1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60 - жылдарына қарай бірте - бірте жарамсыз бола бастады.
Өлкенің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін және оны басқару туралы ереженің жобасын әзірлеу мақсатымен «Дала комиссиясы » құрылды. Оның құрамына тек орыстар кірді.
1867 жылы Александр ІІ «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге » қол қойды.
1868 жылы « Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереженің » жобасын да бекітті.
Әкімшілік реформалардың себептерін егжей - тегжейлі түсіндіретін мәлімдеме қаазақ тілдерінде жазылып, таратылды.
1867-1868 жылдардағы реформалар бүкіл Қазақстанды тұңғыш рет түгел қамтыды. Онда үш генерал - губернаторлық әкімшілік құрылды . Әрбір генерал - губернаторлық облыстарға бөлінді:
Орынбор генерал - губернаторлығы – Орал және Торғай облыстары Батыс Сібір генерал - губернаторлығы – Ақмола және Семей облыстары.
Түркістан генерал - губернаторлығы – Жетісу жөне Сырдария облыстарын қамтыды. Соңғы екі облыстың құрамына қазақ жерінің едәуір үлкен бөлігі, сондай ақ қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді.
Әкімшілік бөлініс былай болды: әр облыс - уездерден, әр уезд - болыс тардан, әр болыс - ауылдардан тұрды. Ішкі Орда (бұрынғы Бөкей хандығы) Астрахан губерниясының құрамына қосылды.
Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысын да жергілікті ақсүйектерден іріктеліп алынатын болыстар мен ауыл старшындары тұрды.
Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақы тағайындалды. Патша үкіметінің мұндай қадам жасауының себебі – қазақ даласында сұлтандар тобына деген сый құрмет әлі де болса едәуір дәрежеде сақталған еді. Олар үкіметке қарсы халық толқуын ұйымдастыруы мүмкін деп сескенді.
Сайлау жүйесі: ауыл старшындары мен болыстар - ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда дауыс берудің нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. (Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын).