Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ТҰТҚЫНДАРҒА ЖАСАЛҒАН ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚОРЛЫҚ



бет121/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ТҰТҚЫНДАРҒА ЖАСАЛҒАН ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚОРЛЫҚ
Тұтқынға түскен Қызыл әс­кер жауынгерлері мен ко­ман­дирлерінің тағдыры әрқилы бол­ды. Немістің әскери қызмет­кер­лері ызаланған кезде немесе жай көңіл көтеру үшін болмаса жинақ­тау бекетіне апаруға ерінгендіктен ғана әрбір тұтқынды ешбір заңды жауапкершіліксіз ата салуы мүмкін болған. Соғыстың алғашқы күндері ғана емес, кейіннен де тұтқынға тү­сіп қалған жауынгерлерді негіз­сіз, себепсіз өлтіру жағдайлары көп болған. Тұтқында озбырлық, зор­лық пен қорлық, тіпті хайуан­дық жиі кездескен. Мысалы, 1942 жылы қырым трагедиясының бір куә­гері мынадай суреттеме берген: «Тұт­қындар өткен жердің үсті тол­ған қан, өлген және өлтірілген мәйіт­терге толы болған».
Әскери тұтқындар терең тыл­ға платформасы ашық те­мір­жол вагондарымен және жа­бық тауар вагондарымен тасы­мал­данған. Оларды малға ұқсатып, 40-50 адам сыятын бір вагонға 80-100 адамнан кіргізген. Ол вагон­дарда не жатын орын (төсек), не пеш, не су құйылған ыдыстар, не қол жуғыш, тіпті дәретханалар да бол­маған. Жол бойы адамдарға та­мақты өте сирек берген, 3-5 тәу­лік бойы аш болған. Жазда тұт­қын­дар ыстық пен оттегінің жетіс­пеу­шілігінен қысылса, қыста суық­тан тоңып, қатып жатқан. Стан­ция­ларға барып жеткен эшелон­дар­да ондаған, тіпті жүздеген мәйіт­тер болған. Поляк тарих­шы­сы Ш.Датнердің пікірінше, «та­сы­малдау кезіндегі шығынның» 200-250 мыңы кеңестік әскери тұт­қын­дары құраған.
Жүздеген шақырымды жаяу жүріп, аш-жалаңаш болса да, тірі қалған тұтқындар әскери тұрақ­ты лагерьлерге барып, тағы да сынаққа түсті. Олардың өмірі кө­­бінесе күзетшілердің іс-әрекет­тері­не байланысты болды. Ал кон­центрациялық лагерьлерде күзетті СС әскері жүргізді. Көптеген жағ­дай­да әскери тұтқындардың ара­сын­да болып жатқан жағдайды ұғып-түсініп жатпай-ақ, автоматты қару­дан оқ атқан, топтасқан адам­дардың арасына гранат лақтырған, кейде тіпті көңіл көтеру үшін олар­ды негізсіз өлтірген. Соғыстың соңғы кезеңінде де Германияның түпкі аймақтарына эвакуациялау кезінде көптеген әскери тұтқындар неміс жауынгерлерінің жауыз­ды­ғынан қаза тапқан. Әскери тұт­қын­­дарға арналған неміс лагерь­ле­рін­де 1941 жылдың соңы мен 1942 жыл­дың басында орын алған аш­тық­тан адамдар шөп, құрғақ жа­пы­рақ, ағаштардың қабығын, өл­ген жануарлардың етін жеп, түр­лі қор­лықтарға көнген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет