• билік функциялары.
Билік субъектілері (билік өкілеттілігін атқарушылар): • мемлекет және оның институттары
• саяси элита және лидерлер
• саяси партиялар.
Билік объектілері (биліктің ықпалы бағытталғандар): • тұлға
• әлеуметтік топ
• таптар
• қоғам.
Биліктің көздері: • күш
• байлық
• жағдай, қоғамдағы орны
• ұйым
• білім және ақпарат.
Билік ресурстары– субъект мақсаттарына сәйкес, билік объектісіне ықпалын қамтамасыз етуге пайдаланатын құралдардың жиынтығы.