Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар
Ежелгі Қытай философиялық дәстүрі бойынша адам үш түрлі космостық энергияның жиынтығы болып табылады:
1.цзин
2. ци
3. шэнь
Цзин-тіршіліктің, жаратылыстың туылу, пайда болу қуаты. Оны әдетте тірі тіршіліктің, организмнің «тамыры», «ұрығы» деп атайды. Бұл психофизиологиялық қуат екі түрге жіктеледі:
- «Алдынғы Аспан ұрығы» - адамға туа біткен гендік программа, денелік – тәндік ерекшеліктер;
- «Кейінгі Аспан ұрығы» - адамның өмір бойғы әрекеттерінің сипаты. Сонымен қатар цзин сексуалды энергияны да білдіреді.
Ци – дүние тіршіліктің құрылыс материалы қызметін атқаратын материалдық –рухани энергия. Ци энергиясы былай жіктеледі:
- заттық ци арқасында заттар мен тірі организмдер материалды формаға ие болады.
- рухани ци – адам мен тірі тіршілікті
Шэнь – адам тұлғасының негізін құрайтын және өлімнен соң жойылмайтын адам бойындағы сарқылмас рухани энергия.
Достарыңызбен бөлісу: |