Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет122/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫ: Фашистер Кеңес Одағы ха­лықтары арасында орыс емес ұлттардың соғыс тұтқын­д­а­ры­­на сүйене отырып, этникалық араз­дықты қоздыруға тырысты. 1941 жылдың күз айының басында не­­міс лагерьлерінде кеңес әскери тұт­­қындарына арналған комис­сия­­лар құрылып, Қызыл Армия­ның «түркі-мұсылман» әскери тұт­­қындарының тізімі жасалды. Түр­­кістан легионын құру туралы бұй­­рық 1941 жылы 17 желтоқсанда шы­ғарылды, легион құрамына түрік­мендер, өзбектер, қазақтар, қыр­ғыздар, қарақалпақтар қабыл­данды. 20 желтоқсанда А.Гитлер неміс армиясында бұрынғы КСРО азаматтарынан славян емес ұлт­тар­дың қарулы құрамаларын құру­ға рұқсат берді. 1942 жылдың ба­сын­­да ең алғашқы Түркістан ба­тальондары құрылып үлгерді.
Ең алдымен оларға Кеңес Ода­­ғының саны аз халықта­ры­ның – Орта Азия, Кавказ ұлтта­ры­ның, сондай-ақ Поволжье, Урал және Крымды мекендейтін, ислам ді­ніндегі халық өкілдері кірді. Не­міс-фашист қолбасшыларының пи­ғылы ұлты орыс емес әскери тұт­қындарға сүйеніп, Кеңес Одағы ха­лықтарының арасына іріткі салу еді. Адам төзгісіз жағдайларға тап бол­ған лагерьлердегі тұтқындарға ле­гиондарға қатысу туралы ұсы­ныс жасалды. Қатысқандарға ыс­тық тағам беріліп, жылы киім үлес­­тірілетіні, қорлықтан құтқа­ры­латыны және т.б. мүмкін­шілік­тер жасалатыны ескертілді. Тұт­қын­дардың бір бөлігі бұл уәдеге сен­се, қалған бөлігі сенбесе де ла­герьде қиналып өліп кеткенше, тірі қалудың амалы үшін легионға қа­тысуға келісім берді.
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ТАҒДЫРЛАРЫ: Кеңестік және ресейлік әскери тарихшы Г.Кривошеев ІІХК мәліметтеріне сүйене отырып, тұт­қыннан оралған 1 836 562 жауын­гер­дің 233 400-і жаумен ынты­мақ­тастық жасады деген айыппен сот­талғанын және Гулаг жүйесінде жазасын өтегенін айтады. Сайып келгенде, тұтқындар со­ғыстан кейін өзін күтпе­ген, сенбеген Отанына оралды. Олар­ды тексеріп, лагерьлерде ұс­тап, тексергеннен және адалды­ғы­на көз жеткізгеннен кейін еркін­дік­ке жіберді. Енді біреулер Ота­нында күтіп тұрған ащы тағдырды сезіп, жат елде қалып қойды. Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мем­лекеттің, екі диктатордың ара­сында қалып қойды десек те болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет