13. Қазақстан және халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрес мәселелерін шешіңіз. Заңда:Бүгінгі күні терроризм мен экстремизм қылмыстармен күресудің құқықтық негіздері Ата заңда, 1997 жылдың 16 шілдесіндегі, 2014 жылдың 3 шілдесіндегі шыққан Қылмыстық кодекстердің баптарында, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы», 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулыда айқындалған.
Қазақстанда жалпы 2011-2012 жылы дамыды. Негізгі даму ортасы:интернет
2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануына байланысты мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға, діни әдебиеттерді еркін сатуға және оны елге бақылаусыз әкелуге тыйым салды және діни ұйымдарды тіркеуге қатаң талаптар қойды. Республикада діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы
2013–2017 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарлама жасалынды, ол лаңкестікке қарсы күресті белсенді түрде насихаттады, азаматтық қо ғамды осы құбылысқа қарсы іс-қимылға қатысуға, лаңкестікпен күрес саласында жұмыс істейтін үкі- меттік емес ұйымдарды қолдауға шақырды .
2014 жылы Қазақстан үкіметі Экстремизмге қарсы іс- қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның ережелерін енгізу үшін лаңкестікке қарсы заңнамаға түзетулер енгізді. Заңнама бюрократиялық кедергілерді алып тастады және экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимылға қатысатын мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын жоғарылатты. Ол үкіметке кез-келген байланыс желісін және лаңкестікті насихаттаумен айналысатын ұйымдарды жабуға мүмкін- дік берді. Қазақстанның Шекара қызметі лаңкестікке бақылау тізімінде тұрған адамдарды бақылау үшін «Бірыңғай ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын» қолданады.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап лаңкестік пен заңсыз діни әрекеттері үшін жазаны едәуір күшейтетін жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Қазақстандағы бұл қадам лаңкестік пен діни экстремизмнің ел аумағында кең етек алуына біршама тосқауыл болды. Соңғы жылдары лаңкестік әрекеттердің алдын алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
Орталық Азия мемлекеттеріне БҰҰ-ның жаһандық антитеррорлық стратегиясын іске асыру үшін аймақтық іс-қимыл жоспарын құруға көмек көрсету туралы бастама ұсынылды. Бұл бастама Орталық Азия үкіметтеріне, сондай-ақ аймақта жұмыс істейтін аймақтық және халықаралық ұйымдарға БҰҰ- ның Жаһандық антитеррорлық стратегиясын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл тәжі- рибе алмасуға және Стратегияның әртүрлі тіректерін іске асырудағы қиындықтарды шешуге арналған үш сараптамалық кездесуді ұйымдастыру арқылы қол жеткізілді. Олар негізгі мүдделі тараптарды, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерін, тиісті ай- мақтық және субаймақтық ұйымдарды (ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және НАТО), БҰҰ жүйесін, көрші үкіметтердің өкілдерін біріктірді, азаматтық қоғам, сондай-ақ аймақтық және халықаралық са- рапшылар қатысты. Кездесулер лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша білім мен тәжірибе алмасуға, кемшіліктерді анықтауға, аймақтағы Стратегияны іске асыру үшін бастамаларға халықаралық қол- дауды ынталандыруға және жалпы көзқарастар бойынша консенсусқа келу мен үйлестірілген ынты- мақтастыққа жетуге бағытталған. Орталық Азияда тұрақты диалогты, үйлестіруді және ақпарат алма- суды қамтамасыз ету үшін аймақтағы лаңкестікке қарсы іс-қимыл жасаушыларының желісі құрылатын болды.