КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
1837 – 1847 ЖЫЛДАР ҮШ ЖҮЗІ ТОЛЫҚ ҚАМТЫҒАН КӨТЕРІЛІС
Көтеріліс барысы:
1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, Кенесары (1802-1847 ж.ж өмір сүрді).
- Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
- Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды.
- Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды.
- 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты.
Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз.
1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды.
1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды.
1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық әскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы және бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды.
Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.
1844 жылғы шілденің 20-нан 21-не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Арыстан Жантөре тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды.
1845 жылғы сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша әкімшілігінің талаптарын жеткізді:
- Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. - Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді.
- Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |