Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет70/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151
1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты. 




  • Отаршылдыққа қарсы күресті Абылай ханның немерелерінің бірі – Кенесарының ағасы сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. 


1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтіртті.


  • Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен әкесі – Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау бойынан Қоқан шекарасына көшуінің басты себебі – патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. 1836 жылы Қасым сұлтан жəне балалары Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапты. 



  1. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс және оның тарихи маңызы. (1837-1847 жж.)

Тарихнамасы: Кенесары бастаған көтеріліс Ресейдің төңкеріске дейінгі тарихшыларының мұқият назарына іліккен болатын. XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғынан бастап бұл оқиғаның жекелеген мәселелерін сипаттаған М.И. Венюков, В. Потто, А.Г. Серебренников, барон Услар, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Ш.Ш. Уәлиханов, И.Ф. Бабков, И. Завалишин, Л. Мейер, М. Красовский, Н. Коншин, Н. Середа, А.К. Гейнс, А. Янушкевич сияқты буржуазиялық- либералды бағыттағы зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің қоғамдық-саяси көзқарастарына орайбұл мәселені әртүрлі деңгейде қарастырды. Орыстың дворяндық-буржуазиялық тарихнамасының монархиялық отарлаушылық бағытының кейбір өкілдерінің бұл көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» деп бағалауы және қазақ халқының азаттық үшін күресін теріс, субъективті түсіндіруінен туды.
Кенесары тарихын зерттеген көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Е. Бекмаханов, Б. Сүлейменов, Е.Дильмухамедов, Е. Ысмайылов қудалауға ұшырап, ғылыми шығармашылығына тыйым салынды. Осыдан соң қазақ хандары мен сұлтандарының қызметтеріне оң баға берілмей, олардың тарихын толыққанды танып білу мүмкін болмады. XIX ғасырдағы қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалық Ресей, кеңестік кезеңде де қолға алынып, тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты ондай-ақ аталмыш қозғалысқа қатысты құжаттар жинағын жинап бастыру ісі де ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1908-1915 жылдар аралығында Ташкентте Ресей әскери министрі A. Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г. Серебренников «Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края» деген атпен 14 томдық құжаттар жинағын бастырып шығарды. Осы көптомдықтың алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжат жарық көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет