Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қарлұқ қағанаттарының территориясы, этникалық құрамы және саяси тарихын жазба деректер мәліметтері негізінде сипаттаңыз



бет12/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

11. Қарлұқ қағанаттарының территориясы, этникалық құрамы және саяси тарихын жазба деректер мәліметтері негізінде сипаттаңыз.


Зерттеген: Сафаров, Социально-политическая история карлуков VII-XIII вв.
ТАРИХНАМА: Орыстардың В.Бартольд, Грумм Гржимайло, Н.Аристов қарлұқ этнонимі туралы айтады.

​Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй əулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ тайпаларының əуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.


Тарихи-географиялық деректер қарлұқтар мен оғыздар Тараз-Испиджаб- Фараб аралығын бірлесіп мекендеген деп шамалауға мүмкіндік береді. Таразға жақын жерде, Макдисидің айтуынша, жікілдер мекендеген, мұнда олардың осы аттас қаласы болған. Махмұд Қашғариға жікіл-түріктердің үш тобы мәлім болды. Бұлардың біреуі Таразға жақын жердегі —Жікіл қаласын, ал басқа екеуі — Барсханнан әрі Құясты және Қашғариядағы Жікіл қонысын мекендеген.
Қарлұқтар Тараздың шығыс жағында да мекендеді. Мұңда олардың қарауында Құлан, Мерке қалалары болды. Меркенің шығыс жағында Орду деген «шағындау бір қаланың» болғаны айтылады, онда түрікмен патшасы турады, ол Испиджаб билеушісіне үнемі сый-сияпат жіберіп тұрады» делінген.
Ордудың қарлұқтар орналасқан негізгі аумақта қоныстануы оның билеушісі қарлұқ болған деп топшылауға мүмкіндік береді. «Худуд әл-аламның» мәліметтеріне қарағанда, Суяб ауданында түхси тайпалары мекендеген. Тұхсилердің үлкен бір тобы X ғасырға дейін қарлұқтардан солтүстікке таман қоныстанған. X ғасырдың орта шенінде олар оңтүстікке қарай едәуір жылжып, қарлұқтармен бірге Тянь-Шаньның батыс сілемдерін бойлай орналасады. Испиджаб, Тараз және Баласағұн қалалары өңірінде түргештердің арғу тайпасы тұрды. Шу аңғарында қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұнқаласы болған.
Әл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы көрсетілген. Қарлұқ этнонимін әл-Идрисижазудың белгілі екі түрінде — арабша және парсыша: харлух және халлух деп береді. Хақан басқаратын қарлұқтар мекендейтін негізгі аудандар төртінші және бесінші климаттардың тоғызыншы бөлігіне орналастырған. Әл-Идрисидің картасына қарағанда, қарлұқтар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-түрік (Түрік көлі немесе Самджан көлі) деген үлкен қол орналасқан. Әл-Идриси еңбегінің мәтінінде бұл қол туралы ешқандай мәлімет жоқ, ол мүлдем ауызға алынбайды. Түрік көлінің оңтүстік жағында, қарлұқтар мекендеген аймақта Жоғарғы Барсхан қаласы көрсетілген, көптеген деректемелер бойынша қазір ол Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына сеніммен орналастырылуда, мұның өзі Түрік көлін Ыстықкөл деп санауға берік негіз береді. Сол арқылы, К. Миллер ұсынғандай, Гаган көлін Ыстьқкөл деп есептеуге болмай- ды, оның үстіне, «Нұзхат әл-мүштақғың» мәтіні және картаның деректері бойынша, қарастырылып отырған кезде Гаган көлінің төңірегінде қимақтар қоныстанған. Ал Ыстықкөл мен оның солтүстік-шығыс жағында жікіл тайпалары мекендеген. «Ыстықкөлдің бүкіл төңірегін жікілдер алып жатыр», — деп көрсетеді Гардизи.
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш тайпа – бұлақ, шігіл жəне ташлық кірген. Əмудəриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет