Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың алатын орны мен маңызын атап көрсетіңіз



бет19/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
18. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың алатын орны мен маңызын атап көрсетіңіз.
Зерттеген: Талас Омарбеков «Қазақ түркілерінің шығу тегі»
ТАРИХНАМА: Қыпшақтардың арғы бабалары ретінде сір тайпасын мойындайтын зерттеушілер Кляшторный, Зуев және Оңдасынов. Қыпшақтар тарихы Б.Көмековтың және С.Ақынжановтың еңбектерінде жан-жақты зерттеледі.
“Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордобектің 846-847 жылы жазған “Жолдар мен провинциялар кітабында” қарлұқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты құлағаннан кейін, кимек, қыпшақ жəне куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде əскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер əулеті Оңтүстік жəне Батыс бағыттарында белсенді қимыл-əрекеттерге кірісіп, Орта Азия жəне Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. ХІ ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сырдарияның орта жəне төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. екінші ширегінде “Оғыздар даласы” (Мафазат əл-гуз) деген атаудың орнына “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.
Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы – VІІ ғ. екінші жартысынан VІІІ ғ. соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай жəне Ертістен Орал таулары жəне Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар жеріндегі кумандар жəне қимақ тайпалары кіреді. XI ғасырдан ХІІІ ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мəртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқұрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, шығыс Түркстаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер əсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет