Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлт саясатындағы озбырлықтар және Қазақстанға өзге ұлт өкілдерін еріксіз қоныс аудару



бет123/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

20. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлт саясатындағы озбырлықтар және Қазақстанға өзге ұлт өкілдерін еріксіз қоныс аудару.
Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. 
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: 

  • этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);

  • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);

  • саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. 

Ұлы Отан соғысы жылдарының алды-артында қоныс жаңалаған ұлттар көп болды. Негізінде бұл қоныс жаңалау емес, керісінше, зорлықты күшпен жер аудару болатын.  ХХ ғасырдың 30 жылдары мен 50 жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аудару орын алды.
Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар халық шаруашылығының әр саласында ауыр да, өте қиын жұмыстарды атқарып, еңбек етті. Әртүрлі ұлт өкілдері: корей, неміс, шешен, ингуш, түрік, қалмақ, қарашай халықтарының көпшілігі т.б., ауыл шаруашылығының әртүрлі саласында, өнеркәсіп орындарында, құрылыста, мәдени-ағарту мекемелерінде еңбек етіп, алдыңғы қатардан табылды. Олардың арасынан шыққан танымал өнер қайраткерлері, ғылымға үлесін қосқан көрнекті ғалымдар, жазушылар, республиканың озат педагогтары, мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес.
КСРО-ның шешімі бойынша қазақ жеріне тұрғылықты тұрғын ретінде арнайы арнайы көшірілгендер келген болатын. 1943 жылы күзде қарашайлар 11711 отбасы, оларда 45529 адам. 1944 жылы көктемде шешендер мен ингуштар 89901 отбасы 405192 адам, балқарлар 4660 отбасы 21150 адам, қалмақтар 648 отбасы 2336 адам, Қырымнан келгендер 1268 отбасы 4376 адам. 1944 жылдың күзі 1944 жылы Грузин ССРынан 6296 отбасы 28073 адам, барлығы 114484 отбасы 506656 адам. Артынан қосымша эшелондар мен қамаудан шығарылғандардың барлығы 23997 адам келді. 7976 сәби дүниеге келді.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 1941 жылдың тамызында «Еділ бойында тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлық жария етілді. Еділ бойы немістерінің алғашқы коммунасы 1918 жылы құрылды, 1924 жылы Еділ бойы немістерінің Автономды ССР-і болып қайта құрылды. Ол 1941 жылы таратылды. 1944 жылдың мамырында Мемлекеттік қорғаныс комитеті тұрғындардың бір бөлігі фашист басқыншыларымен ынтымақтас болды деген тәрізді желеумен Қырым татарларын көшіру туралы қаулы қабылдады. 1943-1944 жылдары Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері: қалмақтар, балкарлықтар, шешендер, ингуштер, қарашайлар, түрік-месхеттер жер аударылды.


21. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениет, ғылым және ондағы келеңсіз жағдайлар. Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Қ. Сәтпаев, Б.Сүлейменов, т.б. тағдырын талқылап, оған өзіндік баға беріңіз.
Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді.
1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді.
Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
1. Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. 60 – мыңнан астам мамандар даярланды. Мектептерге мол қаржы бөлді. Егер 1946 жылы – 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы – 146,5 млн сом бөлінді. Интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей міндетті он жылдық білім алуға көшті. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылды. 1950 жылы - 9088 мектепте 1 млн 143 мың оқушы оқыды. Соған қарамай кемшіліктер болды. Олар: оқу бөлмелері, оқулықтар жетіспеді.
2. Әдебиет жаңа шығармалармен толықты. «Абай мектебі».
Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.
2. Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы. 
Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше
оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. Тұңғыш
президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.) 1950 жылдың соңында Қазақ 
КСР ҒА жүйесінде 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, 19 институт, 13 сектор, 
2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база жұмыс істеді. 500 – 
ге жуық аспирант оқыды.
3. Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы. 
Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда ( Сталиндік кезең, партия комитетінің қатаң қадағалауы) дамыды.
1946 жылы 14 тамыз БК(б)П Орталық Комитеттің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша «басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқанын бастады.
1947 жылы наурыз – Қазақстан Компартиясы ОК-нің «тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы» қаулысы қабылданды.
1947 жылы 21 қаңтар – «Қазақ КСР Ғылым академиялық тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі, әсіресе XIX ғасырдың рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Осы кезеңде Мәскеу мен Ленинградта «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» деген науқан жүріп жатқанда. Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалды.
5. Е.Бекмаханов – дарынды тарихшы ( 1915 – 1966ж.)
- 1943 жылы шыққан Қазақ КСР тарихы еңбегінің авторларының бірі. Бұл еңбекті
жазуға соғыс жылдары Алматыға көшіп келген А.М.Панкратова, Б.Д.Греков,
И.М.Дружинин қатысқан болатын.
- 1946 жылы Е.Бекмаханов КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация
қорғады. 
- 1947 жылы – «XIX ғ. 20 – 40 жылдардағы Қазақстан» деген атпен оның еңбегі
жеке монография етіп шығарды. 
Бұл еңбек туралы пікірлер айтыла бастады. Кітаптың 14 – тарауында жазылған 
К.Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс сыналып, авторға «буржуазиялық
– ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси айып тағылды. 
1950 жылы 26 желтоқсан – «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін
маркстік – лениндік тұрғыдан баяндайық» атты мақала жарияланды. Бұл 
Е.Бекмахановты ресми саяси айыптау еді.
1951 жылы 10 сәуір «Бекмахановтың буржуазияшыл – ұлтшылдық көзқарасын
айыптау туралы» қаулы жарияланды. Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан 
шығарылды.
1951 – 1952 ж. – Жамбыл облысының Шу ауданындағы орта мектепке жұмысқа 
ауыстырылды. 
1952 жылы 4 желтоқсан - Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот алқасы үкімімен 25 
жылға бас бостандығынан айырды.
1954 жылы ақпан – академик, қоғам қайраткері А.М.Панкратованың тікелей 
көмегі нәтижесінде іс қайта қаралып, ақталып шықты.
1954 – 1966 ж. – Е.Бекмаханов ғылыми – педагогикалық жұмыстармен 
шұғылданды.
6. «Космополит»
Қазақстанда бір ғана «Бекмаханов ісі» емес биология, медицина, экология 
саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып, олар
республикалық ғылыми – зерттеу мекемелерінен және оқу орындарынан 
қуылды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры 
Төлеген Тәжібаев. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет