Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет29/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Аштарханилық топқа жататын Махмуд бен Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» атты ХVІ ғасырдың орта тұсында жазылған тарихи шығармасында Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға келуі жөнінде айтылады. Автор бұл мәліметті «Тарих-и Рашидиден» алса да, онда біз үшін аса маңызды және басқа ешбір деректе кездеспейтін мәліметтер ұшырасады.
Хиуадағы қоңыраттық әулет билігі тұсында дүниеге келген «Фирдаус әл-иқбал» атты тарихи шығармада бізге қажетті деректер өте аз болса да, кездесіп қалады. Ондай дерек мәліметтері біздің қарастырып отырған тақырыпты ашуымызға үлкен көмегін тигізеді.
Қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуде Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген түрік тілдес халықтар мен қазақ халқының ауыз әдебиеті материалдарының алатын орны ерекше. Түрік тілдес халықтардың бәріне ортақ туынды – «Едіге», «Қырымның қырық батыры» атты батырлық жырлар мен дастандардағы оқиғалар ХІV-ХV ғасырлар аралығын қамтиды. «Едіге» жырында ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басындағы Едіге мен Тоқтамыс хан арасындағы күрестер жақсы суреттеледі. Біз бұл жырдан Алтын Орданың ыдырауы процесі кезеңіндегі жағдайларды білуге мүмкіндіктер ала аламыз. Ал «Қырымның қырық батыры» атты жырлар топтамасында ХV ғасырдағы оқиғалар баян етіледі. Онда кездесетін басты кейіпкерлердің бәрі жазба деректерде айтылатын белгілі тарихи тұлғалар. Сондай-ақ Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы тайпалардың – «ноғайлы» деген атаумен кездесуі осы кезеңдердегі этножағдайдан хабардар етеді. Жалпы алғанда, бұл батырлық жырлар мен дастандар біздің тақырыбымыз үшін қосымша роль атқарады.
Ал Ақжол биді Қобыланды батырдың өлтіруі туралы тарихи аңыз әңгімеден ХV ғасырдың орта тұсында Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында болған этносаяси процестердің жағдайын, ең бастысы Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуінің ішкі себептерін көреміз. Егерде жазба дерек мәліметтері объектіні сырттан тануға мүмкіндіктер берсе, ауыз әдебиетінің деректері оны іштен тануға жол ашады. Деректердің екі түрін бір-бірімен толықтыруға, байланыстыра қарастырғанымызда біз зерттеп отырған тақырыбымызды толық аша аламыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет