Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет10/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ҚЫТАЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ: Қытай және ежелгі қаңлылар. Қытай деректерінде қытайдың қаңлыларға саясаты айқын көрініс тапты. Қытай авторлары көбінесе бұл халықты жаратпайтыныдығы туралы ашық мәлімдеп отырады. Қаңлы Қытайдан өте қашық орналасқан. Сол себепті олар үшін басты сұрақ қарым-қатынас орнату қажет пе жоқ па деген болды. Қытайлықтар қаңлының Қытайға тәуелді болғанын қалады. Өйткені сол кездегі ғұндар Қаңлылардың қытайлықтарды көзге ілмейтіндігін көрсе Қытаймен санасуды қояр еді. Мұны қытай билеушілері ескерген болатын. Бұл тұстағы кангюйдің шығыс саясатында оңтүстіктегі сауда жолына ықпалды сақтап қалуға ұмтылу жалпы ұстаным болып табылады. Сондықтан да үйсіндермен жиі соғыстар және хунндар мен қытайлар арасындағы күрделі әскери дипломатиялық қыр көрсетулер орын алды деп жазады С.Г.Кляшторный.
9. Батыс түркі қағанатының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
Зерттеген: Талас Омарбеков «Қазақ түркілерінің шығу тегі»
ТАРИХНАМА: Н.Ф.Катанов, Аристов,
Истеми қайтыс болған соң түріктер ираннан жеңіліп, біраз жерлерін Византияға қайтарып беруге мәжбүр болады. Солтүстік Қытаймен жағдай шиеленіске түсіп, жағдайлары әлсірейді. Түрік қағанаты саяси күйзелістің нәтижесінде шығыс және батыс болып екіге бөлінеді. Батыс Түркі қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704).
Батыс түрік қағанатының еліміздің тарихында алатын орны ерекше болды. Ол қазіргі Балқаштан, бұрынға Көкшетеңізден оңтүстікке қарайғы оңтүстік Қазақстан аймағын тұтас қамтыды. Ол құрылмас бұрын бұл территория бұрынғы сақтар мен үйсіндер мекендеген Іле өзенінен және Жоңғария аймағынан батысқа қарайғы гүлденген Жетісу аймағы Қаратауға дейін созылған оңтүстік осы Батыс түрік қағанатының территориясы болды.
Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты əлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нəтижесінде түргештер күшейіп VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет