Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ҚАРУЛЫ КӨТЕРІЛІСТЕР; НАРАЗЫЛЫҚТАР



бет115/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ҚАРУЛЫ КӨТЕРІЛІСТЕР; НАРАЗЫЛЫҚТАР:
1929-1931 жылдары өлкеде қарулы қарсылықтар болды. 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде, Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі Батпаққарада қозғалыстар болған. 1930 жылы ақпанда Сырдария округіндегі Созақта, Ақтөбе округіндегі Ырғызда, 1930 жылы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта қозғалыстар басталған. Қозғалыстардың негізгі себебі – күштеп ұжымдастыруға, ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.
Семей округі халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарын ірі толқулар қамтыды. “Бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланған Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті. Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған 8-дивизия басып тастады.
Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. 1931 жылғы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері түгел қырылды. Республика аумағынан шетке қашу жиіледі. Түрікменстан, Қарақалпақ, Иран, Ауғанстанға – Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы көшіп кетті. Қытай жеріне – Алматы округінің Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетуге мәжбүр болды. Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болған.
1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылданды. Мал шаруашылығы аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Саяси жағынан сəтсіздікке ұшыраған басшылық (Голощекин, Исаев, Құрамысов, Ерназаров, Голюдов) халық алдында жауапқа тартылмады. “Жасанды ұжымшарлар” таратылды. Астықты аудандарда коммуналар орнына артельдер ұйымдастырылды. Күштеп қоғамдастырылған мал-мүліктер халыққа қайтарылды. Отырықшы аудандарға техникалық және қаржылай көмек көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет