Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет113/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ОТЫРЫҚШЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫ: Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды.
БҰЛ САЯСАТҚА НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ: Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет