Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Маңғыстау уезі олардың ешқайсысының құрамына енгізілмеді



бет79/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Маңғыстау уезі олардың ешқайсысының құрамына енгізілмеді. 
Бұрынғы біртұтас Кіші жүз енді үшке бөлінді: 
Бір бөлігі Ішкі Ордaның, екінші бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкіметінін мұндай қадамға баруы Кіші жүз қазақтарының қайта-қайта көтеріліс жасай беруіне байланысты еді.

19. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. “Зар – заман” мектебі. Ақын ойшылдар: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.


Еңбектер:
Мәдібай Қ., Зар заман ағымы, А., 1997
Әуезов М., Әдебиет тарихы, А., 1991
Сүйіншәлиев Х., XҚX ғасыр әдебиеті, А., 1991
Омарұлы Б., Мұрат Мөңкеұлы, А., 1993
Мұқанов С., XVҚҚҚ – XҚX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер, А., 1942
14. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2000.
15. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. Астана. 2005.
Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов «Зар – заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы – қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.



1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , «Поэты Казахстана » жинағында – (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

Зар – заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбубәкір Кердері, Аубан Асан , т.б.


1)Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы (1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Шортанбай ақынның өмірбаяны туралы мәліметтер аз.
Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет