21. Қараханмемлекетінің территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы зерттеулер мен деректерге сипаттама жасаңыз. Зерттеген: Караев. История Караханидского государство\
Қарахан мемлекеті. Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды. Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге шігіл жəне ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма – кезек ауысып тұрған. Х ғ. ягманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, ХІ ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да тұрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Карахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955жж), қарлұқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатұқ Бограхан саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады. ХІІ ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады. Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі – хақанның қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші – уəзірі болды. Бұдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар жəне елшілер қызмет істеді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды əлеуметтік саяси институт əскери мұралық жүйе болды. Хандар елді өзіне жақын адамдармен жəне уəзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе əскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаған. Тұтас алғанда Қарахандар дəуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.