Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52 % -ы, Қостанай уезінде – 54 % -ы, Ақмола уезінде - 73 % -ы тартып алынды



бет78/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52 % -ы, Қостанай уезінде – 54 % -ы, Ақмола уезінде - 73 % -ы тартып алынды

18. Патша үкіметінің 1886-1891 жылдардағы жаңа әкімшілік реформалары.
Еңбектер: Мәшімбаев М. С. «Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы» (2000)
Мәшімбаев Серік. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты Алматы: Санат, 1994. — 136 б.
Мұқатова О. Патшалық Ресейдің отарлау саясатының əлеуметтік-экономикалық салдары Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2014. — 88 б
Султангалиева Гульмира Салимжановна Волости и волостные управители ХIX – начало ХХвв.» Алматы, 2016. Отв. редактор Султангалиева Г.С., составители Султангалиева Г.С., Далаева Т.Т., Удербаева С.К., Маликов Б. Алматы: «Қазақ университеті», 2016.
Султангалиева Гульмира Салимжановна Институт волостных в системе управления Казахской степью (19 - начала 20 вв.). " Қазақ университеті " 2018 - г.
Қазақстанның 3 генерал-губернаторлыққа бөлінуі Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруаларды Қазақстанға көшіруге байланысты мәселелерді жедел әрі жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермеді.
Түркістан_генерал_–_губернатолығын_еске_түсір).___Ресей_императоры_ІІ_Александр'>(1867 – 1868 жылдары құрылған Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан генерал – губернатолығын еске түсір). 

  • Ресей императоры ІІ Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды. 

  • Ол 1867 жылғы «Уақытша ережеге» кейбір қосымшалар енгізді. Жаңа Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кірді. 

  • Түркістан генерал – губернатолығына 1897 жылы Жетісу облысы қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент  қаласы болды.


  • 1890 жылдың ақпан айында «Закаспий облысын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бұл әкімшілік бірлігінің құрамына негізінен түркімендер тұратын бес уезд КрасноводскАшхабадТеджентМерв және Маңғыстау уездері кірді. Маңғыстау уезінде Кіші жүз, соның ішінде адай руының қазақтары тұратын.


  • Үшінші құжат — «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже». Оған 1891 жылғы 25 наурызда қол қойылды. Ереже бойынша «Дала генерал-губернаторлығы» құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кірді. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды.

Осылайша, бұрынғы үш генерал-губернаторлықтың орнына енді 2 генерал-губернаторлыққа бірікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет