Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет118/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕПРЕССИЯ: Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс «рұқсат» деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37–38 адамнан, ал наурызда 53–54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы «жау» элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заңбұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.
Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мәліметтеріне негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең таралды.
Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері, балалары жазықсыз азап шекті.
«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдары жұмысының көлемін ұлғайтты. БК(б)П ОК-нің саяси бюросының бастамасымен республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті.
Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет