Б. з. б. I мыңжылдыктың бірінші жартысында кітаптар жазылған. Олар ені 1 см, ал ұзындығы 20-дан 40 сантиметрге дейінгі ағаш тақтайшаға жазылды.
Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасында жібек матаға жаза бастады.
Б. з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды. Сөйтіп әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.
Қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты. Бір жылда 365,25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспанның қартасын жасады. Онда Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыз көрсетілді.