Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлін ашып көрсетіңіз



бет21/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151
20. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлін ашып көрсетіңіз.
Зерттеген: Гейнс, Лерх Сауран қаласын, Ақышев Жетісу, Бернштам Оңтүстік Қазақстан




Ортағасырлық авторлардың деректері мен археологиялық қазба жұмыстары Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың IX ғасыр мен XIII ғасырдың басында ерекше дамығандығын айғақтайды. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн қалалары ірі сауда орталықтары саналды. Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары қалыптасты. Бұл қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған. II — V ғасырларда Жібек жолы шығыста Хуанхэден басталып, Қашғария мен Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхара арқылы Сирияға өтті. VІ-ХІІІ ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өткен жол қызу тіршілікке толы болды. Жолдың мұндай сипаты бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, Жетісуда түркі қағандарының ордалары орналасты. Олар сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Екіншіден, VII ғасырда Ферғана арқылы өтетін жол өзара қақтығыстар салдарынан қауіпті еді. Үшіншіден, бай түркі ақсүйек қауымы теңіздің ар жағынан келген тауарларды көтерме бағамен сатып алып отырды.
Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Бұл тақырыпта келтірілген картада айқын көрінеді. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы буынға айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тарады. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит т.б. асыл тастар мен фарфор еді. Сауда дамыған сайын өнім өндіру тәсілдері артып, елдер ара- сында өтімді тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бұйымдар ағыла бастады. Мысалы, үйсін жері арқылы асыл тастар мен жібек, фарфор артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет